Әдістемелер

Әдістемелер

Құрметті психологтар!

 

Редакция ұжымы сіздер үшін қазақ тіліне аударған психодиагностикалық тесттерді, әдістемелерді назарларыңызға ұсынамыз. Өз жұмысыңызда қолданамын десеңіз, толық нұсқасын сатып алу мүмкіндігі бар.

  • Сізге қажетті әдістеменің қазақша нұсқасын іздеп таппай жүрсеңіз, хабарласыңыз. Редакция қорында бар әдістемелерді сатып алу — 500 тг, редакция қорында жоқ әдістемеге тапсырыс беру — 10000 тг.
  • Әдістемелер тізімі біртіндеп толыға бермек.

 

Сұрағыңыз болса хабарласыңыз: +7 7172 420589

Хат жазыңыз: info@artpsy.kz  

Сіздің жұмысыңызға қажетті әдістемелермен қамтамасыз етуге әзірміз!

Әдістеме атауы Мазмұны Сатып алу

Жетістікке жету мотивациясы тесті

Әдістеменің сипаттамасы

А.Мехрабиан жетістікке жету мотивациясын (ЖЖМТ) өлшеу сауалнама-тестінің модификациясын М.Ш.Магомед-Аминов ұсынған. ЖЖМТ тұлғаның екі жалпылама тұрақты түрткілері: жетістікке ұмтылу және сәтсіздіктен қашу түрткілерін зерттеуге арналған. Мұнда сыналушыда осы екі түрткінің қайсысы басым түсетіні анықталады. Әдістеме жоғары сынып оқушылары мен студенттердің жетістікке жету мотивациясын диагностикалау кезіндегі зерттеу мақсатында қолданылады. Тест ерлерге (А формасы) және әйелдерге (Б формасы) арналған екі формадан тұрады.

Өткізу тәртібі

Нәтижелерді өңдеу

Әрбір жауап үшін сыналушы белгілі бір ұпай алады. Ұпайлар кілт көмегімен қосу арқылы шығарылады. Сауалнаманың әрбір формасының өз кілті бар.

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.

Терминалдық құндылықтар сауалнамасы  Әдістеменің сипаттамасы
Бұл тұлғалық сауалнама өмірлік мақсаттарды (терминалдық құндылықтарды) диагностикалауға арналған. И.Г.Сенин құрастырған.
Теориялық негіздері
Сауалнама екі тұжырымға негізделеді: біріншіден, әрбір адамның өміріндегі белгілі бір деңгейде көрінген өмірлік аймақтар, әр адам үшін әртүрлі маңызы бар, екіншіден, олардың әрқайсысында оның тұлғалық бағдарлану компоненттерінің бірі болатын, әрбір адам үшін әрқилы тілектер мен ұмтылыстар жүзеге асады.
Тест адами құндылықтар құрылымы туралы М.Рокичтің теориялық тұжырымдарына негізделген. Әдістеме әрбір сегіз терминалдық құндылықтың жалпы көрінуін бағалауға мүмкіндік береді:
— Өзіндік абырой,
— Жоғары материалдық жағдай,
— Креативтілік,
— Белсенді әлеуметтік байланыстар,
— Өзін дамыту,
— Жетістіктер,
— Рухани қанағаттану,
— Өзіндік индивидуалдылықты сақтау.
Сонымен қоса олардың адам өмірінің түрлі аясында көрінуі:
— кәсіби өмір аясы,
— оқу мен білім алу аясы,
— отбасылық өмір аясы,
— қоғамдық өмір аясы,
— қызығушылықтар аясы.
Осылайша, сауалнама: өмірдің 5 саласындағы әрбір 8 құндылықтың 40 түрлі көріністерін, барлығы 53 көрсеткішті бағалай алады.
Ішкі құрылымы
Сауалнама 80 пайымдаудан тұрады, сыналушы әрқайсысын Ликкерттің 5 ұпайлық шкаласы бойынша бағалайды (1 – еш маңызы жоқ, 2 – аздаған маңызы бар, 3 – белгілі бір маңыздылығы бар, 4 – маңызды, 5 – өте маңызды). Ұпайлар ретінде алынған бағалар нормалардың кестелері бойынша стэндерге көшіріледі. Нәтижелері терминалдық құндылықтар мен өмір салалары шкалалары бойынша жеке-жеке дербес профиль формасында ұсынылады. Мұнымен қоса әрбір өмірлік сала құндылықтарының көрінуін салыстыру бойынша мәліметтерді алуға болады.Толық нұсқасын сатып алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау бетіне өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдаңыз!
Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.

