Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 764 қаралым

Кәсіби бағдар тренингі

0
Фото: Д.Калиева

Фото: Д.Калиева

Калиева Дина Жақыпқызы,
Педагог-психолог, Өркен ЖОББМ балабақшасы, Өркен ауылы, Зеленов ауданы, Батыс Қазақстан облысы

(9-11 сыныптарға арналған)

Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.

ІІ. Негізгі бөлім
2. Тақырыпқа кіріспе.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

«Ми шабуылы» — ой қозғауы
Мамандық дегеніміз не?
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Мамандық қасиеттері» жаттығуы
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.

«Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.

«Әріпті мамандық» ойыны
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.
Мысалы:
І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б».
агроном күзетші журналист биолог

Педагог-психолог: Мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасын да ескерген абзал.
1. Тоқты белгісінде туылғандардың көбісі мектеп қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап емес.
2. Торпақтар нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр. Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші, ақын, театр өнерінің маманы, костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді. Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады. Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан олар ұжымда сенімге ие.
3. Егіздер белгісінде туылғандар ақшаға бір табан жақындау келеді. Сондықтан олардан жарнама бөлімінің, менеджмент бойынша мамандық иелері шығады. Кәсіпкерлік саласында егіздер жақсы жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл белгіде туылғандар құжаттармен жақсы жұмыс жасайды алады және баяндама жазудың, аударманың шебері. Шоу-бизнес пен кино өндірісі де Егіздер үшін қолайлы. Ол продюссер, кеңесші бола алады. Жұмыстан кешікпеуге тырысады. Егіздер бастық болуға ұмтылады. Алайда көбінесе орындаушы ретінде қалады.
4. Шаян белгісіндегі адамдардың көбісінің мамандығыны ата-анасы таңдайды. Олар нәзік, әрі жанашыр болғандықтан ана мен балаға қатысты мамандықтардың иелері болады. Психолог, тәрбиеші, акушер-дәрігер шаяндар өз мамандығының шебері. Бұл белгіде туылғандардың бойынша аздар әртістік қабілет болады. Сондықтан олар ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса алады. Тіпті өзінің жанына жақын емес мамандықты таңдаса да, оны осы қабілетімен игеріп кетуі де ғажап емес. Шаяндардан білікті азпаз, кафе, мейрамхана, барлардың үйлестірушілері де шығады. Қысқасы бұл белгідегі жандар көп саланы меңгере алады, тек жұмыс беруші лайықты ақшасын төлесе.
5. Арыстандар үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ. Олар болмашы нәтиже беретін жоспар, жобаларға уақыт кетірмейді. Үлкен істерге қол созады. Сондықтан арыстан белгісінде туылғандардың басым көбінен басшы, ірі компаниялардың жетекшілері шығады. Саясат, кәсіпкерлік, мәдениетке араласса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Арыстандарда ұйымдастырушылық қабілет өте жоғары болады. Таңдау жасауда бұл белгіде туылғандар көп қателеспейді. Жұмысбастылығы сонша кейде демалыс жайлы ұмытып та кетеді. Басшыларға бағынғысы келмейді. Сондықтан көп қысым жасала берсе, жұмыстан кетіп қалу олар үшін қиын емес. Арыстандар мемлекеттік қызметті жөн санайды. Аздап жалқаулығы болмаса, еңбекқор.
6. Бикештер мамандыққа мектеп қабырғасында жүргеннен аса мән береді. Олар үшін әрбір жұмыстың мәні жоғары. Аса жауаптылығы оның көптеген мүмкіндіктерге жолын ашады. Байсалды мінезі адамдарға қамқор болуға септігін тигізеді. Бикештерден мықты медицина мамандары шығады. Олар дәрігерлікті таңдаса үлкен жетістіктерге қол жетізе алады. Көптеген белгілі медбикелер осы белгіде туылған. Бикештер аса еңбекқор. Өзіне берілген жұмысты аса ұқыптылықпен және мерзімінде орындайды. Оларға ұжымда сеніммен қарайды. Сондай-ақ бизнесте, басшылық қызметте да бикештердің жолы болады. Олар тыныштықты қалайтындықтан, шағын ұжымда және нақты кестесі бар орында жұмыс істегені дұрыс. Оны сынай көрмеңіз, бәрібір өзінікін дәлделдеуге тырысады. Ал өздері біреуді қатты сынайды.
