Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

10 010 қаралым

Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз

0

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. «Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер»- демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.

Баланың бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. «Бала нені білсе ұядан – өле-өлгенше соны тамыр қылады»- деген нақыл сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Бұл орайда мектептің рөлі зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бірі-бірімен тығыз байланысты. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Елімізде жыл сайын жүргізілетін «зорлық-зомбылықтың алдын алу» акциясы бойынша Бестоғай негізгі мектебінде де психологиялық іс-шаралар өткізіліп отырады. Мұндағы мақсат: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Оқушыларға адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Оқушының ата-анасымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында:

1-4 сынып оқушыларымен «Менің отбасым» проективті әдістемесі;

5-6 сынып оқушыларымен «Отбасы жарастығы» эссе жазу тапсырмалары орындалды;

7-9 сынып оқушыларымен «Құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға» арналған тренинг жүргізілді.

Тренинг жүргізу барысында «Ассоциация» ойыны өткізіліп, зорлық-зомбылықтың түрлері және 7 сұрақтан тұратын зорлық, қысымшылық көрсету себептері және қысымшылық көрген адамға көмек көрсету жолдары талданып, оқушылар пікірлері тыңдалды. «Қазжүріс» жаттығуы өткізілді. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен күнделікті өмірде отбасында балалармен қарапайым мейірімге толы қарым-қатынас арқылы қалай жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатыны туралы пікірталас жүргізілді. 5-9 сынып ата-аналарымен ата-ананың баламен қарым-қатынасын нығайту мақсатында Семинар-тренинг жүргізілді. Тренинг барысында ата-аналарға ұлы адамдардың айтқан ұлағатты сөздері беріліп, талқыланды. Түрлі жағдаяттарды талдау арқылы бала мен ата-ана қарым-қатынасында кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңу амалдары ұсынылып жан-жақты пікір айтылды.

Мұғалімдерге «Ата-ана тәрбиесі» туралы ұсыныстар мен пікірлер туралы жадынама таратылды.
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан, баланың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс.

Сағынаева Р.Қ.,
жантанушы,
Бестоғай негізгі мектебі,
Ақмола облысы

Leave A Reply