Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

13 522 қаралым

Асығыс үкім

0

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.

Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.
Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:
Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!
Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді.
Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім… Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

Жүрегіңнің отын сөндірме

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.
Сонда ол ашуланып:
Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.
Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді:
Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады.
Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді:
Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын — дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:
Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой — дейді.
Сонда көршісі:
— Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен.
Бұл әңгімеде не жөнінде айтылған?
Әңгімедегі жігіттің іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер?
Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?
Аңыз әңгімедегі жарық пен жылу нені сипаттайды?
Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
Бірінші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай ізгі қасиеттер болуы қажет?

Өзгенің киімі

Бір адам жария түрде Омар Хайямды балағаттайды.
— Сен, опасыз! Ұрлықшы! Мұндай сөздерге жауабына Омар Хайам тек күлімсіреп кетті.Мұндай көріністі байқаған бхыт киген белгісіз адам одан сұрады: Мұндай дөрекілікті қалайша көтересіз? Сіз мұндай қорлыққа қалайша төзісіз?
Омар Хайам жауапқа тек күлді. Жүр менімен, — деп жауап қатты.
Белгісіз оның шаң басқан үйіне еріп барды. Хайам шамды жағып, сндықты ақтара бастады, оның ішінен түкке тұрғысыз жыртық халат алып шықты. Оны жаңағы бақыт киген белгісізге киюді ұсынды.
Белгісіз халатты алып, оны қарап, таңданды: — Маған мұндай кір киілген киім неге қажет? Мен тәуір киінгенмін, сіздің мұныңыз не? – деп, киімді өзіне лақтырып жіберді.
— Көрдің бе, деді Хайам, — сен алба-жұлба киімді кимедің. Дәл солай мен, әлгі адамның лас сөздерін кимедім.
Мораль: Біреуге ренжу, әрекетін сөгу – ол дәл осындай киімді киюмен тең.

Жинақтаған: 

Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы,

ШҚО, Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан

облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған 

қазақ-түрік лицейі», педагог-психолог

Leave A Reply