Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 589 қаралым

Дене тәрбиесін жүйелі дамытуда дене шынықтырудың тәсілдерін пайдалану

0

Именалинова Клара Касымовна
«Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ
дене шынықтыру мұғалімі

Балалар денсаулығын қорғау – бұл мемлекеттің мәселесі. Өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесі – бұл жасөспірімде дене шынықтыру мен спорт білімін, біліктілігін және дағдысын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спорт сабақтарының жүйелілігіне үйрету, денсаулықтың, ақыл-ой мен физикалық жұмысқа қабілеттіліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен санитарлық-гигиеналық біліктілік пен әдеттерін баулу, дағдыландыру. Әрбір нақты бір мекеме түрінің дене шынықтыру сабақтарында түзете-орын толтыратын арнайы да, ортақ та міндеттері шешіледі.

Арнайы (түзету) білім беру мектебінде, мектеп-интернатта ақыл-ой кемістігінің әртүрлі ауыр дәрежесі бар балалар барлығы денешынықтыру сабағына қатысады, қала, республикалық спорттық іс-шараларға да қатысады. Ақыл-ойы кем көптеген балалар топтарының түрлі дене тәрбиесіне арналған мерекелік іс-шараларға қатыспауы моториканың бұзылысына және дене бітімдерінің дамымауына байланысты болады.
Дамуында кедергілері бар балаларға арналған арнайы түзету мекемелерінің балаларына дене тәрбиесімен айналысу арнайы бағдарламалармен енгізілген. Дене тәрбиесімен айналысу қазіргі таңда психомоторика мен сенсорлық үдерістердің, сауықтыру мен реабилитацияның, бейiмделу мен терапияның даму құралы ретінде қолданылады. Дене бітімінің дамуында психикалық ауытқулары бар балаларға, жан-жақты көмек көрсету үшін дене жаттығуларын кешенді түрде жасау көмектеседі.
Ақыл-ойы кемдік этиология, патогонез, психикалық және клиникалық белгілер бойынша, ауру кезеңінен, аурудың ағымына байланысты болады. Ақыл-ойы кем клиникалық градациясы бар балалардың дене бітіміндегі кемістігі мен психикалық даму ерекшелігінде кемістік бар балалардың моторикалары мен дене дамуларында түрлі кемшіліктер болады. Олигофрен балалардың қарапайым қозғалыс қызметтерінің қалыптаспауы ми қабаттарының зақымдануынан болады; моториканың күрделі бұзылуы қозғалу анализаторының зақымдануынан, сонымен бірге сөйлеу қызметінің зақымдануынан болады. Денешынықтыру бұл жерде емдік модуль ретінде қарастырылуы керек. Сараптама қорытындысы бойынша дамымау кемшіліктері және соматикалық бойынша, ақыл-ойы кем балалардың қозғалыс денсаулығы дайындықтары бойынша денешынықтыру топтарына бөлінеді: медициналық классификация бойынша олар үшеу: негізгі, дайындық және арнайы.
Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі бар балаларда әлеуметтік, эмоционалдық, жүрiс-тұрыстық бұзылыстар түрлі координациялық күрделі жаттығуларды орындағанда көрінеді. Он жеті жаста болса да, олардың орындаған жаттығуларының сапасы осы жастағы мектепте оқитын балаларға қарағанда өте төмен көрсеткішті көрсетеді. Бұған себеп көп. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – олигофрен балалардың кинестетикалық сезімдерінің дамуы төмен. Бір орыннан ұзындыққа секіргенде, көптеген жасөспірімдер секіруді жүгіріп келіп секірмейді; аяғын бүгіп арнайы «аттан» дұрыс секіргенде, «ешкіден» секіруі де дұрыс орындалмайды. Олигофрендердің дебилдік деңгей кезіндегі қозғалыстары нұсқаулықпен келіспейді, бірінші орынға уақытша қозғалыстың дифференциясы және кеңістіктегі қозғалыстары жатады. Арнайы түзету мектептерінде, арнайы мекемелерде түзету гимнастикалары пайдаланылады (ТГ). Сабақ өткізгенде түзету гимнастикасынын кемшілік жүйесін анықтап, соңынан кемшілігіне әсер ететін жаттығуды орындату қажет.

Leave A Reply