Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
147 қаралым

Әлеуметтік тұрғыдан қараусыздықтың салдары

0
Фото: Асимбекова А.И.

Фото: Асимбекова А.И.

Асимбекова А.И.,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагогика, психология кафедрасының оқытушысы

Пәні: Топтағы қиын балалармен жұмыс. (мамандандыру: Мектеп психологы)

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік тұрғыдан қараусыздықтың салдарынан қиын баланың пайда болатындығы туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Отбасы тәрбиесінің дұрыс болмауына байланысты «қиын» балалардың пайда болуы туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Студенттердің дұрыс ойлау қабілеттерін дамыту, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын ояту.
3. Студенттерді адамгершілікке, шығармашылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

IV. Жаңа білімді меңгеруін тексеру.

V. Бекіту

VI. Үй тапсырмасы жайында мәліметтер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі -иллюстрациялы, мәселелік баяндау, әңгімелесу, демонстрация, практикалық.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта.
Қолданылған әдебиеттер: Н.И.Рогов. «Тәжірибелік психология», Г.Сұлтанова «Мектептегі психологиялық қызмет», «Мектеп психологы» журналы, «Қызықты психология» журналы.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Топпен сәлемдесу,
Топты түгендеу.
Аудиторияны сабаққа әзірлеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
«Адамға ең бірінші, білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол оның барлық өміріне апат әкеледі». Әбу Насыр әл-Фараби.
(Мағынасын бірлесе талқылау)
Студенттерді сабақтың тақырыбымен, қойылған мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
Жоспар:
1. Әлеуметтік артта қалушылықтың бастаулары.
2. Оқушыға деген қарым -қатынастың түрлері және олардың тұлғаны әлеуметтену процесіндегі әсері.
3. Педагог-психологтардың қиын балалармен тіл табысуы және жүргізілетін жұмыстың түрлері.

1. Әлеуметтік артта қалушылықтың бастаулары.
Жалпы баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауын ғаламда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды. Соған орай көптеген әдебиеттерде «қиын бала »түсінігінің орнына «девиантты» терминын қолданылуы өте жиі кездеседі. Жалпы «қиын мінез-қүлық», «девиантты мінез құлық », «ауытқыған мінез құлық » түсініктері синонимдер болып табылады.
Девиантты мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез құлықты айтады.
Девиация бірнеше типтен тұрады:
Девиантты;
Делинквентті;
Криминалды мінез құлық.
«Қиын балалардың» пайда болуын жеті факторға бөліп қарастырады:
Биологиялық факторлар;
Психофизиологиялық факторлар;
Физиологиялық факторлар;
Психологиялық факторлар;
Әлеуметтік –педагогикалық факторлар;
Әлеуметтік –экономикалық факторлар;
Моралдық –этикалық факторлар.
Қиын оқушылардың пайда болуына негізгі себепші факторлар:
Әлеуметтік артта қалушылық немесе отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.
Педагогикалық артта қалушылық.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстардың
төмендеуі.
«Қиын балалық шақ» бейне-ролик көрсету және талдау.
Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл – отбасы кемшілігі.
Отбасы тәрбиесінің дұрыс болмауына байланысты «қиын» балалардың пайда болуы:
Жануяның мектеппен байланысының нашар болуы;
Ата-ананың бір –бірімен өз-ара қатынасының нашар болуы немесе олардың ажырасуы;
Ата-аналардың және жанұяның басқа да мүшелерінің азғындыққа, бұзылыққа салыну (маскүнемдікке салыну, ұрлық істеу, ұрысып, жалжандасу, т.б.);
Ата-ананың балаға қол тигізіп қатты жазалауы;
Гиперқамқорлық, яғни баланы шектен тыс шолжаңдатып, оның қолын қақпай, дегенін бәрін жасап, бетімен жіберу.
(1-топ студенттердің шығармашылық жұмыстары)

2. Оқушыға деген қарым қатынастың түрлері және олардың тұлғаны әлеуметтену процесіндегі әсері.
1.Ата-ана мен бала қарым-қатынасы.
2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.
3. Оқушылардың ересектермен қарым-қатынасы.
3. Оқушылар қарым-қатынас мәдениеті.
(2-топ студенттерінің шығармашылық жұмыстары)

