Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 162 қаралым

«Бір –бірімізді тыңдай аламыз ба?» пікір алмасуы

0

Асаубаева Балауса Нуральевна,
Психолог, Ғ.Мүсірепов ат. орта мектебі, Байтоғас ауылы Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы
Ата-аналармен жұмыс

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын, бала сөзін тыңдай білуге, мән беруге, бір-бірін түсіне білуге және балаға деген көзқарасы қандай, осы бағыттарда ата-анаға психологиялық көмек көрсету.
Көрнекіліктер: тест, плакаттар, маркерлер, үнтаспа.
Алдын-ала үйге тапсырмалар:
Ата-анаға: «Менің балам»
Оқушыға: «Менің ата-анам мен қарым-қатынасым» деген тақырыпта ой- пікірлерін жазып келу.
Ата-аналарға арналған мини дәріс:
Әрбір бала жеке тұлға. Әр баланың бойында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы мінезі туралы айтсақ: салмақты, баяу, шыдамды немесе керісінше шапшаң, шыдамсыз, ерке тағы сол сияқты. Өйткені қоғамда біркелкі отбасы болмайды. Сол себепті баланың мінезінің қатыптасуына ата-ана қарым-қатынасы, көзқарасы көп әсер береді. Мысалға кейбір баланың отбасы мәдениетті сабырлы, баласымен достық қарым-қатынаста, пікірімен, ойымен санасса, түсінушілікпен қараса, кейбір отбасы ашушаң, ата-ана өз беделін, бірбеткейлігімен, балаға авторитарлық –бұйырушылық қарым-қатынас жасаса бала мінезіне бұл факторлар әсерін береді.
Міне осы жерде сіздерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр:
— Сіз балаңызбен қандай да болсын бір іске ақылдасып, кеңес сұрап көрдіңіз бе?
— «Сен міндеттісің, менің айтқанымды неге орындамайсың?» деген сөздердң жиі айтасыз ба?
— Жоқ сен әлі кішкентайсың, саған әлі ерте, сенің оған шамаң жетпейді, сол кезде бірақ көмектесесің?
— «Сен ешқашанда айтқан тапсырмаларды уақытында орындамайсың?» сөзін жиі қолданасыз ба?
— Сіз балаңызды ішкі жан дүниесін қаншалықты түсіне аласыз?
— Балаңызбен шынайы достық қарым-қатынаста әңгімелесіп көрдіңіз бе?
Осы сұрақтар бойынша өздеріңіздің ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Әр уақытта баламен шамасы жеткен шаруа бойынша ақылдасып тұрған, бала тәрбиесінде оң нәтиже берері сөзсіз. Өйткені бала өзінің отбасының бір мүшесі екендігін, пікірі құнды екендігін сезінген балаға жауапкершілік, сізге деген қарым-қатынасы басқаша көзқараста болады. Ол өзін отбасына қажетті, өз ойының, пікірінің, көзқарасының құнды екенін сезінеді. Отбасы алдында жауапкершілігі бар екенін түсінеді.
Құрметті ата-аналар сіздердің «Менің балам» тақырыбында жазып келген ой-пікілеріңізбен таныссақ. Бір -екі ата-ана оқып шығады.

ata-ana

ata-ana-2
Ал енді мен сіздерді өз балаларыңыздың жазған ой- пікірлерімен таныстырып өтейін.

bala

bala-2
Ой- пікірлер оқылып талқыланады. Бір –екі ата-ана өз пікірлерін білдірді.

Тест: «Балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?»
Төмендегі сауалдарға «иә» деп жауап берсеңіз — 2 ұпай, «кейде» — 1 ұпай, ал «жоқ» — 0 ұпай.
Балаңыздың әңгімесін тыңдайсыз ба?
Әңгімелесу барысында қатесін дұрыстайсыз ба?
Сөйлеу кезінде балаңыздың бетіне тік қарайсыз ба?
Кішкентайыңызбен бірге өтірік күлесіз бе?
Балаңызбен ойнайсыз ба?
Балаңызды шектен тыс мақтайсыз ба?
Балаңыздың сабағына уақыт бөлесіз бе?
Данышпаныңызда тым болмаса 1-2 кітабы бар ма?
Балаңызбен бірге серуендеп тұрасыз ба?
Балаңыз қызықтырған нәрселердің бәрін түсіндіресіз бе?

0-5 ұпай.
Балаңызбен әңгімелесуге, ойнауға, сабағын қарауға уақытыңыз жоқ па, қалай? Сондықтан да кеш қалмай тұрғанда бұл олқылықтың орнын толтыру керек. Балаңыз ананың аялы алақаны мен әкенің салмақты ақылына зәру. Жас бала құстың көлеңкесінен де қорқады ғой. Ойланыңыз.
6-15 ұпай.
«Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» демекші, отбасыңызда күнде думан. Балаңыз күлсе, жаныңыз марқаяды. Алайда оның ой – санасына, біліміне де ден қойыңыз. Қалай десек те балаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы.
16-20 ұпай.
Сіз керемет ата-анасыз. Балаңызбен қарым-қатынасыңыз тамаша! Балаңыздың талғамын да, шамасын да білесіз. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» дегендей, балаңыздың қатты жібермеуіне, тәрбиесіне, сапалы білім алуына көп көңіл бөліңіз.
Тестің қорытындысы шығарылып, нәтижесімен таныстырылады.

Шығармашылық жұмыс. Топқа бөлу.
Ата-аналар үш топқа бөлініп «Менің балама» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасайды.
Мақсаты: ата-ананың балаға деген мейірімділігін, қуаныш сезімін сыйлау.
Қажетті құралдар: ватман, фломастерлер.
І топ: Сурет салу
ІІ топ: Ізгі тілек, тақпақ шығару.
Жұмыс барысында баяу әуен қосылып тұрады. Әр топ жасаған жұмыстарын таныстырып, қорғап шығады.
Бүгінгі «Бір-бірімізді тыңдай аламыз ба» тақырыбында өткен пікір алмасу кешімізден қандай әсер алып, ой түйдіңіздер.
(Ата-аналар өз ойларымен бөліседі)

Leave A Reply