Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

758 қаралым

Колледжде білімгерлердің оқу мотивациясын көтеруге психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің сипаты

0

Абишева Бакыткул Адиловна,

Психология негіздері және коммуникативті дағдылар пәнінің оқытушысы, Түркістан медицина колледжі

Өмірде барлық адамдар психологиялық қолдауды қажет етеді. Адамның психологиялық құрылымы өзінің күшті және әлсіз қырлары бар бірегей нәрсе. Адам өзінің әлсіз қырларын қиын, күрделі жағдайға тап болғанда байқайды. Күрделі жағдайлар әркімде әрқалай, адам уақыт өте келе психологиялық мәселені шешуді ұйғармаса, ол кезеңімен қайталанып отыруы мүмкін. Осындай мәселені шешу үшін, адам әрекет ете бастайды: психология мен психотерапия бойынша кітаптар оқиды, өзімен жұмыс жасайды немесе психотерапевттің көмегіне жүгінеді. Кез-келген тұлғааралық қарым-қатынас психологиялық әсер етумен ерекшеленеді. Бұл әуесқойлық, күнделікті немесе психологиялық заңдылықтарға сүйенген кәсіби әсер ету де болуы мүмкін. Табиғи және кәсіби әсер етудің арасында көбінесе нақты шекара көрсетілмейді, бір-бірімен байланыста жүзеге асады. Психологиялық әсер ету көп жағдайда психологиялық көмек көрсету, қолдау болып табылады. Біз өзіміз шеше алмайтын күрделі өмірлік мәселеге тап болғанда айналамыздан психологиялық көмек күтеміз. Психологиялық қолдау көрсетуді әркім өзі де жасауына болады, бірақ ол екі есе күшті қажет етеді. Біріншіден, әркім өзінің табиғатын нақты зерттеу қажет, ол үшін өзінің әрекетін қадағалап, өзінің өмірдегі жағдайларға реакциясын бақылап отыруы қажет. Екіншіден, өз бетінше оқыған психологиялық және психотерапевттік әдебиеттерден алған білімді, өмірде қолдана білуі керек.

Осы орайда, психологиялық көмектің әр алуан түрлері бар:

Жекелік психологиялық көмек: жеке әңгімелесу, кеңес беру, психотерапевтік сессия түрінде психолог немесе психотерапевт жүргізеді. Көп тараған түрі психологиялық кеңес беру. Жеке психологиялық кеңес берудің әр түрлі мақсаттары болады: а) психодиагностикалық зерттеудің нәтижесімен таныстыру; ә) іс-әрекеттің белгілі бір түрі, мәселен, оқу іс-әрекеті туралы хабардар ету; б) коррекция, мәселен, өзіне деген қарым-қатынасты өзгерту немесе қабілетін дамыту.

Толығырақ…

Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналының 2017 ж. №3 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем түрлері бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

 

Leave A Reply