Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 721 қаралым

Баланың рухани дамуы отбасынан басталады

0

Жандарбекова Нұржамал  – психолог,
Исабекова Махираш – тәрбиеші,
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған
облыстық арнайы мектеп-интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, Түркістан қаласы

Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Есімдер аллитерациясы
2. «Мен үшін қымбат…» (Ой қозғау)
3. «Бала деген кім?» (Ой қозғау)
4. «Мейірімділік шуағы»
5. Релаксация
6. Ойын ойнайық
7. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
8. «Тілек шамы»
9. Ой толғаныс

І. Кіріспе бөлім:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Баланың рухани дамуы отбасынан басталады» деп аталады. Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмайды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады.
«Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
— «Мен үшін қымбат…»
— «Бала деген кім?» туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
4. «Мейірімділік шуағы»
Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.
1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары қандай?
4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
5. Релаксация
Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді бос ұстап, ештеңені уайымдамай, терең, терең дем алыңыздар. Іштеріңізден мына сөздерді қайталаңыз да: «Мен тынышпын. Менің денем тыныш. Мен өзімді өте жақсы сезінемін». Дене бұлшық еттерін босатыңыз. Денеңізге ауа кіреді, шығады. Үрейлену мен қысым кезінде өзіңізді осылай тыныштандырасыз. Ол үшін терең дем алыңыздар, өзіңізді бос ұстайсыз. Әрдайым жақсы оқиғаларды, жақсы сезімдерді еске түсіріңіздер. Бәріміздің денсаулығымыз керемет деп көзімізді ашамыз.
6. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
1. «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2. «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
3. «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
7. Ойын ойнайық
8. «Тілек шамы».
Отбасы, ұшқан жанұя- жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір- бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
9. Ойтолғаныс
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай, балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып, бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

Leave A Reply