Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

360 қаралым

Адамгершілік, патриотизм, қайырымдылық

0

Ибраева Ләззат, 

Педагог-психолог, №40 орта мектеп, 1-май ауылы Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

Тренингтің ережесі

1. Белсенді қатысу

2. Тыныштық сақтау

3. Бірін-бірі тыңдау

4. Ойын ашық айту

5. Бірін-бірі сынамау

6. Ынтымақтылық

Мақсаты: Бала бойында адамгершілік, патриотизм, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту. Оқушылардың өздерін жан-жақты, тереңірек ашуына бағыт бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін тануға көмектесу, жақсы қасиеттерді бала бойына дарыту.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, ойын, сауалнама, топпен жұмыс.

Шарты:

1. Сәлемдесіп, танысу тренингі

2. Топтың атын жеребе арқылы анықтау

3. Плакат арқылы топтарын қорғау

4. “Менің қайырымды, патриоттық, адамгершілік істерім“ тренингі

5. Мақал-мәтел жарысы

6. Жұмбақтарды шешу

7. Қоштасу тренингі. Суретті тест.

Сәлемдесу тренингі

Аз уақыт ішінде топ есімдерін есте сақтау жаттығуға қатысушылар шеңбер құрып тұрады.

Нұсқау: Жұмысымызды сәлемдесуден, таныстықтан бастаймыз. Әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің жақсы қасиетін және өз есімін айтады.

Топтың атын жеребе арқылы анықтау. Топтарын қорғау

«Менің қайырымды, патриоттық, адамгершілігі мол істерім» тренингі.

«Достарым менің, мен бір күнімді жоғалттым!». Бұл сөздерді атақты император Тит бір күні кешке тамақ үстінде, күн бойы ешкімге жақсылық нәрсе істемегені есіне түсіп айтқан екен.

Адамдар өз жақындарына, туған туыстарына, қарапайым таныстарына, еліне, жеріне деген патриоттық істері, қарапайым таныстарына тек қана сөзбен емес, нақты істермен көрсетуі керек. Кешегі өткен күні қандай нақты қайырымды іс, адамгершілікті істер жасағаныңызды еске түсіріңіз. Ол адам кім? Сіз ол кезде не сезіндіңіз? Сізге ол адам қандай алғыс білдірді? Қайырымды, адамгершілігі мол, патриоттық іс істеуге қабілеттісіз бе? Егер жоқ болса, не кедергі етеді? Рақмет білдіруді сіз үнемі сыйлық алу деп күтесіз бе? Немесе қайырымды, адамгершілігі мол, патриоттық іс істеуге сіздің уақытыңыз жоқ па? Өз әдет-дағдыларыңызды талдап көріңіз.

Мақал-мәтел жарысы

Жұмбақтарды шешу

Балшықта тақтай жатыр, ол не көрмейді, не таттанбайды?

Бес үйге бір есік.

Екі бас алты аяқ.

Ақ қайыңдардың ар жағында су-су бұзау

Түскі аста ең қажетті не?

Екі ағайындыны жол айырып тұр, бір-бірін көрмейді.

Екі ағайыннан асқан сенімді жоқ.

Отар толы қойлар.

Суретті тест

Нұсқау: Қатысушылар ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың суретін салып бүгінгі тренингте алған әсерлерімен бөліседі.

Күннің суреті: тренингке қатысушылардың толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті: алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті: ешқандай әсер алмағаны.

Share.

Leave A Reply