Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 405 қаралым

Белсенді болыңыз. Отбасындағы психологиялық –эмоциялық қарым-қатынас

0

Белхаирова Асемгул Мустахимовна

I санатты арнайы сынып мұғалімі, олигофренопедагог

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі, Жаңа Өмір ауылы, Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы


 

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру. Отбасындағы эмоциялық қарым-қатынасты орната білу арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу барысы бойынша ата-анаға кеңес, бағыт-бағдар беру.

Жұмыс түрі: әңгіме, пікірлесу, тренинг.

Барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Негізгі бөлім.

Релаксация- сынып бөлмесінде музыка ойналып тұрады.

Отбасы – жылы ұямыз,               Тәрбие мектеп – от басы,

Тірегі – ата-анамыз.                     Өрімдей тезге тартылған

Уыз сүт еміп осында,                    Әдепті бейне дұрыстар.

Уылжып біздер өсеміз.                Ата-ана болса өрнекті,

Осында үлгі аламыз,                    Ұл мен қыз өсер көрнекті.

Осында адам боламыз.                Әуезов Мұхаң айтқандай:

Еркелеп, ойнап, еліктеп,             Түзейік бесік-жөргекті.

Осында өсіп толамыз

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Біздер бүгінгі жиналысымызда отбасы, отбасындағы хал-ахуал жалпы отбасындағы эмоциялық қарым-қатынас мәселелеріне тоқталамыз.

Ойланайық, пікірлесейік «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу

Енді отбасы дегеніміз не? Стикер арқылы өз түсініктеріңізді жазып суретті толықтырсаңыздар….

Отбасы кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы – адам баласының өсіп- өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.

Кез-келген ата-ана өз баласының дені сау, бақытты, сыйлы адам балғанын армандайды емес пе? Отбасындағы тәрбиенің адам баласына әсері мол. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деп халық даналығы айтқандай, ата-ананың жеке басты үлгі-өнегелері, отбасындағы ахуал баланың дұрыс тәрбиеленуіне ықпал ететіні сөзсіз. Олай дейтініміз, баланың бойында жеткілікті өмір тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді және өзі соны үлгі тұтынуға тырысады.

Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Сол себепті де жасөспірімдерді тәрбиелей отырып, оларды әр түрлі кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек, олар Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ал бала үшін ата-ана игілік жасаушы, ақыл айтушы болып табылады.

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» — деген қағиданы ұсынды

Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу — әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады.

Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді

Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді

Отбасындағы үлкендердің селқос қатынасы – балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын тудырып, психика дамуын тежейді.

Материалдың толық нұсқасын журналдың 2017 ж. №11-12 санынан оқыңыздар. 

Журналға 2018 ж. жазылу үшін осы сілтемемен өтіңіз

Leave A Reply