Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 546 қаралым

Ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлері мен формалары (тренинг)

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының педагог-психологы

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

Көрнекілігі: қолшатыр, қалам, стикер, үлестірмелі қағаздар, фломастер, плакат
Түрі: топтық тренинг

Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына келгендеріңізге қуаныштымын. Спортшылар, ақын-жазушылар, әншілер суреттерін таңдап 3 топқа бөлінейік.
1) Сәлемдесу сәті. Сәлемдесуге өлең жолдары беріледі, әуенге қосылып айтайық.
1. Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
2. Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
3. Білер қазақ баласы
Сәлем – сөздің анасы
Алдымыздан кездескен
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз

2) Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қалам)
1.Бала – білімді әрі саналы болу үшін ата-ана қандай жағдай жасау керек?
2. Балаңыздың бос уақытын қалай ұйымдастырасыз?
3. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

3) «Өтінемін» ойыны
Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады. Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
— секіріңдер
— оң аяқтарын көтеріңдер
— өтінемін, қолдарыңызды шапалақтаңдар
— өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар
— оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
— өтінемін, отырыңдар
— сол қолдарыңды көтеріңдер
— өтінемін, аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар

4) «Балама ақ тілек»
Ата-аналар өз балаларына арнаған ақ тілектерін стикерге жазып, қолшатырға іледі.

Қорытынды:
Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

Share.

Leave A Reply