Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 526 қаралым

Біз мейірімді баламыз

0

Альжанова Гулбану Нуржауқызы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы №13 мектеп педагог-психологы

Мақсаты:

— Мейірімділік сезіміне баулу.
— Біріне бірі жақсылық жасауға, көмек беруге үйрету.
— Мейірімділік сезімін жақсы тілекпен, жақсы сөзбен жеткізуді үйрету, дағдыландыру.
Әдіс-тәсілдері: Әңгіме айту, талдау, сұрақ-жауап ойыны.
Құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қағаз, ақ қағаз, үнтаспа, сөздер жазылған плакаттар.

Амандасу рәсімі.
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап «Мен қандаймын?» сұрағына өз атының бірінші әрпінен басталатын сөзді атымен қосып айтады.
Танысу жаттығуы
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Орындарын ауыстыру ойыны.
Қыс айында туылғандар
7-ге толған оқушылар
Ән айтқанды жақсы көретіндер
Әжесімен бірге тұратындар
Мектепке келерде жолдан өтетіндер
Қыркүйек айынан бастап сабақтан бірде-бір рет қалмаған оқушылар.
Көңіл-күйді көтеру
Үшке дейін санап, балалар көздерін жұмады. Көз алдымызға елестетейік. Жауып тұрған жаңбырдың тамшылары жәй тамшылар емес, алтын тамшылар. Әрбір алтын тамшы жерімізге, қаламызға мейірін төгіп, нұрын шашып тұр. Айналаға қарасақ, ағаштар жайқалып, көшелеріміз айнадай тазарып, гүл шоқтары жайнап тұр. Аспанда әдемі, түрлі-түсті кемпірқосақ көздің жауын алып тұр. Ол түсті естеріңде сақтап, көздеріңді ашыңдар. Қағаз бетіне сол түсті доғалдандырып түсіріңдер.

Сабақтың мазмұны
Бүгін біз мейірімділік жайында әңгімелесеміз.
А) Мейірімділік деген не?
Б) Неге мейірімді болу керек?
В) Қалай мейірімді болуға болады?
Күй сазымен мейірімділк туралы әңгіме тыңдау.
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасына «Мейірімділік деген не?»- деп сұрапты. «Сен әлі кішкентайсың». Өскеннен кейін түсінесің- деді анасы. Бірақ балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келеді. Сөйтіп ол жолға шықты. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді. Ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды.
«Менде уақыт жоқ,- деді балапан. Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек,- дейді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан, маған шарды алуға көмектесіп жіберші»- деді. — Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді,- деді балапан. — Ал мен білемін. Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады».
— Маған да айтшы,- деді балапан.
«Бірінші сен шарды алып бер». Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің». Мейірімділік деген осы. — Қандай оңай- деп таң қалды балапан.
Мейірімділік туралы сұхбат жүргізу. Сұрақ қойғызу.
Мейірімділік – ол басқалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдармен және жан-жануарлармен қарым-қатынаста байқалады. Мейірімді болу деген адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе жасағаннан артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.
«Кім ең мейірімді?» ойыны
Сен аулада кішкентай баланың жылаған даусың естідің. Не істер едің?
Досың нашар баға алып қалды. Не істейсің?
Аяғы жараланған итті көрдің. Не істер едің?
«Үлкен жұлдыз» құрастыру ойыны.
Қол шапалақтау арқылы үлкен жұлдыз құрастыру. Екі рет шапалақтаса екі адам, 6 рет шапалақтаса 6 адамнан жұлдыз құрайды.
Жауын
Қолды ысқылау.
Екі қолды шерту
қолды шертіп (таусылу)
«Жүрек» ойыны
(Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)
Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан адманың қасиеттерін анықтайтын сөзде жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешіріледі. Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.
Рефлексия
Әр топқа тапсырмалар беру.
Сенің мамаң жұмыстан шаршап келді. Қайырымды болсаң не істер едің?
2. Даладан қанаты сынған құс көрдің. Мейірімді болсаң не істер едің?
3. Көшеде саған өте кәрі ата кездесіп, сенен дәріханаға дейін шығарып салуын сұрады. Егер сен мейірімді болсаң не істейсің?
4. Досың сабаққа келе алмай үйде ауырып қалды. Сен қайырымды болсаң не істер едің?
Тексеру тесті
Мынадай баланы мейірімді деуге бола ма?
Балалар иә не жоқ деп жауап беру керек.
Қыста құстарға ұя жасаса; әрқашан кімге көмек керек екенін сезіп жүрсе; рогаткамен құстарды атса; анасына кішкентай бөпесін күтуге көмектессе.
Құпиялы қасиет ойыны
«Азат мейірімді», «Алма мейірімді», «Алма» өте мейірімді.
«Эстафета ойыны»
Қаламды тез беріп тез бірінші балаға келу.
Тақтадағы сөздерді оқу
Бақытты болу үшін – бір-бірімізге жиі жақсылық жасауымыз жылы сөздер айтуымыз, қуаныш сыйлай білуіміз керек.
Мейірімділік дегеніміз – бір-бірімізге деген жылуымыз, достығымыз, көмегіміз.
Қоштасу рәсімі
Бәріміздің жүрегіміз жақсылық пен мейірімділікке толы. Осы жылылықты бір-бірімізге шашайық. Шашқан жылылығымыз өзімізге қайта оралады.
(екі қолын айқастырып кеудесіне қояды)
Шығармашылық тапсырма
Жүректің ішіне өзіңе ең жақын адамның суретін сал.

Leave A Reply