Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

Кәсіби жанудың алдын алу тренингі

«КӘСІБІМ – НӘСІБІМ»

педагогтарға арналған кәсіби жанудың алдын алу тренингі

Кәсіби жану және оны жеңу жолдарына арналған тренинг бағдарламасы

 

Кәсіби жану – ол созылмалы стрестен пайда болатын және адаммен жұмыс жасайтын маманның тұлғалық және эмоциялық-күш-қуатының сарқылуы.

Кәсіби жану синдромы – адамдармен жұмыс жасайтын педагог, әлеуметтік қызметкер, психолог, дәрігер, менеджер, журналист, іскер және саясаткер  адамдар көп шалдығатын аса қауіпті кәсіби күйреу.

Кәсіби жану іште жиналған жағымсыз эмоциялар сыртқа уақтылы шықпағанда пайда болады. Ол адамның эмоциялық-күш-қуаттық қорларын тоздырады: пессимизм, апатия, депрессия, өмірдің мән-мағынасынан айрылуы; өзін кінәлі және тәуелді сезіну. “Жанашырлық танытудың қайтарымы – эмоциялық жану” деп Кристина Маслач текке айтпайды. Олай болса, оған шалдықпау жолдарын үйренейік!

Кәсіби жану синдромының алдын алу немесе салдарын жою үшін сіздерге ұсынылып отырған тренинг келесі мақсаттарды көздейді.

Мақсаты:
Қатысушылардың кәсіби компетенттілігін арттыру және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға жағдай тудыру үшін кәсіби жанудың алдын алуы мен оны жеңуі бағытындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңарту.
Қатысушылардың қызмет бабындағы психологиялық денсаулығын сақтау.

Міндеттері:
«Кәсіби жану», «кәсіби стресс» түсінігімен, сипаттарымен таныстыру.
«Кәсіби жану» белгілерінің көрінуін талдау, кәсіби іс-әрекетке көңілі толмау көздерін анықтау.
«Кәсіби жану» синдромының алдын алуға ықпал ету шараларын тудыру.

1 модуль. Эмоциялық жану туралы түсінік.
Міндеттері:
Кәсіби іс-әрекеттегі эмоциялық жану: оның симптомдары, себептері, салдары туралы ақпараттандыру;
Өз жеке басынан өткен эмоциялық жану синдромын көкейкесті ету;
Эмоциялық жанудың жағымсыз ықпалын азайту үшін релаксацияның негізгі дағдыларын үйрету.

2 модуль. Коммуникативтік компетенттілік.
Міндеттері:
Қарым-қатынастың 3 компонентті құрылымы туралы ақпараттандыру: әлеуметтік-перцептивтік қарым-қатынас (сұхбаттас бейнесін құрудың психологиялық тетіктері), қарым-қатынастың коммуникативтік жағы (вербалдық және бейвербалдық қарым-қатынас құралдары), қарым-қатынастың интерактивтік жағы (позициялар мен рөлдер);
Өзінің коммуникативтік ерекшеліктерін түсіну;
Қарым-қатынастың вербалды және бейвербалды құралдарын қолдану арқылы өз өмірінің түрлі салаларында тиімді қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру.

3 модуль. Конфликтілі жағдайлардағы конструктивті мінез-құлық.
Міндеттері:
Конфликтінің түрлері, негізгі құрылымдық элементтері, динамикасы, пайда болу тетіктері, конфликтідегі конструктивті және конструктивті емес мінез-құлық стратегиялары жөнінде ақпараттандыру;
Конфликтідегі өзінің мінез-құлқын түсіну;
Конфликтідегі конструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

4 модуль. Өзін-өзі реттеу.
Міндеттері:
өзін-өзі реттеу, оның негізгі әдістері, стрестен арылу тәсілдері туралы ақпараттандыру;
Стрестен арылу, өзін-өзі реттеудің тәсілдерін қолданудың жеке тәжірибесін еске түсіру;
өзін-өзі реттеудің негізгі тәсілдерін үйрету.

5 модуль. Уақытты басқару.
Міндеттері:
Уақыт тапшылығының негізгі себептерімен, уақытты жоспарлаудың ережелерімен таныстыру;
Жұмыс уақытын қолдануды, оны жоспарлауды талдау;
Уақытты тиімді жоспарлау мен бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Жүзеге асыру әдістері.
Сабақтарда релаксациялық жаттығулар, арт-терапиялық әдістер, денеге бағдарланған психотерапия әдістері, мини-дәрістер, басқа да практикалық психологиялық тренингтер қолданылады.

Күтілетін нәтижелер:
Кәсіби жану синдромының алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру барысында төмендегілерге қол жеткізу көзделеді:
Қатысушылардың эмоциялық беріктігін және кәсіби іс-әрекеттегі психологиялық жүктемелерге дайындығын арттыру;
Қатысушылардың созылмалы шаршаңқылығы синдромы мен кәсіби жануының алдын алу дағдыларын дамыту, өзіне сенімділігін нығайту, Мен-бейнесі құрылымындағы педагог бейнесін қалыптастыру;
Физикалық және психикалық денсаулығын сақтап қалу үшін білім саласы мамандары мен өз кәсіби іс-әрекетінен бас тартуға дайын тұлғалардың мазасыздану деңгейін төмендету;
Оқушыларға білім беру сапасын арттыру;
Білім саласы мамандарының әлеуметтік-психологиялық кәсібилігін арттыру.

Посттренинг және нәтижені бағалау
Тренингке қатысушылар жұмысының нәтижесін бағалау көрсеткіштері келесідей болуы мүмкін:
Қатысушылардың жеке мәселелерінің шешілуі;
Топқа қатысушы педагогтар арасында мазасыздану деңгейінің, созылмалы шаршаңқылығының төмендеуі;
Педагогтардың өзіне өзі көмектесу тәсілдерін игеруі.

Сертификаттау: Қатысушыларға әр модуль үшін академиялық сағаты көрсетілген сертификат беріледі. Барлық модульден өткен соң қатысушылар өтілген материалдар бойынша бітіруші тапсырмасын орындайды.

Оқыту реті: Барлығы 5 модуль. Әр модуль 16 академиялық cағаттан. Модульдердің өткізілуі 2 ай сайын. Барлығы  72 сағат.

Қатысушылар санаты: психологтар, педагогтар және басқа да білім беру саласы мамандары.

Қатысушылар саны: 8 — 30 адам.

Тренинг ақысы: 1 модуль үшін 18000 тг.

Тренинг ақысының ішіне: қатысушыларға арналған таратпалар, посттренингтік сүйемелдеу кіреді.

Жеңілдіктер: Uilesim тренинг орталығының басқа тренингтеріне қатысқандарға 10% жеңілдік беріледі. Басқа да жеңілдіктер мен бонустар бар.

Тренер: Қайырова Жаңагүл Амантайқызы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог, тренер, арт-терапевт, денеге бағдарланған психотерапевт, оқытушы, «Қызықты психология» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, «Үйлесім» тренинг орталығының директоры.

Тренингтік бағдарламаға ЖОО-дағы көп жылдық оқытушылық еңбек тәжірибесі енгізілген.

Өту орны: тренинг өткізуге тапсырыстар қабылдаймыз.

Қатысу үшін хабарласыңыз: +7 777 146 1414

Uilesim тренинг орталығының басқа да тренингтері сізді қызықтыруы мүмкін:

http://artpsy.kz/uilesim-trening-ortalygy/