Ерікті өзіндік анықтау тесті

 

Н.Н.Обозов (1997) құрастырып сипаттаған, ерік күшінің көрінуінің жалпы сипаттамасын зерттеуге арналған тест.

Нұсқау

Берілген 15 сұраққа «иә», «білмеймін», «болып тұрады» немесе «жоқ» деп жауап беруге болады. Сіздің жауабыңызға қарай сұрақтарға төмендегідей балл беріледі:

«иә» болса, оған – 2 балл;

«білмеймін» немесе «болып тұрады» болса – 1 балл;

«жоқ» болса – 0 балл.

Сұрақтарға 1-ден 15-ке қарай біртіндеп жауап беріп, жинаған ұпайларды қосу керек.

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.
М. Фергюсон мен Д. Расселдің жалғыздық сезімінің деңгейін анықтау әдістемесі Нұсқау: Нақты сөздер қатары беріледі. Осы пікірлерді рет-ретімен оқи отыра, сіз олардың жиі көрініс беруіне қарай, өзіңізге сәйкес келетін жауапты мына төрт жауап нұсқалары арқылы беріңіз: “жиі”, “кейде”, “сирек”, “ешқашан”. Таңдаған нұсқаны “+” белгісімен белгілеңіз.

Нәтижені өңдеу және талдау. Жауаптардың әр нұсқалары жеке саналып, “жиі” жауабы – үшке, “кейде” – екіге, “сирек” – бірге, “ешқашан” – нөлге көбейтіледі. Шыққан сандар қосылады. Ең жоғарғы ұпай – 60 ұпай.

40 ұпайдан – 60 ұпайға дейін – жоғары деңгейдегі жалғыздық;

20 ұпайдан – 40 ұпайға дейін – орташа деңгейдегі жалғыздық;

0 ұпайдан – 20 ұпайға дейін – төменгі деңгейдегі жалғыздықты көрсетеді.

Толық нұсқасын сатып алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау бетіне өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдаңыз!

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.

Тұлғаның мотивациялық құрылымының диагностикасы
(В.Э.Мильман)
Әдістеменің қолданылу аясы: әдістеме тұлғаның кейбір тұрақты тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді: жалпы және шығармашылық белсенділікті, қарым-қатынасқа ұмтылысты, жайлылық пен әлеуметтік мәртебені қамтамасыз ету және т.б. жауаптардың негізінде тұлғаның жұмыс (іскерлік) және жалпы тірліктегі бағыттылығы туралы пайым жасауға болады.

Нұсқау: Сізге өмірлік ұмтылыстарыңыз бен өмір салтыңыздың кейбір тұстарына қатысты 14 пікір берілген. Жауаптардың 8 нұсқасының (а, ә, б, в, г, ғ, д, е) әрқайсысы бойынша өз қатынасыңызды бланкінің сәйкес торына әрбір пікірге келесідей баға қою арқылы білдіруіңізді сұраймыз: «+» — мұнымен келісемін, «=» — әр кезде әрқалай, «-» — жоқ, келіспеймін, «?» — білмеймін. Жылдам жауап беруге тырысыңыз, ұзақ ойланбаңыз, сұрақтарға 1а-дан бастап 14е-ге дейін бірізді жауап беріңіз. Торларды шатастырып алмауға мән беріңіз. Барлығына сіз 20 минуттан артық уақыт жібермеуіңіз қажет.

Толық нұсқасын сатып алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау бетіне өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдаңыз!

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.

