Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 349 қаралым

Есте сақтау, ойлау және елестету элементтерін дамыту

0

Альжанова Гулбану Нұржауқызы

Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектебінің ІІ санатты педагог-психологы, Арал ауданы Қызылорда облысы

Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер туралы түсініктер (қиял, ақыл, ойлау, ес, зейін, сана) беру, ой — өрісін кеңейту. Икемділік пен шеберлікті жетілдіру.

Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Ереже:

1. Балаларға пайдалы нәрселерді беру;

2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;

4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету.

5. Белсенділік таныту.

6. Көңілді болу.

1.   Танысу жаттығуы: Әркім өз есімдерінің алдына сын есім қойып айтады. Хоббиіңізді айту.

2. «Көңіл – күй суреті» жаттығуы

Талдау: Балалар көңіл – күйлерің қандай?

Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма?

Жарайсыңдар, ендеше ары қарай жалғастырамыз.

3. Сергіту. « Суретші»

Оқушылар бірінің артына бірі тұрып, арқаларына саусақпен суреттер салады. Әрқайсысы өздері сурет сала отырып, артындағы адамның қандай сурет салып жатқанын біліп, айтулары керек.

Сұрақ: Сурет салғанда қандай сезімде болдыңыз?

Қандай сурет салып жатқанын бірден байқай алдыңыз ба?

4. «Жылдам болсаң, тауып көр»

Нұсқау: Небәрі 1 минут қана көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салу керек. (күн, гүл, бала, қыз, қоян, кітап)

Қорытынды: «Гүлдер». (әуен ойнап тұрады)

Жайлап тұрамыз. 2 — 3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа, дарындылыққа, таланттылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (қолдарын жан-жаққа шайқайды).

Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады. (қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). «Мен бақытты боламын» дейді.

Leave A Reply