Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Ұжымдағы ұйымдастырушылық қабілеттерді арттыруға арналған тренингтер

0

Атшыбаева Айгул Нуржаубаевна,

МКҚК «Айгөлек» балабақшасы

Мақсаты: Ұжымдағы ұйымдастырушылық қабілетті дамытып, педагогтар мен тәрбиешілерді ауызбіршілікке шақыру.

Жүргізілетін жаттығулар:

1. Педагогтармен танысу

2. «Ат арба» тренингі

3. Фольгамен жұмыс

4. «Ыстық орындық» тренингі

5. Педагогтарға ситуациялық сұрақтар

6. «Мистер Мамбл» сергіту сәті

7. «Жүректен жүрекке» жылы лебіз айту сәті

1. Танысу.

Ұжымдағы педагогтармен танысу жүргізу.

2. «Ат арба» тренингі

Педагогтар өзара тұрып ат арба құрастырып шығулары керек. Ат арбаны құрасыру арқылы олар жылдамдыққа, ауызбіршілікте болуға үйрене отырып,  ойдың дамуына ықтимал жасайды. Олар бірігіп тұрып берілген уақыт ішінде ат арбаны ойлап, бірігіп жасап шығуы керек. Бірі көш бастар жылқы, бірі ауыртпалық көтерер арба қорабы немесе шанағы, бірі тіпті үнемі белсенділік көрсетіп, демеуші болар бағанасы болуы қажет. Бұл тренинг арқылы біз, ұжымды ауызбіршілікке шақыра отырып  ұйымдастырушылық қабілетті дамыта аламыз.

Ат – ойын барысында аттың рөлін сомдаған адамдар көбіне өздері лидерлікке жақын жүретін адамдар болып есептеледі. Әрқашанда көш бастап, тобын үнемі ілгері алып жүретіндер.

Ат үстіндегі бағыт беруші – ол үнемі қол астындағыларға және қасындағы адамдарға бағыт көрсетуге ешқашан жалықпайтын адамдар.

Арба қорабы – ол әрқашан барлық ауыртпалықты алып жүріп, кейін көрінбей, еленбей қалыпта жатады. Ол адамдар өздері де көпшілік ортаға шыққанды жақтыра бермейтін адамдар.

Арба қорабындағы адам – ол лидер болып келеді. Бірақ, бұндай адамдар көбіне жасалатын жұмысты өздері жасай бермейді. Кейде жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп кететіндері де болып жатады.

Арба бағанасы – ойын барысында ат ат бағанасының  рөлін ойнаған адамдар бұл жауапты рөлдегі адамдар. Олар үнемі достары тарапынан айтылған сөзді жерге тастамай көмектесіп, қол ұшын беретін адамдарды айтуға болады.

Арбаның 4 дөңгелегі – оларға ауыртпалық түскенімен лидерлікке жақын емес адамдар. Көбіне лидер адамның айтқанымен жүріп тұрып, өз ойын ашық білдіре алмайтын адамдар болып жатады.

3. «Фольга» тренингі

Бұл жерде педагогтар фольгамен жұмыс жасайды. Адам санына байланысты 4 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Оларға 5 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде фольганы пайдалана отырып ойына келген бір бейне немесе затты жасап шығу керек. Жасалынып болған соң, әр топтан топ жетекшісі жасалынған мүсінді не екенін, кімнің ойы екенін айтып шығуы қажет. Және де, дәл сол мүсінді неліктен жасағанын айта кету керек. Осы тренинг арқылы педагогтардың ұйымшылдығын дамыта отырып, шығармашылық қабілетін арттырамыз.

4. «Ыстық орындық» тренингі

Педагогтардың қалауымен бір адамнан кезекпен ортада тұрған орындыққа отырады. Содан кейін сол орындыққа отырған адам жайында қалған педагогтар тарапынан жақсы лебіздер айтыла бастайды. Ыстық орындыққа отырған адамның жақсы немесе ұнамсыз, өрескел мінезі болған жағдайда өзгертуге үсыныста айтуға мүмкіндік беріледі. Егер ренжітсе кешірім сұрайды немесе ренжісе өкпесін айтып ішіндегі сырын айтуларына болады. Бұл тренинг арқылы педагогтар арасында жақсы көзқарастар қалыптасыра аламыз.

5. Ситуациялық сұрақтар

Педагогтарға ситуациялық сұрақтар қойылады. Олар сол сұраққа шешім таба отырып, болашақта кез-келген тығырықтан шығу қабілеттерін арттыруымызға болады.

