Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

924 қаралым

«Денедегі бөгде зат» әдістемесі

0

«Денедегі бөгде зат» әдістемесі 

Клиент:
Кеңес беруші: Тұрсынбай Ақмарал

Оқиға: Клиент өзін байлаған қорқыныштан арылғысы келетінін айтты.

Кеңес беруші: Саламатсың ба? Өзіңе ыңғайлы орынға отырсаң болады.
Бізде 20 мин уақыт бар, сен осы уақыт ішінде қандай жетістікке жеткің келеді? Психолог өзін таныстырды.
Клиент: Мен қорқыныштан арылғым келеді.
Кеңес беруші: Жұмысты бастасақ қалай қарайсың?
Клиент: Жарайды.
Кеңес беруші: Сенің бойыңдағы сол сезіміңнің суретін салып берші
Клиент: Жақсы.
Кеңес беруші: Бұл қандай сезім?
Клиент: Қорқыныш
Кеңес беруші: Бұл сезім сенде қай кезде пайда болды?
Клиент: Жақында жігітіммен ренжіскелі.
Кеңес беруші: Сол сезім пайда болғанда денеңде нені сезінесің?
Клиент: Қорқынышты
Кеңес беруші: Сол сезімнің рөлінде болып көрші?
Клиент: Рөлінде болдым, қорқынышты.
Кеңес беруші: Сенде не болып жатыр?
Клиент: Қорқып жатырмын.
Кеңес беруші: Неден қорқып отырсың?
Клиент: Алып қашып кете ме деген қорқыныш
Кеңес беруші: Сен өз қорқынышыңды бір затқа айналдыра аласың ба?
Клиент: Иә. Үлкен құбыжыққа айналдырдым.
Кеңес беруші: Ол құбыжық қайда тұр?
Клиент Дәл алдымда тұр.
Кеңес беруші: Сол құбыжықты бір затқа айналдыра аласың ба?
Клиент: Жарайды
Кеңес беруші: Иә, сенің қолыңнан келеді.
Клиент: Мен балшыққа айналдырдым.
Кеңес беруші: Балшықтың көлемі қандай?
Клиент: Орташа
Кеңес беруші: Сенің көз жұмып отыруыңа не себеп болды?
Клиент: Көзім ашық болса мен елестете алмаймын ғой.
Кеңес беруші: Қолыңдағы балшықты дөңгелетіп кішірейте аласың ба?
Клиент: Иә, жасап жатырмын
Кеңес беруші: Иісі бар ма?
Клиент: Жоқ
Кеңес беруші: Сол балшықтың салмағын, түсін өзгертіп, кішірейт. Түсі өзгерді ме?
Клиент: Иә
Кеңес беруші: Салмағын өзгерт.
Клиент: Өзгерттім.
Кеңес беруші: Енді қандай болды?
Клиент: Кішкентай дөңгелек болды.
Кеңес беруші: Осы дөңгелек балшықты жеңіл затқа айналдыра аласың ба?
Клиент: Жоқ, осы күйде лақтырып жіберем.
Кеңес беруші: Лақтырып жібердің, қандай сезімдесің?
Клиент: Қолыма лай жағылып қалып қойды.
Кеңес беруші: Енді не істейсің?
Клиент: Қолымды жуып тастадым.
Кеңес беруші: Қолыңды жуғаннан соң кандай сезімдесің?
Клиент: Қолымды жуғаннан соң жақсы сезімдемін.
Кеңес беруші: Енді не өзгерді?
Клиент: Қолым таза, көңілім көтерілді, және жақсарды.
Кеңес беруші: Енді көзіңді ашсаң болады.
Клиент: Мен жеңілдедім, қорқынышым жоқ болды.
Кеңес беруші: Осымен жұмысымызды аяқтасақ?
Клиент: Жарайды.
Кеңес беруші: Сенімен жұмыс жасағаныма қуаныштымын.
Клиент: Мен де қуаныштымын
Кеңес беруші: Сау болыңыз.
Клиент: Сау болыңыз

Сессияны талдау
Клиент: Мен өз қорқынышымды сейілттім. Көңіл-күйім жақсарды. Бұл қабылдаудан мен өз қорқынышымды алып тастай алдым.
Кеңес беруші: Клиент ашылды. Әдістемені дұрыс қолдана білдім, жұмыс сәтті аяқталды.

Тұрсынбай Ақмарал

Психолог
Шолаққорған ауылы, Созақ ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы

Жүктеп алу

Leave A Reply