Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
252 қаралым

Құқық қорғау қызметкерлерін кәсіби іріктеудің психологиялық сипаттамасы

0

Турманова Жаңагүл Егембердіқызы,

Әлеуметтік жұмыс ғылым магистрі, Әлеуметтік психологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Астана қаласы, turmanova74@mail.ru

Аннотация

В статьи рассматривались определение уровня профессионализма, компетентности и правовой культуры сотрудников, отбор кандидатов, принимаемых на службу в правоохранительные органы, их предварительное изучение осуществляемые кадровыми подразделениями правоохранительных органов.

Кәсіби маңызды сапалар еңбек субъектісінің кәсіби іс-әрекетінде өте маңызды, өйткені оларға жұмыс істеудің табыстылығы тәуелді. Кәсіби маңызды сапаларды ескермеуде және оларды теріс диагностикалауда нақты қиыншылықтар туындайды, сонымен қатар, іс-әрекет эффективтілігі төмендеуі мүмкін. В.Д. Шадриков кәсіби маңызды сапаларды іс-әрекет эффективтілігіне және оны меңгерудің жетістігіне әсер ететін субъекті іс-әрекетінің дара сапалары ретінде түсінеді. Оның айтуы бойынша, кәсіби маңызды сапалар сыртқы әсерлер және қызмет талаптары арқылы бүгілетін (преломляются) сол ішкі шарттар рөлдеріне шығады. Олар іс-әрекеттің психологиялық жүйесін қалыптастырудың түйінді сәті болып табылады [1. б. 133-135].

Қазіргі қоғамдағы процессте ішкі істер органдары қызметкерлеріне, олардың кәсіпкерлік деңгейіне, құзыреттілігіне жоғары талаптар қойылады.  Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ең маңызды сапаларының бірі ретінде кәсіби-іскерлік сапалар алға шығады, олардың дамуынан барлық құқық қорғау салаларының эффективтілігі және өнімділігі тәуелді.

Құқық қорғау саласының қазіргі заманғы қызметі, көбінесе, құзыреттіліктің интеллектуалды-психологиялық сапаларына, оперативті-қызметтік жұмыстарды табысты шеше білуіне жоғары талап қояды. Жұмысқа орналасуда көптеген жағдайларда негізгі критерийлері ретіндедене бітімі және білім болып келеді.

Ресейлік психология ғылымында кәсіби маңызды сапаларды зерттеумен С. Пряжников, Е.А. Климов, А.К. Маркова, А.В. Карпов, М.В. Клищевская, В.Д. Шадриков айналысады. Болашақ мамандардың кәсіби  дайындығын, кәсіби маңызды сапаларының қалыптасу ерекшеліктерін  зерттеуде С.Ә.Әбдіманапов, К.М.Арынғазин, Б.Әбдікәрімұлы, К.М.Беркімбаев, Ш.А.Абдраман, З.А.Исаева, М.Ә.Құдайқұлов, Ш.Т.Таубаева т.б. Қазақстандық ғалымдардың үлесі үлкен.

Құқық қорғау саласының қызметкерлерінің қызметі экстремалды жұмыс ретінде қарастырылады, осымен олардың ерекше  жағдайларда әрекет етудегі кәсіби-психологиялық дайындығының қалыптасуын күрделендіруі туралы К.В. Сельченок, В.Л. Марищук, Е.А. Пономарева , И.Б. Пономарев, А.Е. Тарас,А.К. Маркова, Ю.В. Слесарев, A.M. Столяренко, В.Д. Шадриков және т.б. айтып кеткен. Н.В. Кузьмина, В.П. Зинченко, А.А. Деркач, Е.М. Борисова, А.А. Бодалев, И.Н. Семенов, В.Г. Зазыкин, P.M. Янбухтин және т.б. Құқық қорғау саласындағы жұмыс көптеген қызметкерлерге қоғамдық мойындауға, тұлғалық және кәсіби өсуге және өзін-өзі жүзеге асыруға көмектеседі деп есептеген.

Кәсіби маңызды сапалардың қазіргі заманғы зерттеулер В.Д.Шадриков, Е.А.Климов және А.В.Карповтың еңбектеріңде жүйелілік тұрғылар негізінде жүргізілінеді. Қандай-да болмасын іс-әрекет кәсіби маңызды сапалар жүйесінде базасында жүзеге асырылынады. Бұл,біріншіден, әр іс-әрекет кәсіби маңызды сапалардың нақты жиынтығын талап ететіндігін, екіншіден, ақырғысы сапалардың «механикалық» бағасы еместігін, ал олардың заңды тұрғыда ұйымдасқан жүйесі екендігін білдіреді. Жеке кәсіби маңызды сапалар арасында өтеу және көмектесу типіндегі функционалды өзара байланыс құрылады[1. б. 153].

