Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

422 қаралым

Әріптестер арасындағы қарым-қатынас

0

Картбаева Г.Т.,
Психолог, №7 орта мектеп Мұнайлы ауданы, Маңғыстау облысы

(«Химия, биология пәндерін оқытудағы проблемалық – интерактивтік оқыту және іске асыру әдістемесі» атты облыстық семинарында мұғалімдермен жүргізілетін тренинг)

Жалпы мақсаттар: Әрбір қатысушының өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту, сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау. Шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, баланы жанымен түсініп, оның пікірімен санасып шешімін сыйлауға дағдыландыру.
Негізгі идеялар: Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты жеткізу.
Жеті модуль: 1,2,3,4,5,6,7 модуль
Тапсырмалар:
1-тапсырма «Танысу тренингі»
2-тапсырма «Сергіту сәті»
3-тапсырма «Жасырын хат, ойлан тап!»
4-тапсырма «Көңіл-күй жаттығуы»
Кейінгі тапсырмалар. Рефлексия
Тренердің іс-әрекеті
Тренинг бойынша тренердің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Қатысушыларды «бас», «қол», «жүрек», арқылы топқа бөлу
ІІ. Жаңа сабақ:
1-тапсырма (7-минут)
«Танысу» тренингі
Қатысушылар өздерін жетістіктерін айтуға мүмкіндік.
2-тапсырма. Сергіту сәті «Қасиеттер жиыны» ойыны. (10-минут)
Қажетті құралдар: доп.
Барысы: ұстаздар ортаға шығып, дөңгелек тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез-келген қатысушының біреуіне допты лақтырып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады.
3-тапсырма. «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі-түсті фломастерлер, өшіргіш, сызғыш.
Уақыты: 15-20 минут.
Барысы: қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Жүргізуші: ерте-ерте ертеде… әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны байқап көреміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіз.
Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» 1-ші топқа арналған хат.
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» 2-ші топқа арналған хат.
«Жексенбі күні сағат 15:00-де менің туған күніме кел» 3-ші топқа арналған хат.
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
4-тапсырма. «Көңіл-күй жаттығуы»
Түрлі-түсті фломастерлерді пайдалана отырып, сол қолмен абстракты сызық, әр түрлі дақ фигураларды салыңыз. Өзіңіздің көңілсіз сәттеріңізді салып жатырмын деп ойлаңыз. Енді сол суретті қуанышты шаттанған көңіл-күй сезіміңізді білдіретіндей етіп өзгертіңіз.
Осы суреттегідей әр уақытта көңілді болыңыздар!
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет!

Сілтеме. Психологиялық тренингтер жинағы.

Share.

Leave A Reply