7. Таразы белгісінде туылғандар үшін мамандық таңдау аса қиын. Көп ойланады. Оларды асықтырмаған жөн, әйтпесе үлкен қателік жасауы мүмкін. Сондықтан шешімді өзіне қалдырған дұрыс. Іскерліке қарым-қатынаста таразылар өте әділ, аса маңызды мәселелердің түйінін тарқату олардың қолынан келеді. Олар саясатқа араласады. Бірақ көп жағдайда қателік жіберіп алады. Білімін жақсы жетілдіргенде ғана бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді. Таразылар құжаттарға мұқият емес. Сондықтан кәсіпкерлік ісімен, ақшаға қатысты жұмыспен айнылыспағаны жөн. Олар үлкен ұжымда да өздерін еркін сезінеді әрі өзгелер үшін ашық. Жұмыстағы талқылау, бағалау келгенде таразылар белсенділік танытады. Олар жұмыста қатал, өмірде жұмсақ адамдар.
8. Сарышаяндар белгісінде туылған жандар эмоцияға берілгіш, сонымен қатар өзінің мүмкіндігін көрсете алатын адамдар. Қысылтаяңда өз жолын тез табады. Олардан шахтер, репортер, хирург мамандықтары жақсы шығады. Іскерлік қарым-қатынаста өзін еркін сезінетін жандар. Адамдармен үнемі байланыста болатын мамандық иелері осы белгіде туылғандардан көп шығады. Сарышаяндар үнемі алға ұмтылып жүреді. Өзгелерге өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынады. Өзінің күшіне, білім мен біліктілігіне арқа сүйейді. Олар аса қиын келіссөздерді шешуге келгенде таптырмас адамдар. Кейде жұмыста жалқаулыққа бой алдырады.
9. Мергендер бала күніне карьерада биік белестерді бағындыруды армандайтындар. Көбінесе өз күшіне сенеді. Аса қиын мамандықтарға жаны құмар. Тіпті спортта да қауіпті түрін таңдайды. Мерген жұмысты беріліп атқарады және оны өзгелерден де талап етеді. Ол сөзсіз көшбасшылыққа ұмтылады. Басшылық тарапынан сыйластықпен қарауын немесе керісінше ашық қарсыласуға тәуекел етеді. Бұл белгіде туылғандардың саяхат жасағанды жақсы көреді. Олардан жақсы спортшылар, аң аулаушылар, репортерлер шығады. Ойынхана, мейрамхана, қонақ үйлердің жұмысын басқару, үйлестірудің шебері. Қоғамдық, саяси қайраткерлікке қызығады. Бастық болған жағдайда әділ болады. Жалғандықты жаны сүймейді. Мұнысы ұзақ уақыт қалыптылықты ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ артық әңгімені тыңдамайды және тез ұмытады.
10. Тауешкілер бірі бала кезінен мамандықты таңдайды, енді бірі ата-анасының таңдауына құлақ асады. Кеш шешімге келуі де мүмкін. Бұған қарап тауешкілер үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ екендігін аңғаруға болады. Олар кез-келген кәсіпті игеру кетеді. Еңбекқорлығының арқасында. Тіпті шаршағанын да аңғармай қалады. Іскерлік қарым-қатынаста және шағын ұжымда өзін еркін сезінеді. Тауешкілерден білікті тіс дәрігері, сәулетші, мұғалім, фармацевт, кітапхана қызметкерлері шығады. Көпшілік қашатын қазазбастылық оған ұнайды. Кез-келген мамандықта ол басшылыққа қол жеткізуді қалайды. Байсалды мінезіне орай, өзін ұжымда сыйлағанын жөн санайды.
11. Суқұйғыштар үшін кәсібилік аса маңызды. Сондықтан тек қана жетістікке жетуді көздейді. Жұмысты аса ұқыптылық, жауапкершілікпен орындайды. Жаңа ұжымда өзін еркін сезінбейтін секілді көрінеді.Оның орны әріптестері үшін тек өзге қызметке ауысқанда ғана білінеді. Суқұйығыштар өзін ойын өзгерте бермейді және өзін талқылауға жол бермейді. Педагогика, білім беру, әлеуметтану, психология саласында биік жетістіктерді бағындыра алады. Олардан мықты сәулетші, заңгер шығады. Бұл белгіде туылғандар аса іскер сондықтан сырт сөздерге аса мән бермейді. Өзіне бағаны аса жоғары қояды суқұйғыштар. Өйткені өзінің мүмкіндігін жақсы біледі. Ақшаны үнемдей алады.
12. Балықтар жылдамдықты қажет ететін мамандыққа аса құмар. Олар жетекшілік жұмыстарды жаны сүйеді. Мемлекеттік қызметтен гөрі, шығармашылық ортада жұмысты жасағанды қалайды. Олардан жақсы мұғалім, журналист, кино өнідірісіндегі мамандар шығады. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың да шебері. Көбінесе пайданы ойлай бермейді. Балықтар жазушы, суретші, әртіс бола алады. Әрине таланты болса. Ұжымда өзіне бағытталған теріс пікірлерді тез арада жоюға тырысады.
«Өз жұлдызыңды жақ» (Сынып бойынша презентация, жоба құрастырып, таңдаған мамандықтарының мақсатын, мазмұнын, қырлары мен өмірлік сырлары жөнінде айтып шығу).

Қорытынды: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Leave A Reply