Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

7 789 қаралым

Ата-ана махаббаты

0

Умарова Жанар Исламқызы – ұйымдастырушы педагог,

Абитаева Айгул – логопед

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесі, Түркістан қаласы

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес деп Ғ.Мұстафин ағамыз айтпақшы «Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері». Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – ата-ана.

Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі,– деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше бүгін сіздер перзенттеріңіз үшін «Ата-ана махабаты» атты тренингке қош келдіңіздер.

—      Бейне баянға назар аударыңыздар.

—      «Шаттық шеңбері»

—      Бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізбен танысудан «Сіз білесіз бе?» жаттығуынан бастайық.

—      Барлығымыз шеңбер болып тұрып, өзіңіз жайлы шағын мағлұмат, кімнің ата-анасысыз, балаңыздың бас әріпінен басталатын жақсы қасиетті, қызығушылығын немесе теңеу келтіріңіз.

—      Таратылған жапырақ бейнесіндегі қағаздарға бүгінгі күннен не күтетіндеріңізді, тілектеріңізді жазыңыздар.

—       Бейне баянға назар аударыңыздар.

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды.

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда.

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән жырдан.

Екеуінің қуанышы, тілегі.

Әр қашанда бір арнадан табылған,- дей келе келесі кезекті бүлдіршіндерге берейік.

— Өлең шумақтары.

Ойын «Балаңызды еркелете білесіз бе?»

—      Таратылған жүрек бейнесіндегі қағаздарға перзенттеріңізді еркелететін сөздер жазыңыздар.

«Ой қозғау»

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды » деген сөз тегін айтылмаса керек.

—      Ал, сіздер үшін ұрпақ, бала деген кім?

—      Таратылған бұлт бейнесіндегі қағаздарға балаңыздың бақытты болуы үшін не қажет.

Олай болса, келешекте еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болады деп сенген: Қалдарбек Бақдаулетті, Зайырхан Дінмұхамметті, Сейсенбеков Ерлан ағаймен «Сағындым Ана» әнімен ортаға шақырамыз.

«Мейірімділік шуағы»

Ғалымдардың айтуынша, баланы таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл күймен тұруы – бір күндік көңіл күйіне әсер етеді екен.

Сіздерге сұрақ:

—      Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?

—      Балаңыздың тәтті қылықтары?

—      Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

—      Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

Ойын: «Нәресте»

«Мақал-мәтел» жарысы.

«Мақал айтсаң – жол көрсеттің,

Мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, аяқтайық.

«Әкелер» әнімен Зайырхан Дінмұхамметті Бекенбаева Ақсұлу апайымен ортаға шақырамыз.

«Жақсы қасиеттер, жағымсыз қылықтар»

Бала- ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы.

«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше, сіз балаңыздың бойынан қандай жақсы қасиетті көргіңіз келеді. Және қандай жағымсыз қылықтарды жойғыңыз келеді?

(сызба)

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға – ата-ана және ұстаз. Сондықтан баланың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерге мән берген жөн. Бала әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік.

Оқушылардың орындауында «Мульттоптамадан» үзінді тамашалаңыздар.

 «Сіз қандай ата-анасыз» ситуациялық сұрақтар

Бала тәрбиесі- қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Сондықтан да ата-ананы мектеп өміріндегі бала тәрбиесіне белсене араластырып, соның нәтижесінде екі жақ бірдей талап қойып отырса, ертеңгі ұрпақтың саналы да тәрбиелі болатынына кепіл бар.

«Ата-анаға арнау» әнімен Ақмарал мен Сұлтанды, Басымбекова Гауһар апайды ортаға шақырамыз.

Қадірлі ата-ана, отбасындағы ата-ана махаббаты шексіз болуы тиіс. Әлемде өзгермейтін үш зат бар екен. Ол – ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ендеше әрбір отбасына күннің нұры жауып, сыңғырлаған бала күлкісі естілсін. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келе жатыр. Мерейлеріңіз үстем болсын, ұл — қыздарыңыздың өркені өссін!

Leave A Reply