Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 737 қаралым

Дайындығың қалай бітіруші?

0

Шайлаева А., 
М.Горький атындағы орта мектебінің педагог- психологы, «Шың» шығармашылық тобының мүшесі, Луговой ауылы, Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы

Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, психологиялық дайындығын ұйымдастыру.

Жүргізілетін жұмыс мазмұны:
«Танысу» тренингі
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктеріне арналған тренинг
«Аялы алақан» тренинг
«Адам силуэті» тренингі
«Адамның өмірінде ең маңыздысы ол…» ойын
«Өз бақыттың өз қолыңда! Алақанды аш, жұмып ал да қаш» акциясы

Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі, соның ішінде «көргенділік» деп аталатын адамгершілік, тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан ұрпаққа осы ұстаздық – шәкірттік үрдісі арқылы беріліп, жалғасын табады.
Ұстаздық пен шәкірттік – адам баласы ара қатынастарының ең бір абзал әрі мағыналы, мәнді түрі.

«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыларға сөз анасы сәлем екенін айта отырып, әдепті, сыпайы адамдар арасындағы сәлем бермей өтуге ешқашан жол бермеу керектігін түсіндіру.
Жүргізілуі: Қатысушы жеке тұлғалар шеңбер бойына, тұрып берілген үш сұрақпен танысу жаттығуын жалғастырады.
Өзіңді таны (Әр адамның бірінші сыншысы — өзі). Яғни 1-ші шеңберде «Мен кіммін»деген сұраққа сол қанатындағы көршісінен жауап алады. Көршісі өзінің 12 мүшесінің, ішқұрылысымен айтып өтеді. Сол кезеңді бала айтылған мүшені есте сақтауы тиіс. Мысалы: сен менің жүрегімсің, бауырымсың, көк бауырымсың, басымсың дегендей және т.б. мүшелері аталады. 2- ші «Мен қандаймын?» деген сұраққа, сен адал доссың, сен көріктісің және т.б. 3- ші сұрақ Не істедім? Мен домбыра үйрендім, мен ғылыми жобаға қатыстым, жетістіктерін атап өтеді.
Мен кіммін? (Жеке тұлғаның орны)
Қандаймын? (жеке тұлғаның жеке басы қандай?)
Не істедім? (жеке тұлғаның жетістігі)

2. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктеріне арналған жаттығу
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Нұсқау: Доп беру арқылы ата-ана жауап береді.
Балаңыздың туған күні?
Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
Балаңыздың сүйікті асы не?
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді.
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
Балаңыздың еркелетіп қандай сөз айтасыз?
Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?
Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?
Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
ҰБТ дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?
Балаңыздың таңдаулы пәні не?
Балаңыз қандай мамандыққа бейім?
Сіздің балаңыз агрессивті ме?
Балаңызбен қарым-қатынасыңыз екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?
Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?
Балаңыз Сізбен сырласады ма?
Соңғы ҰБТ барысында балаңыз неше ұпай жинады?
«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

3. «Аялы алақан» жаттығуы
Мақсаты: Ата-ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.

10 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз.
(Ата-аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)

Балаңызды қалай таныдыңыз?
Балаңызды тани алмаймын -ау деген қорқыныш болды ма?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жаслған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.
(Қалай ойлайсыздар, бала неге өтінді?)
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.

4.«Адам силуэті» жаттығуы
Мақсаты: Адам бойындағы, жанды әсерлі ойының деңгейін анықтау.
Нұсқауы: Мұғалімдерге ақ парақ пен қарындаш таратылады. Өз сұлбаларын жыртып бейнелейді. Өз бойындағы стресті белгілейді. Скотчпен іледі.
Қорытынды: Адам бойындағы қиындығын белгілеген белгілерінен байқаймыз. Сол бойына жиналған стресті әр түрлі жаттығулармен шығарамыз.

5. «Адамның өмірінде ең маңыздысы ол…» ойын
Мақсаты: Адамның бойындағы қасиетті, адам өзі бағалай білу.
Нұсқау: Әр қатысушыға ақ парақ таратылады. Адам өзінің өміріне ең маңыздыларын орналастырып атап жазады. Мысалы: Денсаулық, жұмыс, мектеп, ақша, отбасы, ата-ана, сыйластық, байлық, және т.б.
Қорытынды: Ортаға екі, үш адам шығып өз өміріндегі маңызды орынды бағалай біле ме? Қорыта айтып кетеді.

«Өз бақытың, өз қолыңда! Алақанды аш, жұмып ал да қаш» Рефлексия.
Мақсаты: Бала дегеніміз – біздің болашағымыз.
Нұсқау: Балаларға ақ парақ немесе түрлі-түсті парақтар таратылады. Балалар өз алақандарын басып сызып, қайшымен ойып алады да, 125 ұпай саны бейнелейді.
Қорытынды: Балалардың асыл арманы орындалатындарына біз сенеміз!

Leave A Reply