Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 849 қаралым

Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы

0

Әлиева Гауһар Алтынбекқызы,

Технология пәнінің мұғалімі, Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп – лицейі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы


8 «Г» сыныбының ата-аналарымен өткізген жұмыс жоспары

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Міндеттері:

— Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас

маңыздылығын ашу;

—  Ата-ана мен бала арасындағы, отбасындағы жарастықты,

сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;

—  Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Барысы:

І. Шаттық шеңбері.

А) Сәлемдесу айдары бойынша бір-бірімен өздері білетін әр ұлттың амандық – саулық сұрасу рәсімімен жүргізу.

Ә) Танысайық айдары бойынша :

1. Мен кіммін? (3 қадам)

2. Мен қандаймын? (2 қадам)

3. Менің арманым… (1 қадам)

ІІ. Әңгімелесу.

(Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша)

1.   «Отбасы жарастығы», «Отбасы бақыты», «Отбасы қуанышы» деген ойларды қалай түсінесіз?

2.   Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?

3.   Ата-ана баласына қай уақытта риза болады?

4.   Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез келген ата-ананың қолынан келе ме? Неліктен?

ІІІ. Тыныштық сәті.

(Классикалық әуен ырғағымен өткізу)

Құрметті ата-аналар! Денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар.

Шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап өз ұрпағыңызды мол мейірім мен жүрек жылуыңызбен аймалаңыздар!

Барша жұртқа, ата-анаға, үлкен-кішіге, құрбы-құрдасқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеңіздер!

Рухани азық – үнемі қуаныш, шаттық, бақыт пен сыйластық, шынайы көңілдегі махаббат сезімдеріңізді сыйлаңыздар!

Балаға көңіл-күйін көтеретін жақсы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар, бір-бірлеріңізбен қарым-қатынаста олардың ойын тыңдап, пікірін ескеруге ден қойыңыздар!

Отбасындағы қарым-қатынасты және әрбір іс-әрекетті қортындылауда адами /этикет / әдептілікпен, әділетті шешім қабылдаңыздар!

Баланы қорғаңыздар, ұрып, соғып, балағаттаудан аулақ болыңыздар!

Баланың жаның түсініңіздер, сезім сыйлаңыздар, ынтасын арттырыңыздар, талабына қанат бітіріп, талпындырып, ой-қиялын шарықтатып қабілет –қарымын, дарындылығының ашылуына көмек көрсетіңіздер!

Әр ата-ана бақытты балалықтың қорғаны, адамзат ұрпағының тал бесігі, сеніммен сүйіспеншіліктің, жан-жүрек жылуының қызметшісі бола біліңіздер!!!

Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер.

Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.

ІҮ. Блиц – сұрақтары:

1.   Балаңызды үйде қандай жылы сөзбен еркелетіп атайсыз?

2.   Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?

3.   Сіздің балаңызға математика, ағылшын тілі пәнінен кімдер сабақ береді?

4.   Балаңыздың сыныптағы достарының аты кім?

5.   Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6.   Ұялы телефонының номерін жатқа айта аласызба?

7.   Балаңызбен бірге отырып қандай телебағдарлама көресіз?

8.   Балаңыз асханаға күніне қанша ақша жұмсайды?

9.   Балаңыз мектепте қай қабатта, қай кабинетте оқиды?

10. Балаңыз кішкентай кезінде кім болам деп армандады?

11. Балаңыздың мектепте ең сүйікті ұстазы кім?

12. Сіздің балаңызға өзін — өзі тану пәні қай күні болады?

Ү. Сауалнама. «Сіз қандай ата анасыз?»

Орындау ережесі: Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Сауалнама бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап нұсқалары мына төмендегі әріптермен белгіленеді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А – 3 балл.

«Иә, барлық кезде емес» Ә — 2 балл.

«Жоқ, бұлай істей алмаймын» Б – 1 балл.

Сіз:

1.   Кез келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2.   Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3.   Балаңызбен қарым – қатынас барысында жасаған қателігіңізді мойындайсыз ба?

4.   Өз қателіктеріңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.   Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.   Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7.   Өзіңізді бір сәтте мейірімді адам ретінде сезіне аласыз ба?

8.   Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.   Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

10.  Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез – құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11.   Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.   Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13.   Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

ҮІ. Ата-аналарға кеңес.

Құрметті ата-ана!

Егер де сіз өз балаңызды нашар көңіл-күйде көрсеңіз, бірінші мынаны жасағаныңыз абзал: баланы ыстық құшағыңызға алып, бауырыңызға қысып, баланың өзі қалағанынша тұрғаныңыз жөн. Сіз жай ғана құшақтаңыз. Егер балаңыз ересек болса, ол өзін құшақтатпауы мүмкін. Ондай жағдайда, қасында қолынан ұстап отыруға болады.

Белгілі отбасы психологы Вирджиния Сатирдің айтуы бойынша, баланы бірнеше рет құшақтап тұру керек екен. Оның пікірінше, баланы күніне 4 рет құшақтау өмір сүруіне ықпал жасайды, ал жақсы көңіл-күйде болуы үшін кемінде 8 рет құшақтау керек. Балаңыздың ой — өрісі жақсы дамуы үшін күніне 12 рет құшақтауыңыз керек. Бұл тек балаға ғана емес, ересек адамдарға да әсері бар.

ҮІІ. Жүректен жүрекке.

Алақан жылуы арқылы жүрекшелерге ризашылықтарын жазып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіру, тарату.

Share.

Leave A Reply