Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
188 қаралым

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың әдіс-тәсілдері

0

Буркитбаева Г.А.,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ

Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында: «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» жолдауында басты назарда болып, айтылды. Психологиялық тексеру –кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.
Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, жаратпау және еркелету эмоцияларын ажырата алады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, адам бетіне аянышты түрде қараумен білдіреді.
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балалар селсоқ, өзіне-өзі сенімсіз, кейбіреулері шектен тыз ызақор болып келеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болады. Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Міне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің қиындығының өзі де осында.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ жүргізетін мұғалімге қойылатын талап та жоғары. Ол мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
1. Мүмкіндігі шектеулі бала мен мұғалім арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;
2. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
3. Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру;
4. Балаларға сабақ жүргізу барысында тапсырманың бала зердесіне әсер етуін, оның қабылдауын, есте сақтауын назардан тыс қалдырмау;
5. Бала ата-анасымен тығыз байланыста болу;
6. Сабақ жүргізу барысында түрлі ойын элементтерін көбірек қолдану.
Негізінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақты, көбіне, олардың жанына жақын ойын түрінде өткізу тиімді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс береді.

Share.

Leave A Reply