Өзіне қатынасты зерттеу әдістемесі Әдістеменің сипаттамасы

Өзіне қатынасты зерттеу көпөлшемді сауалнамасын (ӨҚЗ өзіне қатынасты зерттеу) 1989 ж. С.Р.Пантилеев құрастырды, 9 шкалаға бөлінген 110 пікірден тұрады. Әдістеме тұлғаның түрлі аспектілерден (когнитивтік, динамикалық, кірікпелі) тұратын өзіндік сана аймағын тереңірек зерттеуге арналған. ӨҚЗ қолдану саласы  туралы айтар болсақ, жазасын өтеушілерге жеке кеңес беру шеңберіндегі жақсы нәтижелерді атауға болады, себебі аталмыш әдістеме тұлға ішілік конфликтілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Теориялық негізі

Өзіндік сананың ішкі динамикасының ерекшеліктері, тұлғаның өз «Менінің» құрылымы мен спецификасына қатынасы, тұлға аралық қатынастарды орнатуда, мақсат қою мен оған қол жеткізуде, дағдарысты жағдайлардың қалыптасуы мен шешілу тәсілінде, түрлі психологиялық түзету мен психотерапиялық іс-шараларға адекватты енудегі адам мінез-құлқының барлық аспектілеріне дерлік реттеуші ықпал етеді.

Сауалнама құрастырушыларының бірі – Столин – өзіндік қатынас түсінігін «Мен» мағынасының контексінде қабылдады. «Мен» мағынасы оны көрсетудің бір тілі, ал бұл «тіл» түрлі индивидтер мен түрлі әлеуметтік топтар немесе әлеуметтік қауымдастықтар үшін өзіндік ерекшелікке ие болуы мүмкін. Бұл тіл әліпбиі кең болуы тиіс, себебі өмір сүрудің қарама-қайшылығымен, іс-әрекеттердің тоғысуымен және түрткілердің «қақтығысуымен» байланысты субъект сезімдер мен бастан кешірулердің кең ауқымын сезінуі керек.

Өзіндік қатынас күрделі, деңгейлі эмоциялық-бағалаушы жүйе деп түсініледі. Өзіндік қатынас субъект үшін «Мен» мағынасының көрінісі, өз «Меніне» жолданған қандай да бір тұрақты сезім деп қарастыруға да болады, ол жалпыламалығына қарамастан, өзіне тиісті қатынастың эмоциялық реңкі, бастан кешірулері, семантикалық мазмұны бойынша ажыратылатын бірқатар айрықша өлшемдерге (модалдық) ие.

Толық нұсқасын сатып алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау бетіне өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдаңыз!

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.

Өміршеңдік тесті Әдістеменің сипаттамасы

Аталмыш әдістемені 1954 ж. Т.Лири құрастырды және ол субъектінің өзі және идеалды «Мені» жайындағы түсініктерді, сондай-ақ кіші топтардағы өзара қарым-қатынасты зерттеуге арналған. Оның көмегімен өзін бағалау мен өзара бағалаудағы адамдарға қатысты басым типті анықтауға болады. Мұнда екі фактор бөліп көрсетіледі: «басымдық-бағыну» және «жылы шырайлылық-агрессиялылық (өшпенділік)».
Дәл осы факторлар тұлға аралық қарым-қатынас үдерістерінде адам туралы жалпы әсерді анықтайды. Сәйкес көрсеткіштерге қарай бірқатар бағдарлану – айналадағыларға қатынас типтері бөліп көрсетіледі. Типтің айқындығы, мінез-құлықтың бейімделгіштік деңгейі – мақсат пен іс-әрекет үдерісіндегі қол жеткізген нәтижелер арасындағы сәйкестік жөнінде қорытынды шығарылады. Мінез-құлықтың аса бейімсіздігі (ұсынылғанда қызыл түспен көрсетіледі) невротикалық ауытқулар, шешім қабылдау аймағындағы үйлесімсіздікті немесе қандай да бір тұтқиыл жағдаяттың нәтижесі туралы ақпар беруі мүмкін.
Әдістемені өзін-өзі бағалауға да, сондай-ақ адамдарда бақыланатын мінез-құлықты (сырт қарағанда) бағалау үшін де қолдануға болады. Соңғы жағдайда сыналушы басқа адам туралы өзінің түсінігіне сүйеніп, сол адам үшін жауап бергендей болады. Топтың түрлі мүшелерін (мысалы, еңбек ұжымын) тестілеу нәтижелерін қоса келе, оның қандай да бір мүшесі, мысалы, көшбасшысының жалпылама «ұсынылатын» портретін жасауға болады. Әрі оған басқалардың қатынасы жөнінде қорытынды шығаруға болады.
Теориялық негізі
Әдістемені Т.Лири, Г.Лефорж, Р.Сазек 1954 ж. құрастырды және ол субъектінің өзі және идеалды «Мені» жайындағы түсініктерін, сондай-ақ кіші топтардағы өзара қарым-қатынасты зерттеуге арналған. Оның көмегімен өзін бағалау мен өзара бағалаудағы адамдарға қатысты басым типті анықтауға болады. Мұнда екі фактор бөліп көрсетіледі: «басымдық-бағыну» және «жылы шырайлылық-агрессиялылық».

