Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 841 қаралым

Мамандығым мақтанышым!

0

Шакебай Гүлнұр,
Психолог, «Балауса» ясли-балабақшасы, Көкбай ауылы, Абай ауданы, ШҚО


 

Эссе

Эпиграф
«Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ол жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолындаʺ.
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған мақсат «Қазақстан — 2050» бағдарламасында білікті, білімді және еңбекке бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау» деген екен. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым – психолог деген кім?
Психолог- өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсініуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші.
Психология әлемі, психолог мамандығы мені несімен қызықтырады? Психолог ол дәрігер емес, ол жанның емшісі дегендей, менде адам жанының емшісі дегендей, менде адам жанының емшісі болғым келді. Қазіргі қоғамда ата-анасыз қалған балаларға жүрегімдегі жылу мен махаббатты сыйлағым келетін. Әрине ата-анасының махаббатымен салыстыруға келмейтінін білемін, бірақ та осы бір жан жылыуына зәру қара көзді қазақ балаларға жылы мейірім сыйлағым келеді. Сол арманмен жүріп психолог мамандығын таңдадым.
Психолог – өз өмірін тәжірбие ретінде қолданбайтын, әр нәрсеге обьективті түрде қарай алатын адам. Психолог- өзгелермен бірге қуана да, қайғыра да алатын терең эмоционалды, жоғарыда айтқандай бірақ өзі бұдан зардап шекпейтін жан. Бала өскен сайын іс-әрекеттің түрлерін меңгере бастайды. Бірақ іс-әрекеттің түрлерін дамуға ықпал етеді. Әр жас кезеңінде жүзеге асатын, баланың психикалық қасиеттері мен тұлғасының қалыптасуындағы басты өзгерістер жетекші іс-әрекетпен байланысты болады.
Л.С. Выготскийдің шәкірті мен ізбасары А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің үш белгісін бөліп көрсеткен. Біріншіден, жетекші іс-әрекет нысанында іс-әрекеттің элементтері пайда болады. Екіншіден, бұл іс-әрекетте жекелеген психикалық қасиеттер қалыптасып, қайта құрылады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, тұлғаның осы уақытта байқалатын өзгерістері соған байланысты болады. Дәл сол ойында мектепке дейінгі жастағы бала өзі солардың өзара қатынастарын ойын жағдайында қайталайтын ересек адамдардың мінез-құлқын нормаларын меңгереді.
Бала көп уақыт бөлетін кез келген іс-әрекет жетекші іс-әрекет бола алмайды. Әйтсе де, әрбір іс-әрекеттің психикалық дамуға өз үлесін қосатындығы сөзсіз. Баланың өмір сүру шарттары әрбір жас кезеңінде ол іс-әрекеттің белгілі бір түрінде неғұрлым қарқындырақ дамуға мүмкіндік алатындай болып құрылған: нәрестелік кезеңде – анасымен тікелей эмоцио-налдық қарым-қатынаста, ерте балалық шақта – заттарды қолдана отырып, мектепке дейінгі балалық шақта — құрбы-құрдастарымен ойнай отырып, бастауыш мектеп жасында – оқу іс-әрекетінде, жасөспірімдік шақта — құрбы-құрдастарымен жеке сырластық қарым-қатынаста, жоғары мектеп жасында дайындық үстінде. Мен жұмыс барысында көптеген көркем әдебиетен оқып танысып, халқымыздың ұлағатты тәлім-тәрбиесі негізінде қазіргі замандағы психологтар қоғамға қажет екендігінде көз жеткіздім.
Шығыстың аристотелі атанған ұлы біздің бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрсеткен.
Біздің мемлекетімізде бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті қажет етеді. Себебі ұстаз саналы тәрбие мен сапалы білім, дұрыс бағыт бағдар беріп отырса, әрбір шәкірттің жан-дүниесіне жол тауып өмірде өз орнын тапса бұл ұстазбен ата-ананың жемісі.
Қазіргі білім беру мекемелерінде психологиялық жұмыс, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыс жүргізіп. Әр түрлі қоғамдағы теріс діни ағымдар секталар, бахавизм, солофизм, шетелдік арзанқол музыкасы, шетелдік кино фильмдер көгілдір экранында көрсетіліп жастарымыздың сана-сезімі улап жатқаны жасырын емес. Қазақтың белгілі қоғам қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтатын болсақ ел боламын десең, бесігіңді түзе деп, бекер айтпаған. Өйткені балалар біздің тәуелсіз Қазақстаның болашағы.
Менің жұмысымның өзекті мәселесі – жасөспірімдер арасындағы «суицид» ауруымен күресіп, өсіп келе жатқан ұрпаққа неліктен осындай өз-өзіне қол жұмсап жарық дүниемен қош айтысып кетеді. Олардың ішкі жан-дүниесіндегі күйзеліс қай жақтан туындайды. Бұл немен байланысты деген сұрақ туындайды. Бұның себеп-салдары неден екенін білу үшін мәселелерге зерттеп, бұқаралық ақпарат көздеріндегі мәліметтерге қарайтын болсақ. Қазіргі жасөспірімдер қайғысына ортақтасып, қуанышына бөлісетін ешкім жоқ. Кейбіреуі шынында да көмекке мұқтаж. Қандай болған өзінде де психолог мамандарына көмекке жүгінеді. Себебі психологтың жұмысы себебін анықтау, табу, ақыл кеңес беру, тіл табысып жұмыс жүргізуі қажет.
Қазақ халқымыздан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзін ұмытпауымыз керек. Себебі, ата-ананың бәрі бірдей ұстаз емес, бәрі бірдей психолог емес. Сонымен бірге толық емес отбасылар, қараусыз балалар, ата-ана мейіріміне зәру балалар қоғамда көбейіп отыр. Психолог маманы ерекше сезімтал мықты шыдамды болу, қабілеті арқылы шәкірт сырын бойлай алады. Жантанушы маман ретінде толық адамға айналған тұлғаға жол көрсетер жан болғаныма қуанамын.
Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болайық балаларға жылы шырай танытып қолдауымыз керек. Олай болса, Елбасымыздың мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін жігерім мен білімімді сала бермекпін.

Leave A Reply