Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Өз балаңа үлгі бол

0

Искакова Даметкен Ғосманқызы,

Психолог, №2 ЖОББМ Ақсу қаласы

21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы Ақсу қаласындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында 10 қыркүйекте 2016 жылы сағат 10.00 жалғасын тапты.
Бұл конференцияны «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласындағы «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» және «ҚР Білім және ғылым министрлігі» қолдауымен өткізілді.
Конференцияға қалалық білім басқармасының өкілі Бердыгожина Бахыт Бекболатқызы және 1-ші сынып ата-аналары және сынып жетекшілер, мектеп директоры, психологтардың қатысуымен өтті.
Алғы сөз Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің және Астана қаласынан Отбасылық Тәрбиелеу Институтының атынан хатын оқу мектеп директорына А.А.Шалабаеваға берілді.
Мектеп директоры: Сіздерді Қазақстанның отбасы күнімен құттықтаймын!
Біздің бүгінгі кездесуіміз ата-ана мен мектептің тығыз өзара қарым-қатынасқа дайын екендігін сезінуге септігі тиеді деген сенімдемін. Қатысып отырған әрқайсыңыз да мектеппен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсініп, мектептің жұмыстарына белсенді қатысуға ықылас пайда болады деген үміттемін. Бірінші сынып оқушылары үшін өмірдің ең маңызды жаңа – мектепте білім алу кезеңі басталады. Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Он екі жыл көзді ашып жұмғанша өтеді де кетеді: 2028 жылы бұл балалар үлкен өмірге аяқ басып 21 ғасырда Қазақстанның іргесін берік әрі гүлденген мемлекет ету үшін еңбек етуді бастайды. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын ұрпақ тәрбиелеуге шақырды.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты бүгінгі конференцияға қатысушы барлық ата-аналарға жақсы көңіл-күй тіледі. Сіздердің әрқайсыңызда балаларыңызға сенімді сүйеу болуға жеткілікті күш-жігер, даналық бар екеніне сенімдіміз. Отбасы тәрбие бастауы екендігін ұмытпаңыздар құрметті ата-аналар деп сөзін аяқтап және соның көрінісі ретінде қатысушыларға «Бақытты отбасы» атты ролик көрсетілді.
Бұл конференция «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты баяндамамен мектеп психологы Искакова Даметкен Ғосманқызы жалғастырды.
Өз баяндамасын Қазақстан Республикасындағы орта білім беру реформасының аясында білім берудің артықшылығының негізгі мәселесіне тоқталды.
Реформа ұлттық қазақ халық педагогикасы дәстүрін сақтай отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірибені ескеріп өткізіледі.
Реформадағы басты бағыт:
балалар білім алуды 6 жастан бастайды.
орта мектепте оқу мерзімі 12 жылға созылады, оның ішінде, АҚШ-та, Канадада, Германияда, Францияда және басқа да көптеген елдерде өзінің қабілеттілігін дәлелдеді. 12 жылдық білім алу ғана біздің балаларымыз үшін орындалмайтын артық физикалық жүк түсірмей қазіргі таңда барлық қажетті пәндерді және тәртіпті мектеп бағдарламасына сыйғыза алады.
Мектептерде пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік) Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізу мен қазақ тілінің мәртебесін нығайту, елімізді мекендеген барлық ұлттары мен ұлыстары өкілдерінің рухани ауызбіршілігінің, өзара түсіністігі мен өзара сыйластығының бірыңғай аясын жасауға мүмкіндік береді. Қазақ халқы әрдайым ықпалдастырушы болған; ол болашақта да Қазақстан қоғамын шоғырландырушы негіз болып қалуы тиіс.
Орыс тілін білу – Қазақстан халқын шоғырландыратын негізгі маңызды фактор. Орыс тілі – екінші орында: бұл – Қазақстанды мекендеген орыс халқы (24%) үшін, сондай-ақ Қазақстандағы көптеген еуропа халықтары үшін де туған тілдері болып саналады.
21 ғасырдағы өмір шындығы осындай, кез-келген кәсіби жетістікке, өзін-өзі кемелдендіруге және танытуға талпынған адам үшін, қызметтің көптеген салаларында – ІТ технологияларда, құрал – және автокөлік жасауда, биомедицинада, кибернетикада және басқаларында жаңа деректерге қол жеткізудің қажетті шарты – ағылшын тілін меңгеру болып отыр. Ағылшын тілін білу мамандықта да, өмірде де жолыңды ашады, өзің үшін түрлі мәдени жаңалықтарды ашып, ой-өрісіңді кеңейте отырып, жағымды және ұмытылмас әсерлі саяхаттар жасауға болады.
Осы талаптарға сай психолог бірінші сыныпқа келген оқушылардың ата-аналарына байланысты ұсыныс-кеңестеріне тоқталды. Сіздердің әрқайсыңыз бақытты ата-ана болғыңыз келеді, яғни өз балаңызбен мақтанғыңыз келеді. Оқудағы алғашқы айлар қиын кезең екенін жақсы білеміз. Бала үшін бірінші сынып бұл расында да үлкен өзгерістер уақыты. Мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр бала басынан өткереді. Көптеген пайда болған қиындықтар уақыт өте жоғалады. Оқушы мектеп өміріне жылдам бейімделгендей ең бастысы ата-ана және мектеп қолайлы жағдай жасау керек. Ата-ана тарапынын күн тәртібі, ұстаз тарапынан баланың қызығушылықтарымен ескере отырып білімін шыңдау. 1-ші сынып оқушысы өте әсершіл, өз-өзіне сенімсіз болып келеді. Оқушы, ата-ана, ұстаз арасында тығыз байланыс болу керек, өйткені сол кезде бала дұрыс мектепке және жаңа ортаға бейімделеді. Отбасында мектеп пен мұғалімдер жайлы негативті пікірлер білдірмегені абзал, себебі баланың бейімделуіне кері әсер тигізеді.
Ата-аналарға ең маңызды кеңестер:
Балаңыз 1-ші сыныпқа барғанда мектептің талап, тәртіптерін балаға түсіндіру керек.
Әрдайым балаңыз сіздердің мейіріміңіз бен махаббатыңызды сезіну керек, ол сіздің сенімділік білдіргеніңізге мұқтаж.
Мұғалім беделін ардайым бейікке көтеру керек.
Балаңызға көп көңіл бөлуге тырысыңыз және оған өз ойын білдіруге мұрша беріңіз.
Сабырлық танытыңыз және қателік жасауға ол құқылы екенін ұмытпаңыз.
Баланы ешқашан салыстырмаңыз.
Алғашқы жетістіктері үшін әрдайым мақтап мадақтап отырыңыз деп баяндамасын аяқтады.
Конференция қалалық білім басқармасының өкілі Бердығожина Бақыт Бекболатқызы, ата-аналар ұйымының мүшелері Кенжеғалиева Мәдина Баймырзақызы, Жапашева Гүлмира Уәлиқызы және сынып жетекшілері өзгерістер мен толықтырулар жайында пікірлерімен аяқталды.

Share.

Leave A Reply