Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

658 қаралым

Аутизмге шалдыққан балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері

0

Джаманбаева Жанна Советовна, тәрбиеші, 

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ


Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Аутист бала – ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып,ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады.

Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:

—   Баланың жеке мінезіне

—   Көру мен есту кемістігіне

—   Зияттың жетілмеуіне

—   Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына

—   Невротикалық өзгерістерге

—   Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм).

Аутист бала: қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.

Материалдың толық нұсқасын журналдың 2018 ж. №1 санынан оқыңыз.

Leave A Reply