Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

442 қаралым

Өмірлік мақсатқа жету тренингі

0

Жаманкулова Айгерим Мерекеевна, 

Психолог, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, Көкжыра ауылы, Тарбағатай ауданы, ШҚО

Әрбір адамның алдында көздеген мақсаттары болады,

бұл мақсаттар тұлға үшін өте маңызды, егер шынымен мақсаттарын саналы,

терең иланым ретінде мойындайтын болса, ол жүректен шыққан үн…

К.Маркс

«Сіздің жақын және өмірлік мақсаттарыңыз»

«Ішкі әлем картасы»

Контур. Контур әлемнің шекарасы. Ішкі әлемнің шекарасы неге ұқсайды? Адамның дене мүсіні, жүрек символы. Өз алақаныңның фантастикалық контуры…

Ландшафт. Контурмен шектелген ішкі әлемді бояңыздар. Мұнда ерекше ландшафттың пайда болатындығы сөзсіз: таулар, дала, өзендер, көлдер, орман, сары дала, шөл.

Шартты белгілер. Картаны бояу кезінде қолданған түстерді шартты белгілермен тіктөртбұрыш тәрізді кішкентай фигураға салыңыздар; түсті тік төртбұрышты бірінің үстіне бірін қойыңыз; түсті тік төртбұрышқа ерекше мән беру керек.

Шартты белгілердің мәні. Ішкі әлемнің картасын, ландшафттар ішкі процестермен байланысты болуы керек: ойлар, сезімдер, ниеттер, армандар. Мүмкін ойдың шекарасы, ниеттердің орманы, көлдей махаббат, өзендей даналық, батпақты түсініспеушілік т.с.с. Әрбір тік төртбұрыш қандай мағына беруі керек, оны өздеріңіз шешесіздер.

Саяхаттау маршруты. Картаға жақсылап қараңыздар, болжап отырған саяхатты жалаумен белгілеңіз. Бұл белгіні «мақсаттар жалауы» деп белгілейміз.

Енді әлем шекарасына жақсылап қараңыз. Осы әлемге кіруді болжайтын орынды ерекше жалаумен белгілеңіз. Бұл кіру «кіру жалаушасы» деп атаймыз;

Маршрутты мақсатқа дейін жеткізуіміз керек. Енді қараңыздар, «мақсат жалауы» қай жерде, қалай баруға болады, Өз маршрутыңызды кішкене бағыттамамен белгілеңіз.

Өз карталарыңызға жақсылап қараңыздар және осы әлемнен шығатын орынды ерекше жалаушамен белгілейміз. Кейде ол кіру жалауымен сәйкес келіп жатады.

Жалауды «мақсат жалауынан» «шығу жалауына» дейін маршрутты белгілейміз;

Енді өз маршрутыңызға зейін салып қараңыз, ол жерді бір белгімен белгілейміз.

Талдау.

«Ішкі әлем картасы»

Сурет энергиясы

Бұл суреттен алынған ерекше сезім; «картаны» туғызатын сезім. Үйлесім мен жылулықты сезіну немесе мазасыздық, шаршау, қажу, күйзеліс…

Мақсат жалауының орналасуы. «Мақсат жалауы» әртүрлі территорияда орналасады. Шартты белгілер кестесіне қарай отырып, оның атауын біле аласыз.

1 мысал: Мәселен, «мақсат жалауы» сізде жоғары жақта орналасса онда сіз белгілі бір әлеуметтік статусқа жетуге, армандарыңыздың орындалуына тырысасыз.

2  мысал: «Мақсат жалауы» «далада» орналасса онда сіз әлі ойлану үстіндесіз.

3 мысал: Егер «мақсат жалауы» сулы аймақта орналасса сезімталдық, эмоционалдылық, ішкі тыныштық күйі, қанағаттануды білдіреді.

4 мысал: «Мақсат жалауы» екі немесе үш аймақта орналасса, бұл мақсаттар түрліше үйлесімді болуы керек.

Сонымен, «мақсат жалауының» орналасуында «карта» авторы қандай жағдайды санасыз түрде айтуға тырысады (гармония, демалыс, қанағаттану, сәттілік…).

Мақсат жалауының орналасуы

Егер «мақсат жалауы» картаның ортасында орналасса мақсатқа жету автордың жағдайын үйлестіруге негіз болады: мейірімділік, тыныштық, тұрақтылық.

Тігінен:

Сол жағы. Өткенді бейнелейді, адамның орындалған мақсаттары. Бұл адамның ішкі әлемі, терең тұлғалық үрдістерді бейнелейді. Интроверсия.

Ортасы. Ортаңғы бөлім адам үшін өзекті жағдайларды сипаттайды. Не туралы ойлайды, неге ұмтылады.

