Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

63 701 қаралым

«Үй – Ағаш – Адам» проективті әдісі

0

Алимбек Айсұлу Айдосқызы,
Педагог-психолог, «Балалар шығармашылық орталығы» КМҚК, Шу қаласы, Жамбыл облысы


Мақсаты: тұлғаның эмоциялары мотивациялық сипаттары, кейбір аспектілері, жасырынып жатқан дүниесін ашуға мүмкіндік береді.

Нұсқау: Бір параққа үй, адам, ағаш бейнелерін салуды сұраймыз.
Талдау:
Егер бірінші ағаш салынса адамға өмірлік энергия маңызды.
Егер бірінші үй салынса, қауіпсіздік бірінші орында.
«Үй»
Ескі үй — өз — өзіне қарым-қатынасты білдіреді.
Алыс үй – қуылған сезімді (жойылған, ұмытылған )
Жақын салынған үй – ашықтық
Үй жоспары – ұрыс.
Әр түрлі құрылымдар – үй иесіне қарсы агрессия.
Дуалға аппараттық текпешек (есіксіз) – ұрыстық жағдай.
Артық дуал – өзін-өзі бақылауға талпыну.
Артық дуалдың қалың болуы – субъектің шындыққа қарым-қатынасын жоғалтуы.
Дуал оның негізінің жоқтығы – шындық пен әлсіз контакт.
«Есік»
Есіктің жоқтығы – субъект басқаның алдында өзін-өзі аша алмайды.
Есіктің артта немесе жанында болуы – бір нәрседен қашу.
Есіктің бірнеше болуы – субъектінің ашықтығы.
Егер есік кіші болса – адамның шешім қабылдай алмауы.
Есікте үлкен құлып болса – тұйық болуы.
«Терезе»
Терезе үйдің соңында салынса – тұлға аралық қарым-қатынастарға қарсылық.
Терезе ашық болса – адамның мінезі тіке.
Терезе жабық болса – уайымшыл адам.
«Шатыр»
Шатыр өте қалың болса – үрей.
Шатыр жұқа болса фантазияның жоғарлығы.
«Бөлме»
Параққа сыймай қалған бөлме – субъектінің белгілі бір нәрсені еске алғысы келмегендігі.
«Ванна»
Ванна – санитарлық функцияны атқарады.
«Мұржа»
Мұржаның жоқтығы – психологиялық жылулықтың жоқтығы.
Су құбыры – адамның уайымшылдығы.
Ағаш — әртүрлі адамдарды сипаттайды.
Егер ағаш өте үлкен болса – ата-анасына тәуелді.
Егер үйді қалын қоршаса адам өзінің сақтағамен айырылуынан қорқады.
Жол – адам басқалармен жақсы қарым-қатынасқа түседі.
Күн – авторитетті фигураның символы.
Ауа райы – субъектінің уайымын көрсетеді.
«Түс»
Адам соншалықты ұзақ уақыт түс таңдаса – тұлғаның бұзақылық белгісі.
Қара — өмірге оптимизіммен қарауға қорқу немесе жұмбақтылық.
Көк – тепе-теңдік ұстау.
Қызыл – барлық жерде активті болу.
Сары – адамның көңілін көтеру қабілетін ашу.
Ақ – өмірге белсенділікпен қарау немесе оптимизм белгісі.
«Жалпы түрі»
Суреттің бір шетіне орналасуы – қауіпсіздіктің сенімділік белгісі
Оң жақта – болашақ.
Сол жақта – өткен шақ
Сурет парақтың ортасына орналасуы – біреудің қорғауын қажет етпейді.
Төмен орналасуы – депрессиялық жағдайы.
«Контур»
Контур әрқашан болса – майда – шүйделі адам.

«Адам»
Басы интеллект сферасы – (бақылау).
Үлкен бас – адам өзін жоғары санауы.
Кіші бас – интеллектінің толымсыздығы.
Белгісіз бас – ұялшақтық.
Басы ең соңында салынса – конфликт.
Мойын – басқа бақылау жасау жасау.
Сызылмаған мойын – қауіпсіздік қажеттілігі және интеллектуалдық бақылау.
Өте үлкен мойын – дене импулсивтігін мойындау.
Ұзын арық мойын – тежеу, регрессия.
Толық кішкентай мойын — өзінің әлсіздігін мойындау.
Өте үлкен иық – үлкен күшті сезіну.
Кішкентай иық — өзінің керексіздігін сезіну.
Дене квадрат болса – ер мінездік
Ұзын әлсіз қол – тәуелділік
Қалтаға салынған қол — өзін —  өзі кінәлау .
Анық салынбаған қол — өзіне — өзі сенбеушілік.
Саусақтың жоқтығы – агрессия.
Үлкен саусақ – дөрекілік.
Алақанның жоқтығы – уайымшылдық.
Жұдырық түйілуі болса – қарсылық.
Ұзын аяқ – тәуелсіздіктің қажеттілігі.
Қысқы аяқ – физикалық, психикалық жетістіктерінің сезімі.
Аяғының арасы ашық болса – бағынбау.
Аяғының размері екі түрлі болса – тәуелсіздікке ұмтылу.
Аяқтың жоқтығы – тұйықтылық.
Ер адамның орнына робот салынса – сыртқы сезімін бақылаушы күш.
Жалмауыз салса — әйелдерді жек көрушілік.
Қуыршақ салса – тез көну.
Сайқымазақ салса – толықсыздық сезімі.
Бұлт – депрессия, қорқу.
Дарбаза салса – қорғаушы сезімі.
Салған суреті үшін кешірім сұраса — өзіне сенімсіздік.
Суреттеріне ат қойса – қолдау қажеттілігі.
Сурет алудан бас тартса — өз  проблемаларын жасыру.

«Тамыр»
Тамыр ағаштан кіші болса – жасырынған нәрсені білуге ұмтылу.
Тамыр ағашпен тең болса – проблемеларды елестетуші ең күшті қызығушылық.
Егер жапырақ шеңбер тәрізді болса – эмоциялы.
Бұтақтар төмен қараса – күш салудан бас тартады.
Бұтақтар жоғары қараса – биікке ұмтылу, басқару.
Бұтақтар жан — жаққа қараса – қоршаған ортаны сезіну, өзін — өзі тану.
Жапырақта тордың көбірек немесе азырақ болуы- алшақтау проблемалық ситуациялар.
Жапырақтың қалың болуы- проблемалық жағдайлардан шығу мүмкіндігі.
Бір сызық бойына салынған бұтақтар – қолайсыз жағдайлар.
Толық бұтақтар – шындықты дұрыс қабылдау.
Жұқа салынған жапырақтар – сезімталдық.
Жапырақтаң төбесін үшкір етіп салу – қауіптен қорғану.
Адамдарды көп қылып салу – балалық мінез.
Ағаштың бірнешн болуы – өздеріне жақын адамдар
Жер бір сызықпен белгіленсе – мақсатқа бағыттылық.
Жер бірнеше сызықпен белгіленсе – өз тәртібіне сәйкес жүру.

Leave A Reply