Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 146 қаралым

Достық қымбат өмірде

0

Ақбаева А.А.,
№1 мектеп-гимназия, Шалқар қаласы


Мақсаты: Достық сезімді бойларына сіңіріп, достық қарым-қатынастарын, бір-біріне деген сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Досқа деген адалдық сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Барысы:
«Шаттық шеңбері» тренингі.
-Балалар, дөңгелеyt тұрып, бір-біріңе қолдарыңды созып, шын жүректен мынандай сөздермен сәлемдесейік.
-Сәлеметсің бе, құрбым? Мен сенің досыңмын.
-Сәлеметсің бе, құрбым? Менің сенімен дос болғым келеді. т.б

Ой шақыру: «Достық дегеніміз не?»
Психолог сөзі:
Балалар, сендерге дос болу, дос таба білу, досқа көмектесу,досты кешіре білу деген ұғымдар таныс. Бүгінгі «Достық қымбат өмірде» атты тренингіміз адам өміріне сән беретін, оның бойындағы ғажайып сезім-достық туралы. Дос барлық уақытта да қажет, әсіресе жеткіншек шақта достың болуы өте маңызды.
Мәтінмен жұмыс.
Енді, балалар, біз достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіну мақсатында «Үш жолдас», «Менің атым қожа» әңгімелерінен көріністер көрсетіледі, мұқият тыңдап көрініс бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Үш адамның арасында шынайы достық болуы мүмкін бе?
Достықты бұзатын қандай қасиеттер?
Жаман досты қалай танып білуге болады?

Тыныштық сәті.
-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалпы қасиеттері туралы ойлаймыз. /2-3 секунд/
-Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

«Дос табу» ойыны
Мақсаты: Достық байланысын сезінуге және орнатуға үйрету.
Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың көзін байлап, бөлменің ішінде қозғалып, бір-бірін табу ұсынылады. Қолдың көмегімен шашты, киімді, қолдарын сипау арқылы білуге болады. Досы табылса, ойыншылар рөлдерімен алмасады.

«Менің достарым» ойыны
Мақсаты: баланың топ ішіндегі өзароа қатынасын анықтау.
Жүргізуші бір-бірінің суретін салуды ұсынады. Балалар өз достарын адам түрінде, сонымен қатар аңдар, құстар, гүлдер, ағаштар және т.б. түрінде салуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін, балалар суретті талқылайды және сұраққа жауап береді, мұнда не салынған?
Достық ережесі
Қорытынды да балалар «Достық ережесінің» кейбір ережелерін амал-тәсілдерін топтайды.
— Бір нәрсе жасай білсең, жолдасыңа көмектес және оған үйрет.
— Егер жолдасың қайғыға тап болса, оған қолыңнан келгенше көмектес.
— Досыңмен бөліс, ең жақсысын досыңа бер.
-Жолдасыңның сәттілігіне қуана біл.
«Достарым» әні

Leave A Reply