Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 516 қаралым

«Кәсібім – нәсібім» педагогтарға арналған кәсіби жанудың алдын алу тренингі

0

Кәсіби жану және оны жеңу жолдарына арналған тренинг бағдарламасы


Кәсіби жану – ол созылмалы стрестен пайда болатын және адаммен жұмыс жасайтын маманның тұлғалық және эмоциялық-күш-қуатының сарқылуы.

Кәсіби жану синдромы – адамдармен жұмыс жасайтын педагог, әлеуметтік қызметкер, психолог, дәрігер, менеджер, журналист, іскер және саясаткер  адамдар көп шалдығатын аса қауіпті кәсіби күйреу.

Кәсіби жану іште жиналған жағымсыз эмоциялар сыртқа уақтылы шықпағанда пайда болады. Ол адамның эмоциялық-күш-қуаттық қорларын тоздырады: пессимизм, апатия, депрессия, өмірдің мән-мағынасынан айрылуы; өзін кінәлі және тәуелді сезіну. “Жанашырлық танытудың қайтарымы – эмоциялық жану” деп Кристина Маслач текке айтпайды. Олай болса, оған шалдықпау жолдарын үйренейік!

Кәсіби жану синдромының алдын алу немесе салдарын жою үшін сіздерге ұсынылып отырған тренинг келесі мақсаттарды көздейді.

Тренинг мақсаты:

•      Педагогтардың кәсіби компетенттілігін арттыру және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға жағдай тудыру үшін кәсіби жанудың алдын алуы мен оны жеңуі бағытындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңарту.

•      Педагогтың қызмет бабындағы психологиялық денсаулығын сақтау.

Қатысушылар тренингтен не алады:

Кәсіби жану синдромының алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру барысында төмендегілерге қол жеткізу көзделеді:

•      Педагогтың эмоциялық беріктігін және кәсіби іс-әрекеттегі психологиялық жүктемелерге дайындығын арттыру;

•      Педагогтың созылмалы шаршаңқылығы синдромы мен кәсіби жануының алдын алу дағдыларын дамыту, өзіне сенімділігін нығайту, Мен-бейнесі құрылымындағы педагог бейнесін қалыптастыру;

•      Физикалық және психикалық денсаулығын сақтап қалу үшін педагог пен өз кәсіби іс-әрекетінен бас тартуға дайын тұлғалардың мазасыздану деңгейін төмендету;

•      Ұстаздық ету қызметінің сапасын арттыру;

•      Педагог мамандардың әлеуметтік-психологиялық кәсібилігін арттыру.

Қатысушылар санаты: мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, психологтар және т.б. білім беру саласындағы мамандар.

Тренингтің өткізілу уақыты: 2 күн. Барлығы 16 академиялық сағат.

Тренингтің өту күні: жоспар бойынша 27 — 29 қазан 2017 ж.

Тренингке қатысу бағасы: 18000 тг. (Басқа қалаларда өткізу бағасы басқаша болуы мүмкін)

Тренинг ақысының ішіне: қатысушыларға арналған таратпалар, посттренингтік сүйемелдеу кіреді.

Толық ақпарат: www.artpsy.kz

Тренингке жазылу үшін хабарласыңыз: +7 777 146 1414

 

Leave A Reply