Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
227 қаралым

9-шы сыныптарға арналған психологиялық танымдық ойын

0

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Бүгін сіздер «Мен мамандық әлеміндемін» атты 9-шы сыныптарға арналған психологиялық танымдық ойынына жиналып отырсыздар!
1. Оқушылармен таныстыру.
2. Қазылар алқасымен таныстыру.
3. Ойын шартымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.
Кіріспе.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қаже дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесіне ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

Сайыстың барысы:
1. «Таныстыру» сайысы
Бұл сайыста әр топ өзінің атауын, ұранын, төсбелгісін қорғауы керек.
Қазылар алқасына сөз беру.

2. «Әріпті мамандық» сайысы

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталған мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
№1: «Т» әрпінен басталатын мамандық.
№2 «А» әрпінен басталатын мамандық.
№3 «Ш» әрпінен басталатын мамандық.
№4 «А» әрпінен басталатын мамандық.
Қазылар алқасына сөз беру.

Кіріспенің жалғасы
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ, өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Қазіргі кезде өз сұранысын жоймаған, кең тараған мамандықтарға шаштараз, тігінші, құрылысшы, аяқ киім шебері, ағаш ұстасы т.б. атап айтуға болады. Қандай мамандық болмасын адам өз таңдауына қызығушылығы болса, өз жұмысын ұнатып істейді.

3. «Ең жақсы» сайысы
Әрбір командаға нұсқау беріледі. Қазір сендерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сендер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін жазуларың және айтуларың қажет. Мысалы: жануарлармен көп жұмыс жасайтын мамандықтар (зоотехник, ветеринар немесе мал дәрігері, мал өсіруші т.б.) Осы тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
№1:
Ең тәтті көп мамандық
Ең жауапты көп мамандық
№2:
Ең жасыл көп мамандық
Ең спортты көп мамандық
№3:
Ең күлкілі көп мамандық
Ең ақшасы көп мамандық

Қазылар алқасына сөз беру.

4. «Танысу» сайысы
Ойынның шарты: Кез-келген бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен асталатын кәсіпті айтады. Мысалы: мұғалім-механик-кондитер т.б. Ойын осылай жалғаса береді.
Қазылар алқасына сөз беру.

5. «Мамандықты тап» сайысы
Әр қатысушы тақтаға шығып, мамандықтар жазылған үлестірмелерді алып, сол жазылған мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалған оқушылар мамандықты табу керек. Мысалы: мұғалім, суретші, есепші, сатушы, аула жинаушы, әнші, биші, футболшы, МАИ қызметкері, аспазшы, тележүргізуші, дәрігер, тігінші, шаштараз, құрылысшы.

6. «Капитандар» сайысы
Бұл сайыста топ капитандарына бір сөз беріледі және сол сөздің ішіндегі әріптерді пайдаланып басқа сөздер құрастыруы керек. (мысалы, «МАМАНДАНДАРЫЛҒАН» деген сөз)
Қазылар алқасына сөз беру.

ІІІ. Қорытынды.

Қазылар алқасына сөз беру.
Номинациялар бойынша: «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік топ капитаны»
Марапаттау: І орын-мадақтама, ІІ орын-мадақтама

Құрметті көрермендер, осымен 9 сыныптар арасында өткізілген «Мен мамандық әлеміндемін» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше!

Ауғамбаева Алтыншаш Құдайбергеновна
Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға
арналған арнайы мектеп-интернатының мұғалімі

Share.

Leave A Reply