Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

17 273 қаралым

Балабақшадағы жалпы ата-аналар жиналысы

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының педагог-психологы

Мақсаты: ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту, серіктестікке тарту, ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту.

Көрнекілігі: гүлдер алқабы, музыка, үлестірмелі қағаздар, қалам
Қатысушылар: балабақша ата-аналары

Өткізілу барысы: (Залда музыка ойналып тұрады)
1. «Танысу» тренингі
Ата-аналар өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен амандасады. Мысалы, менің атым – Самал. Ұлым – Алдияр. Үнділерше амандасу қимылмен.
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады.
Бразиллияда бір-бірінің иығынан қағып амандасады.
Македонияда шынтақтарымен амандасады.
Никарагуада иықтарымен амандасады.
Қазіргі гректер «Аман бол» деген сөзбен амандасады.
Арабтар «Әлем сенімен» деп амандасады.
Австралияда үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, жамбасымен қағып амандасады.

2. Гүл теру. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата-аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір — бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс-әрекетіңіз?
Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақшаның жауапкершілігі басым ба?
Балабақшаға неше жасында келді? Таңертеңгі балабақшаға жинақталуды көрсетіңіз, қандай жылы сөздер айтасыз?
Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
Балаңыздың ең жақын досы?
«Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?
Бала деген кім?
Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
Балаңыздың сүйікті тағамы?

Қорытынды:
Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

Фото: Баймбетова М.

Leave A Reply