Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Мақала жариялау шарттары

Құрметті автор!

1. БАҚ «Қызықты психология» мерзімдік басылымы (АRTPSY.KZ) әрі қарай «БАҚ» БАҚ-та жарияланым жасаушы тұлғаға (әрі қарай «Жариялаушы») БАҚ тақырыптық бағытына сәйкес мәтіндік және аудиобейне материалдарын (әрі қарай «Материалдар») БАҚ-тың http://www.artpsy.kz электрондық және/немесе басқа да ақпараттық беттерінде орналастыруға мүмкіндік береді.

2. БАҚ Қазақстан Республикасының құқықтық аумағында орналасқан.

3. Жарияланған материалдың авторы Құқық иесі болып табылады.

4. Жариялаушы Құқық иесі екенін немесе Құқық иесінің атынан және соның нұсқауымен әрекет ететінін хабарлайды.

5. Жариялаушы жарияланушы Материалдар БАҚ-тың тақырыптық бағытына сәйкес келетіндігін, және ҚР-ның заңнамаларын, адамгершілік нормаларын және үшінші жақтың авторлық құқықтарын бұзбайтындығына кепілдік береді.

6. Жариялаушы БАҚ-та жариялау үшін Материалдарды TXT, DOC, PDF, PPT, XLS, ZIP форматтарда ұсынады. Материалдарды Жариялаушының өзі немесе редакцияның және БАҚ-тың техникалық тобының көмегімен салады.

7. БАҚ кез-келген уақытта себебін түсіндірместен, БАҚ-тың электрондық беттерінен немесе басқа да ақпараттық өнімдерінен Жариялаушының Материалын жариялаудан бас тартуға немесе жарияланымды тоқтатып және алып тастау құқығына ие.

8. Жарияланған Материалға қатысты үшінші тарап тұлғаларынан арыз немесе шағым туындаған жағдайда БАҚ Қазақстан Республикасының Заңдарына сүйеніп әрекет етеді.

9. Барлық арыздар мен шағымдарға БАҚ арыз немесе шағым түскен күннен бастап, бір айдың ішінде (30 күнтізбелік күн) жауап береді және тиісті шараларды қолданады.

10. Жариялаушының Материалдары БАҚ-тың электрондық беттерінде тегін жарияланады.

11. Құқық иесі (Жариялаушы) БАҚ-қа төмендегілерге рұқсат береді:

Ұсынылған Материалдарды тарату аумағына шектеу қоймай, жалпыға жариялауға;

Жарияланған материалдардан туындаған материалдардың барлығын Құқық иесінің
авторлық құқығын (жеке-дара авторлық құқығын) сақтай отырып, өңдеуге;

«Қызықты психология» БАҚ-тың беттеріндегі (ARTPSY.KZ) Материалдарды зерттеуге, пікір айтуға және басымдылық белгілерін (рейтинг) беруге.

12. БАҚ пікірі Материалдағы Құқық иесінің пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.

13. Құқық иесінің Материалды жарияланымға беруі Құқық иесінің аталмыш Ереженің мазмұнымен келісетіндігін білдіреді.

14. БАҚ Құқық иесінің өтініші бойынша жарияланым туралы сертификат беруді өз міндетіне алады. Құқық иесіне сертификатты толтыру мен жіберу шығындары Құқық иесі тарапынан төленеді.

15. Материал жарияланғаны туралы Куәлікті алған соң Құқық иесі (Жариялаушы) Материалды өз бетінше жою және жөндеу құқығынан айырылады.

16. Құқық иесі (Жариялаушы) аталмыш Ережемен келіспеген жағдайда, Құқық иесінің (Жариялаушының) тарапынан кері қайтарылып және «Қызықты психология» БАҚ беттерінен (ARTPSY.KZ) тиісті талаптан соң алынып тасталады. Материалды қайтарып алу бойынша талапты орындау мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

17. «Қызықты психология» (ARTPSY.KZ) БАҚ құрылтайшысы Жариялаушыларға өзгерістер жөнінде «Қызықты психология» (ARTPSY.KZ) БАҚ тиісті беттерінде жариялау арқылы, аталмыш Ережені біржақты өзгерту құқығына ие.

Осы (әрекет етуші) Шарттар мына мекен-жайда орналастырылған: http://artpsy.kz/makala-zhariyalau-sharttary/

Аталмыш Шарттың енгізілген күні мен уақыты: 01 ақпан 2015 ж. Астана уақыты бойынша сағ. 00.00