Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 693 қаралым

Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық ерекшеліктері

0

Сангулова Анар Еркінқызы,
Педагог-психолог, «Дзержинск орта мектебі» КММ, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тоқжайлау ауылы, Алакөл ауданы Алматы облысы

Қазіргі жас ұрпақтардың – болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. Бүгінгі күнде қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі- тәрбиесі қиын балалардың көбеюі. Сонымен, тәрбиесі қиын бала дегеніміз не? Оларды неге қиын деп атаймыз? Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар – бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар:
Біріншіден, отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс -талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т.б. жағдайлар себепті болады. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ -шарап ішу, дау -жанжал, ұрыс-керіс туғызу.
Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң -мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет -дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуіне себеп болады.
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт -бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу -тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою.
Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі- бақылау әдісі. Баланың іс- қимылын, сөзін әр түрлі іс-шаралардан байқау. Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі жан дүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
Қиын балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыстар жүргізілгені дұрыс:
Ашу-ызаны жеңуге болатын жағдайды үйрету.
Балаларды әр түрлі өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдісіне үйрету.
Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Психологиялық жағдай:
Балалардың жас кезінде тәрбиемен жете қамтылуы.
Балаға балдырған кезінде қатал болып, жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмауы.
Балаға жасынан толық еркіндік беру.
Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен технологиясы – алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің бірнеше түрі бар, олардың бірі- психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу – баланың сана сезімінде терең орын алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ», «менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір баланың бейім қабілетіне, мінез-құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көше жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, балаға кеңестер беріп, жүйелі жұмыс жүргізу.
Сондықтан барлық мектептердегі психолог мамандар оқушылардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты одақтастыруға жағдай жасау тиіс.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан мектебі» журналы. 2002 ж. №1.
2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары. 2007 ж. №5.
3. Жұмабаев М. Педагогика.

Leave A Reply