3. Педагог-психологтардың қиын балалармен тіл табысуы және жүргізілетін жұмыстың түрлері.
Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішінде адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу;
Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;
Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап- тілектерге орай, қабілеті мен икемдерін дамыту қоғам жұмыстарына қатыстыру.
Қиын баламен жұмыс жүргізу
Психологиялық, педагогикалық зерттеулер жүргізу;
Нақты есебін алу;
Мінездеме жазу;
Арнайы бақылау дәптерін жүргізу;
Ата-анасымен байланыс дәптері;
Жүргізілген іс-шараларға қатысуын бақылау;
ЖӨИ қызметкерлерімен кездесу өткізу;
Маңызды нәтижесі бар сана-сезімге әсер ететін тәрбие сағаттар өткізу;
Сабақтан тыс үйірме, секцияларға қатысуын қадағалау;
Баланың өзіне деген сенімін арттыру.
(3-топ студенттерінің шығармашылық жұмысы)

IV. Жаңа білімді меңгеруін тексеру .
Тест тапсырмасы
1. Девиация неше типке бөлінеді?
А. 4;
В. 5;
С. 3.
2. Еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, девиацияның қай түріне жатады?
А. Девиантты;
В. Деликвентты;
С. Криминалды мінез құлық.
3. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады, девиацияның қай түріне жатады?
А. Девиантты;
В. Деликвентты;
С. Криминалды мінез-құлық.
4. «Киын балалардың» пайда болуына неше факторға бөліп қарастырады?
А. 5;
В. 9;
С. 7.
5. Сөйлеу дефекттері қай факторға жатады?
А. Биологиялық факторлар;
В. Физиологиялық факторлар;
С. Психологиялық факторлар.
6. Қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұмыссыздық қай факторға жатады?
А. Моралдық –этикалық факторлар;
В. Әлеуметтік –экономикалы факторлар;
С. Психологиялық факторлар.
7. Януш Корчак қай жылы дүниеге келді?
А. 22.07.1878 ж.
В. 25. 10. 1877 ж.
С. 01. 01. 1880 ж.
Жағдаяттарды шешу.
1-топ:
Мен жанұяда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. Әке-шешем ақшаны беретін болғандықтан, қымбат киімдер кидім, қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Бар нәрсе оңайлықпен келетін болған соң, өмірге жеңіл қарадым.
Қаншама теріс қылықтарым үшін милицияға да түстім. Әр уақытта әкем ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Мұның соңы жақсылыққа апармады. Сөйтіп, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықтым. Бүгін де бар жасаған әрекетіме өкінемін, өмірімді қайтадан бастағым келеді. Кейінгілерге айтарым – теріс қылықтардан аулақ болып, өкінбейтіндей өмір сүріңдер.
Сұрақтар:
1. Әңгіме мазмұны бойынша өз пікіріңіз?
2. Әңгіме кейіпкерінің теріс жолға түсуіне кім кінәлі деп санайсыз?
3. Отбасы тәрбиесінде баланы еркін өсіру қажет пе? Бала тәрбиелеу ісіндегі әкенің ролі қандай деп ойлайсыз?
2-топ:
Біздің отбасымызда бір күн тыныштық болса шы?… Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Жанжалдың өзі аяқ астынан туындай қалады. Шешем болса маған: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың да шамалы» деп құлақ етімді жейді. Ал, әкем болса, күні-түні ішкені ішімдік, үйдің береке-сін қашырады. Осындай жағдайлардан соң, сабақ оқу қайдан болсын?… Ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады, үйден безіп кеткім келеді. Не істерімді де білмеймін…
Сұрақтар:
Мұндай жағдайда не айтуға болады?
2. Әңгімедегі жаны жаралы кейіпкерге қандай ақыл қосуға болады?
3-топ:
Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де балаларымызды қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз.
5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қызымның көңілін қалай ауласам екен? Кеңес берсеңіздер екен…
Сұрақтар:
1. Сіз қандай кеңес берер едіңіз?
2. Сол ата-ананың орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?
V. Бекіту кезеңі:
Мен не білуім керек

 

 

VI. Үй тапсырмасы жайында мәліметтер:

«Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау» (Басс-Дарки әдістемесі) Рогов Е.И. Тәжірибелік психология 137-141 бет.

Share.

Leave A Reply