Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 551 қаралым

Бала жанының сұлулығын түсіну!

0

Аскарова Акмарал Рамазановна,
педагог-психолог, «Жұлдыз-ай» Тамды бөбекжай-балабақшасы


Жұмыс түрі: Ата-аналарға арналған тренинг сабақ.
Мақсаты: Ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата-анамен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдістері: дөңгелек үстел, пікір алмасу, сұрақ — жауап, тренинг сабақ.

Тренинг бағдарламасы:
1. «Сәлем сөздің анасы» амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Көңіл күйді анықтау
4. Доп лақтыру ойыны
5. Гүл теру. Пікірлесу
6. «Өтінемін » ойыны
7. Балама ақ тілек.
8. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала жанының сұлулығын түсіну» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

1. Сәлем сөздің анасы.
Ата — аналар орнынан тұрып, көрсетілген белгі арқылы бір-бірімен амандасады.

2. Тақырыпты ашу. Ата-аналарға тақырыпты ашып түсіндіру.

3. Көңіл қүйді анықтау
Ата-аналар өздеріне ұнаған түстерін таңдайды. Сол түстердің мағынасын айту.

4. «Доп лақтыру» ойыны
Бала деген кім? Бала сіздің кіміңіз? Ата-аналарға доп лақтырып, ойнау арқылы бір сөзбен өз ойларын айту. Ата-аналардың ойларын толықтырып жіберу.

5. Гүл теру. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата — аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір — бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.
Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс-әрекетіңіз.
Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
«Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

6. Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс-қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар.
Мысалы: Өтінемін қолымызды көтерейік. Өтінемін билейік. Ал енді бір-бірімізді құшақтайық. Өтінемін бір-біріңізге қарап жымиыңыздар. Ал енді қабағымызды түйеміз.

7. Балама ақ тілек.
Ата-аналар өз балаларына арнаған тілектерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

8. Қорытынды/

Leave A Reply