Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

576 қаралым

«Био Өмір» бағдарламасы

0

Жуматова Анар Айтановна,

Педагог-психолог, Ш. Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернаты,

Баянауыл ауылы, Павлодар облысы


Мақсаты: Суицидтің алдын алу тиімді әдісін іздеу.

Негізгі идеясы: «Өмірдің маңыздылығы» әдісін биология және психологиямен байланыстырып пайдалану.
Түсінік хат

Отбасында  және жеке тұлғаға өмірлік дағдарыс кезеңінде әлемдік субьективтілік бейненің бұрмалануы тән, яғни, тұтас өзіне және әлемге деген қатынасы мен ойы.

Суицидалдық ойы мен қиялы осы сәтте өте кең таралады.

БҰҰ-ның есебі бойынша соңғы жылдары жасөспірімдер және жастар арасында аяқталған суицид пен суицидалдық іс-әрекеттер ұлғайып барады. Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау әлем бойынша жоғары деңгейде.

Қылмыстық істер бөлімшелерінің талдаулары бойынша жасөспірімдердің 62% кикілжің  мен сәтсіздіктердің әсерінен өмірлерімен қоштасады: үлкендер тарапынан зорлық-зомбылық, мұғалімдер, сыныптастары, достарының тарапынан келіспеушілік пен бейәдепсіздік.

Көбінесе жасөспірімдер осындай қадамға ата-аналарының, ұстаздарының олардың қиын жағдайларына немқұрайлы қарағандары үшін, үлкендердің қатігездіктеріне, немқұрайлықтарына қарсылық көрсетеді.

Мұндай іс-әрекетке көбінесе тұйық, тез ренжіп қалатын, жалғыздық күйін, ешкімге керек жоқтығын сезінетін, өмірдің мәнін жоғалтқан жасөспірімдер барады.

Балалардың суицидалдық іс-әрекеттері жиі импульсивті, жағдайға байланысты және алдын-ала жоспарланбаған болады.

Қиын өмірлік жағдайда дер кезінде көрсетілген психологиялық көмек көптеген  келеңсіз жағдайлардан құтылуға көмектесер еді.

Мақсаты мен міндеттері

Бұл бағдарлама білім беру мекемелерінде  әр түрлі жастағы оқушылар арасында суицидалдық іс-әрекеттердің алдын алуға және түзету жұмыстарын ұйымдастыруға арналған.
Бағдарламаның мақсаты: оқушыларда өмірге деген жағымды көзқарасты, өзара қатынаста, басқа адамдармен және жалпы әлеммен тұрақты тепе-теңдікті қалыптастыру.

Қойылған мақсат төмендегі міндеттерді жүйелі түрде шешкенде ғана іске асырылады:

1. Мәселенің теориялық аспектілерін әр түрлі ғылымдардың тарапынан /философия, биология, физиология, психология, педагогика, социология/ қарастыру.

2. Қорғанысты және көмекті қажет ететін балаларды анықтап, оларға бірінші көмек көрсету, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стрестік жағдайды төмендету.

3. Психикалық күйінде, қарым-қатынасында, дамуында, оқытуда туындайтын күрделі мәселелердің алдын алу мақсатында әр оқушының психологиялық-педагогикалық келбетінің ерекшеліктерін зерттеу.

4. Қоғамда болатын әлеуметтік мінез-құлық нормаларын бойларына сіңірту, балалық қайырымдылықты қалыптастыру, социумдағы құндылық қарым-қатынасты дамыту.

5. «Мен» позитивті бейнесін, өзіндік қайталанбайтын ерекшеліктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Әлеуметтік және психологиялық қорғауды жүзеге асыру;

Девиантты мінез-құлықты оқушылардың санын төмендету;

Суицидалдық іс-әрекеттерді болдырмау;

Өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастыру қызығушылықтарын арттыру.
Сағат саны: 4

Әр тоқсанда: 1 рет.

Ұзақтығы: 40-45 мин.


Материалдың толық нұсқасын «Қызықты психология» журналы баспа нұсқасының 2017 ж. №7 санынан оқыңыз.

Журналға жазылу  сілтемесін басып толық ақпаратты біліңіз. 

Немесе сайттың төлем бөліміне өтіп сатып алуыңызға болады.

 

 

 

Share.

Leave A Reply