Ситуациялық сұрақтар:

1. Балаңыз көптен күткен жарысқа қатысқалы жатыр. Сіз сол жарысқа түскі үзілісте үйге барып, торт пісіруге уәде беріп қойдыңыз. Кенеттен басшыңыз сізге түскі үзіліс уақытында тексеріске келетінін ескертіп, ашық оқу іс-әрекетін өткізуіңізді мінддеттеп тапсырады. Сіздің іс-әрекетіңіз?

2. Сіз өте жақын досыңыздың туған күніне бармақшысыз. Туған күн иесі сізге үміт артып, қонақ күтісуге көмектесуіңізді сұрап, ерте келегеніңізді қалайтынын айтты. Сіз киініп, сыйлығыңызды дайындап, үйден шыққалы жатырсыз. Есікті ашсаңыз бір топ туыстарыңыз келіп тұр. Сіздің іс-әрекетіңіз?

3. Сіздің сіңліңіз жігітімен сізді таныстырмақшы болады. Оған тағам әзірлеу үшін сіз дүкенге барып тұрсыз. Асығыссыз. Кезекке тұрмай, өтіп кетейін десеңіз, алдыңызда жас бала тұр. «Мен де асығыс едім, кезекке тұрсаңызшы. Бәрі сіздей адам ғой»- деп, өткізбейтінін, өзі де асығыс екенін жеткізді. Уақыт өтіп, қонақ күткеніңіз сол жас бала болып шықты. Сіздің іс-әрекетіңіз?

4. Сіз ашық оқу іс-әрекетін өткізіп жатырсыз. Кенет ата-ана есікті жұлқи ашып, баланы сабаққа 15 минут кешіктіріп әкелді. Сіздің іс- әрекетіңіз?

5. Бір оқушыға мықтап ұрсып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата-анасын ертіп әкелді. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

6. Бала қателік жіберді, сіз баланы бұрышқа тұрғызу арқылы жазаладыңыз. Шаруасымен балабақшаға келгенде ата-ана осы көріністі көргенде қалай түсіндірер едіңіз?

7. Сіз топ тыныштандырып, тапсырмаларды бастап кеттіңіз. Бір уақытта бала ештеңе айтпастан орнынан тұрып, ойыншықтармен ойнай бастайды. Сіздің реакцияңыз?

8. Отбасы жағдайына байланысты ашулы ата-ана балабақшаға келе сала, сіздің қойған сұрағыңызға дұрыс жауап бермей, атрық сөздер айтып тастайды. Сіздің іс-әрекетіңіз?

9. Топтағы балалардың арасында өте ерке балалар сізге сабақ өтуге мүмкіндік бермеді. Қасындағы құрбыларына да маза бермеді. Үнемі осы әдет. Не істейсіз? Бұндай жағдай неден туындайды?

10. Баласы балабақшаға бармаймын деп жылап тұрған ата-анадан баланы қалай алып қаласыз?

11. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты»,- деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?

12. Баланың әрбір іс-әрекетіне көңіліңіз толмайды: «Сен сала алмайсың, сен неге істей алмайсың»- деп ұрсып жатырсыз. Кенеттен басшыңыз кіріп келді. «Не болып жатыр мында» деген бір ауыз сөзбен сізді үрейлендіріп жібергендей болды. Сіздің іс-әрекетіңіз?

6. «Мистер Мамбл» жаттығуы

Бұл жаттығуды сергіту сәті десекте болады. Бұл жерде жүргізуші кез-келген педагогқа сұрақ қояды. Сол сұрақты ол келесі адамға қоюы қажет. Ойын ережесі сұрақ қоюшы педагог астыңғы және үстіңгі жақ тістерінің көмегімен тілін тістеп тұрып «-Кешірерсіз, сіз Мистер Мамблды көрмедіңіз бе?» деп сұрақ қоюы қажет. Ал келесі сұраққа жауап беретін адам дәл сол іс-қимылды қайталай отырып: «Жоқ, мен Мистер Мамблды көргенім жоқ» -деп жауап беруі тиіс. Бұл жаттығуды орындау мақсатымыз педагогтарды сергіту сәтіне әкеле отырып, жұмыстан ойлары бөлініп, аз ғана уақытқа қуанышқа бөлеу.

7. «Жүректен жүрекке» жаттығуы

Бұл қорытынды жаттығуында педагогтар шаттық шеңберін құрып тұрады. Жүргізуші иірілген жіптің бір шетін ұстап, екінші дөңгеленген жағын өзі қалаған педагогқа игі лебіз, жақсы тілек айта отырып береді. Ол адам өзі қалаған адамға дәл сондай іс-әрекетті жасай отырып келесіге табыстайды.

Share.

Leave A Reply