Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 327 қаралым

«Күйзеліске жол жоқ» ұстаздарға арналған тренингі

0

Ұлжалғас Пралиева

Педагог-психолог, «№4 Абай ат. жалпы орта мектебі мектеп- гимназияcы» КММ, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, ОҚО


Мақсаты: Мұғалімдерге күйзеліске теориялық тұрғыда хабар беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту.

Ереже:

Тек өз атынан сөйлеу

Өзгенің сөзін бөлмеу

Ұялы телефонды сөндіру

Белсенді қатысу

Ойды ашық айту

Тыныштық сақтау

Көрнекіліктер:

1. Төс белгі.

2. Үлестірме

3. Смайл

Сәлемдесу: “Өз есімі + зат есім“ техникасы. Мұғалімдер өз есімдерін атап, өз есімдерінің бас әріпінен келетін әдемі гүл немесе қымбат иіссуді атап, тренингтің соңына дейін сол адамның есімі болып аталады.

Негізгі бөлім: Күйзеліс туралы әңгіме сұхбат жүргізу

1. Күйзеліс дегеніміз не?

2. Ол неден пайда болады?

3. Оның белгілері қандай?

4. Оның адам өміріне немесе денсаулығына зияны.

Күйзеліс

Күйзеліс нақты жағдайда басқаруға келмейтін қиын эмоциялық- физикалық қысым. Ғылыми тұрғыдан жеткізетін болсақ, ағзаның болған жағдайға физикалық, психикалық, эмоциялық және химиялық әсері.

Күйзелістің денсаулыққа зияны

Күйзеліс күйден арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену- жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді. Күйзелісті жағдайда бүйрек бездерді қанға қуатты гормондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап шалдығатын күйге түседі, неше түрлі ойлар мазалап ұйқысы қашады, ағзадағы дәрумендер жойылады, кейін орнын толтыру қиын болады. Осы қысымнан арылу үшін бұлшықеттерге дұрыс жаттығу жасайық.

Стрестен арылу тәсілдері

Релаксация /босаңсу/ — қатаю, релаксация – қатаю және осылайша қайталау.

Спорт сабақтары.

Контраст душы.

Кір жуу.

Ыдыс жуу.

Саусақпен сурет салу. Кляксалар.

Газетті мыжып лақтыру.

Сүйікті әніңді қатты дауыстап айту.

Бірде жәй бірде қатты айғайлау.

Музыкаға билеу, бірде жай, бірде қарқынды билеу.

Жанып тұрған балауызға қарау

Орманда, аулада немесе далада серуендеу және айғайлау.

Тісіңді ішкі жағыңан санау.

Мимикалық ситуация

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып үлестірмені таңдайды. Онда үш тақырып жазылған. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

Қорытынды: қатысушылардың бойындағы ұялу, өз бойындағы барды көрсете алмау қасиеттері табылады, кейбіреулері өздерін қолдай білуге, ортаға еркін кіруге қалыптасады.

Махаббат, қызығушылық, бұзықшылық.

Қырықаяқ жаттығуы.

Мақсаты: Педагогикалық ұжымның тығыз байланыстылығын арттыру, көңіл-күйін көтеру. Педагогтар поезд болып тұрып, бір-бірінің белдерінен ұстап қырықаяқ, құмырсқаны билейді. Бұйрық бойынша жасалады: бірге сол аяқты көтеру, оң аяқты көтеру, отыру, тұру, жүгіру сияқты қимылдарды орындайды.

Қорытынды.

Бойыңыздағы дерт сіздің ойыңыздың, мінезіңіздің сәулесі. Демек дерттің себебі, сіздің өз бойыңызда. Барлық дерт, барлық күйзеліс – түйсігіңіз бен тілегіңіздің үйлеспеуінің қорытындысы.

Leave A Reply