Әдістеменің сипаттамасы

Америкалық психолог Сальваторе Мадди (Maddi) 1984 ж. құрастырған ағылшындық сауалнама Hardiness Survey сауалнамасының қазақ тіліне бейімделген нұсқасы. Орыс тіліне тұпнұсқаны Д.А.Леонтьев, Е.И.Рассказова аударды, басқа нұсқаларын түрлі авторлар орындаған.

Теориялық негізі

Hardiness-тің ағылшын тілді нұсқасын Д.А.Леонтьев өміршеңдік деп аударуды ұсынды. Өміршеңдік ұғымы бір жағынан экзистенциалды-гуманистік психологияның түсініктер аппаратына, екінші жағынан қолданбалы психологияға сүйенеді.

Өміршеңдік теориясының құрылуына әкелген бастапқы мәселе «стресске төтеп беру мен ішкі қысымды төмендетуге (немесе тіпті алдын алуға) ықпал ететін қандай психологиялық факторлар?» болды.

Өміршеңдік деп аталған фактор – ол тұлғаның жағдаяттық әсерленулеріне мүмкіндігінше тәуелсіз ететін, белгісіздік пен таңдау жасау қажеттілігі кезінде өзектенетін тұрақты негізгі мазасыздануды жеңуге мүмкіндік беретін әлдебір экзистенциалдық ержүректілік.

Өміршеңдік (hardiness) өзі, әлем, әлеммен қарым-қатынас туралы пайымдаулар жүйесінен тұрады. Бұл салыстырмалы түрдегі үш автономдық компоненттен тұратын диспозиция: қатысу, бақылау, тәуекелді қабылдау. Бұл компоненттердің айқындығы мен жалпы өміршеңдігі күйзелісті игеру (hardy coping) мен оларды мейлінше мәнсіз деп қабылдау күйзелісті жағдаяттағы ішкі қысымның пайда болуына кедергі келтіреді.

Қатысу (commitment) «болып жатқандарға қатысу тұлға үшін маңызды әрі қызық бірдеңе табуға мүмкіндік береді дегенге сену» ретінде анықталады. Қатысу компоненті дамыған адам өз іс-әрекетінен ләззат алады. Ал қатысудың жоқтығы аласталу, өзін өмірден «тыс» қалу сезімін тудырады. Егер сіз өзіңізге сенімділікті және әлемді кең пейілді деп сезінсеңіз, онда сізге қатыстырылу тән.

Толық нұсқасын сатып алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау бетіне өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдаңыз!

Әдістеменің толық нұсқасын жүктеп алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау сілтемесі арқылы өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап, 500 тг аударып, төлемақы түбіртегінің көшірмесін редакцияның info@artpsy.kz электрондық поштасына жіберуіңіз керек. Содан соң сіз көрсеткен электрондық поштаға әдістеменің толық нұсқасы жіберіледі.

Назар салыңыз! Бірнеше әдістемеге тапсырыс берсеңіз, жеңілдіктер қарастырылған.

 

М.А.Панфилованың

«Кактус»

графикалық әдістемесі

Тест 4 жасар балалармен жүргізіледі.

Мақсаты – баланың эмоциялық аймағының ахуалын анықтауға, агрессияны, оның бағыты мен қарқынын анықтау.

Нұсқау. Параққа (А4) өзіңнің елестетуің бойынша кактусты сал.

Сұрақтар мен қосымша түсіндірмелерге жол берілмейді. Балаға сурет салуға қалауынша уақыт беріледі. Салып болған соң баламен сұхбат жүргізіледі.

Толық нұсқасын сатып алу үшін сайттың Журнал қызметтеріне төлем жасау бетіне өтіп, өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдаңыз!