Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 962 қаралым

Баланың бас ұстазы ата-ана

0

Жалгасбаева Айгуль Рахатовна,

Педагог-психолог, МКҚК №6 «Өркен» балабақшасы, Басқұдық селосы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау облысы


Ата-аналарға арналған тренинг сабақ

Мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Сабақтың түрі: психологиялық ойын-тренинг.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру, ойын жаттығуларын орындау.

Әдістемелік құралдар: қалам, ақ парақ, түрлі-түсті маркер, түрлі-түсті қағаз.

Отыру позициясы: шеңбер түрінде.

Сабақтың жүрісі:

Кіріспе. Психологтың сөзі.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа машықтануы керек. Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Өмір дегеніміз – арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу – басты мақсат.

Шаттық шеңбері:
Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.

Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз?

Қалай ойлайсыздар?

Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Танысу сәті: Әр ата-ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі — үш сын есімін қосып таныстыру. (сабаққа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады)

«Сөйлемді жалғастыр»

Жақсы өмір – бұл …

Бақытты бала – бұл …

Баланың басты ұстазы ата –ана …

І. «Ата-ана мейірімі»

Ата-аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой-пікірлерін айтады

ІІ. «Күн нұрындағы менің суретім»

Қағаздың дәл ортасына күн шеңберін сызып шығыңыз. Күннің ортасына өз есіміңізді жазыңыз немесе өз суретіңізді салыңыз. Күннің нұрларының орнына өзіңіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді жазып шығыңыздар. Күн нұрларының көп болғаны өзіңізге жақсы. Бұл: неліктен мен құрметтеуге лайықпын? сұрағының дәлме-дәл жауабы.

ІІІ. «Алақанға жан бітір»

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз … салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандары туралы айтып береді

ІV. «Өз жұлдызыңызды табыңыз»

Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақытты сәби кезіңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз. Ата-ана алдарында жатқан жұлдыздардың біреуін таңдап алады. Жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.

V. «Жүрек жылуы»

Ата-аналарға жүрекшелер таратылады. Сол жүрекшеге балаларына деген жақсы лебіздерін жазып, балаларына береді.

VІ. «Тілек шамы». (Қорытындылау)

Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

«Адам бір жылын ойласа, дән себеді. Бар ғұмырын ойласа ұрпақ тәрбиелейді» деген даналар сөзі бекер айтылмаған.

Құрметті ата-аналар осымен біздің тренинг сабағымыз аяқталды.

Leave A Reply