Оң жағы. Болашақты бейнелейді. Әлеуметтік үрдістер. Әлеуметтегі өзара қатынастар. Болашаққа ұмтылу. Экстраверсия.

Көлденеңінен:

Жоғарғы бөлігі менталды үрдістерді бейнелейді: ойлар, идеялар, фантазиялар, жоспарлар, еске алу, естеліктер…

Орталық бөлігі эмоционалды үрдістерді белгілейді.

Төменгі бөлігі шынайы әрекеттер сферасы, аяғынан тұрып кету, шынайы мақсаттардың орындалуы.

1.   Егер «мақсат жалауы» оң жақ бөліктің жоғарғы жағына орналасса, ондай адам «идеялар генераторы», үнемі болашаққа ұмтылады. Мұндай адамдарға жаңаны іздеу, стандартты емес тапсырмаларды орындау қиын емес.

2.   Егер «мақсат жалауы» сол жақ төменгі бөлікте орналасса онда «дәстүрлерді сақтаушы» адам, өзі үшін тиімді әдістерді қолданады, ойластырған әрекетті практикалық тұрғыда жетілдіруге қабілетті.

Маршрут сипаттамасы

1.   «Мақсат маршруты» қандай аймақтардан жүрді?

Мәселен, мақсатқа жету маршруты бірінші кедергілер тауынан өтеді, одан кейін реніш даласына, одан кейін іздеу даласына, үміт өзенінен өтіп сәттілік тауына дейін барады. Сізде мақсатқа жету жолында кедергілер бар ма?

2.    Маршрут «тура» жүрді ме? Немесе бүкіл әлемді шарлады ма?

Бұл бақылау мақсатқа жетудегі қозғалыстың стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрылмайтын, тура жүретін адамдар да бар. Олар мақсаттарын көріп тұр, және өздеріне сенімді. Ал егер бүкіл жерді шарлап кетсе онда адам шығармашыл, қызығушылығы жоғары. Ол барлық жерде саяхаттағысы келеді.

3.    Сонымен қатар шеңбермен айланып жүретін адамдар болады. Бұл мәселелердің шешілмегендігін көрсетеді немесе аздаған ресурстық жағдай болуы да мүмкін.

«Кіру жалауы» мен «шығу жалауының» орналасуы

1.    «Кіру жалауы» мен «шығу жалауы» сәйкес келсе («Картаның» бір бөлігінде болса) бастаған ісін аяқтай алатын адам.

2.    «Кіру жалауы» төменгі жақта орналасса, «шығу жалауы» жоғары жақта орналасса, адам практикадан теорияға  өтуге қабілетті. Бірінші әрекет етеді, одан кейін ойланады.

3.    «Кіру жалауы» жоғары жақта болса, «шығу жалауы» төменгі жақта болса, адам теориядан практикаға қарай жүреді. Бірінші бәрін ойланып алады, кейін іске көшеді.

4.    «Кіру жалауы» сол жақта орналасса, «шығу жалауы» оң жақта орналасса, ендеше мұндай адам шешім қабалдамас бұрын, қандай да бір істі бастап, алаңдайды, мазасызданады. Бірақ қозғалысты бастай отырып, болашақ сезімі туындайды. Жаңа істерге бұрынғы дағдыларды қолдануға қабілетті болады.

5.    «Кіру жалауы» оң жақта орналасса, «шығу жалауы» сол жақта орналасса, онда адам жарамды және қажетті идеяларды таңдайды, сезімдері жақсы жетілген. Инновациялықты дәстүрліге айналдырып құруға қабілетті.

Өзекті жағдай нүктесі

Өзекті жағдай нүктесі қазір сіз қандай жерде тұрсыз, соны анықтайды.

1. Егер өзекті жағдай нүктесі «мақсат жалауына» дейін болса, онда мақсат шамшырақ сияқты, жолды ашады және күш береді.

2. Егер өзекті жағдай нүктесі «мақсат жалауынан» кейін болса онда карта авторы жетістіктерге жеткен, енді жаңа жетістіктерді қалыптастыруға тырысады.

Рефлексияны «Саяхат» немесе «Келбет» деп алуға болады. Мәселен «Саяхат» рефлексиясын алатын болсақ, онда әр қатысушы «Бұл саяхат мені…» деген фразаны жалғастырып өз көңіл-күйлерімен бөліседі. «Келбет» рефлексиясы үшін адамның келбеті салынған сурет болады, осы сурет арқылы әр қатысушы өздерінің алған әсерлерімен бөлісе алады.

Тренингке қатысқандарыңыз үшін рақмет!

Share.

Leave A Reply