Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

Арт-терапия негіздері тренингі

“Үйлесім” тренинг орталығы

арт-терапиялық тренингтерге қатысуға шақырады.

 

АРТ-ТЕРАПИЯ НЕГІЗДЕРІ

 

Бағдарламаның ұзақтығы: бағдарлама 5 модульден тұрады (барлығы 80 сағат). 1 модуль ұзақтығы – 16 cағат. Оқыту реті: екі айда бір рет.

Сертификаттау: қатысушыларға әрбір өткен модуль үшін сағаттары көрсетілген қатысушы сертификаты беріледі.

Бағдарлама аудиториясы: психологтар, педагогтар, әлеуметтік педагогтар, логопедтер, адаммен тікелей жұмыс жасайтын мамандар, өз өміріне тиімді өзгеріс енгізгісі келген тұлғалар.

Арт-терапия дегеніміз не?

Арт-терапия қазіргі уақытта аса сұранысқа ие психотерапия бағыттарының бірі. Өнердің адам өміріне әсер етуші психологиялық және физикалық сауықтырушы күшін сезіну. Жан-дүниеңе өнерден дауа іздеу арқылы шығармашылық қорларыңды ашу.

Арт-терапияны қолдануға еш шек қойылмайды. Бұл техниканы үлкенге де, балаларға да кеңес беру мен терапияда қолдануға болады.

Тренингтегі техникалар диагностикалық құралыңызға айналады, сонымен қоса арт материалдарды, кеңістікті қолдану тәсілдерін меңгересіз.

Арт-терапиялық тренингте не болады?

Тренинг теория мен практикадан тұрады. Тренинг барысында қатысушылар арт-терапиялық техникаларды өз бойларынан өткізіп, жасап көреді. Тренинг кезінде қатысушылар тренердің қолдауымен топтық және жеке терапевт ретінде тәжірибеден өтеді. Бағдарлама аяқталған соң қатысушылар игерілген материал бойынша бітіруші тапсырмасын орындайды.

Модульдер: 

1 модуль (21-22 қазан, 2018 ж.)

Мандалатерапия

2 модуль (23-24 желтоқсан, 2017 ж.)

Маскатерапия

3 модуль (24-25 ақпан, 2018 ж.)

Қуыршақ терапиясы

4 модуль (28-29 сәуір, 2018 ж.)

Фото-терапия

5 модуль (22-23 маусым, 2018 ж.)

Құм терапиясы

1 модульға қатысу ақысы: 20000 тг.

“Қызықты психология” журналына жазылушыларға 15% жеңілдік қарастырылған.

Бағдарлама тренері: Жаңагүл Амантайқызы Қайырова.

Әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапевт.

Қатысу үшін алдын ала жазылу керек.

Қосымша ақпарат алу үшін www.artpsy.kz  сайтына кіріңіз!

Өту орны: Астана қаласы, Eurocenter Бизнес орталығы, Сығанақ көш., 29, каб. 1024

Хат жолдау үшін:  info@artpsy.kz

Жазылу үшін: +7 7172 420589; +7 777 146 1414