Кәсіби маңызды саплардың өзіндік жүйесі субъективті қасиеттердің нақты сиптомдық кешен ретінде, қандай-да бір қызмет үшін спецификалық болып туындайды. Ол дайын түрде болмайды, субъектіде іс-әрекетті меңгеруде қалыптасады. Сонымен қатар, тек қана іс-әрекет үшін ғана емес, оның негізігі компоненттеріне (кілттік әрекеттер, негізгі функциялар), кәсіби маңызыды сапалардың спецификалық жүйе астылары қалыптсады. Сондықтан ішкі- психологиялық жағынан – іс-әрекет процесі кәсіби маңызды сапалардың әр негізгі кезеңдерін (әрекет, міндет, функциясы) қамтамасыз етіп, бүтін жүйелік астылардың динамикалық ауысымын тудырады.

Кәсіби маңызды сапалардың жүйе астысын құру – өте күрделі психологиялық процесс. А.В.Карпов оның мәнін жеке кәсіби маңызды сапалардың өздерін өзара байланысу тәртібінде көрсеткенде функционалды қосылуретінде анықтайды. Бұған жеке ішкі алғышарттар бар, өйткені негізгі психикалық функциялар бір-бірімен онтологиялық байланысуда. Бұл байланыс кәсіби іс-әрекетті меңгеру жолында өзіндік жағымды рөлде көріне бастайды. Осылай, «іс-әрекеттің психологиялық жүйесінің құрылу процесінде іс-әрекетте жетістікке жетуде психикалық функцияның өзіндік функционалды икемделу болады».

Кәсіби маңызды сапалардың жүйе астыларының дамуының жетекші тенденциясы – жеке сапалардың біріктірілу дәрежесінің жоғарылануы. Оған кәсіби  маңызды сапаларды жүйе астылары іс-әрекетін меңгерудің әр кезеңінде олар бір-бірінен мәнді ерекшеленуі мүмкін.

Қандай-да болмасын іс-әрекет нақты негізгі параметрлермен сипатталынады, өнімділігі, сапасы және сенімділігімен. Психологиялық зерттеулерде оларды қамтамасыз ету үшін субъектінің әр түрлі даралық сапалары қажет, сондықтан өнімділіктің кәсіби маңызды сапаларын және кәсіби маңызды сапаларды бөлуді қабылдау керек (А.В.Карпов бойынша).

А.К.Маркованың пікірі бойынша, кәсіби маңызды сапалар функциясында тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің өзіндік психикалық және тұлғалық та, биологиялық сапалары ретінде болуы мүмкін – соматикалық, морфологиялық, нейродинамикалық және т.б.

Е.П.Ермолованың айтуы бойынша, «кәсіби маңызыды сапалар – білімдер, икемдер, дағдыларды құру үшін психологиялық мүмкіндік; білім, икем және дағдылар – кәсіби біліктілікті құру үшін қажетті шарт».

Б.А.Душков, А.В.Королев, Б.А.Смирнов көзқарастары бойынша, тұлғаның даралық сапаларынан басқа, кәсіби маңызды сапаларға да адамға нақты кәсіп жағынан талап етілетін және осы кәсіпті табысты меңгеруге себептесетін дене бітімдік сапалар жатады.

Е.С.Шелепова кәсіби маңызды сапаларды кәсіби жарамдылық компоненттері ретінде, яғни кәсіби міндеттерді табысты шешуге қажетті сапалар деп түсінеді. Олардың арасында әр түрлі сапалардың ауқымды спектрі – табиғи негізден кәсіби білімдерге дейін, олар кәсіби оқыту және  өзіндік дайындалу, тұлғаның еркшеліктерінде (мотивация, бағыттылық, мінез-құлық), психофизиологиялық ерекшеліктер (темперамент), психикалық процесінің ерекшеліктерінде (ойлау, зейін, елес) процесінде алынады.

Кейбір мамандар кәсіби маңызды сапаның құрылымына субъектінің кәсіби жарамдылығын қамтамасыз ететін кілттік критерий ретінде қарастырады. Осылай, Е.А.Климов «кәсіби құнды сапалардың 5 негізгі жүйелерін» бөліп қарастырады:

1. Азаматтық сапалар – адамның ұжым, қоғам мүшесі ретінде саналы бейнесі;

2. Берілген іс-әрекет бөлімінде еңбекке, кәсіпке деген, қызығушылықтар және бейімдері;

3. Іс-әрекеттің әр түрлі және көптеген маңызды сапалармен құрастырылатын қабілетсіздік,

4. Дара, жеке, арнайы қабілеттер. Берілген кәсіп үшін маңызды тұлғалық сапалар.

5. Дағдылар, әдеттер, білімдер, тәжірибе.

Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби сапаларын шетелдік ғылымда зерттеу осы сапалардың қалыптасуына әсер ететін олардың іс-әрекет шарттарын зерттеумен байланыстырған Е.Ю. Артемьева, Ф.Е. Василюк, А.В. Дулов, A.M. Зеличенко, Я.Я. Велик, М.А. Громов, Л.И. Анциферова, A.M. Зеличенко, B.C. Лури, Т.Б. Карцева, Т.А. Дегтяренко және т.б. болған.

А.К.Маркованың анықтамасы мәні бойынша ұқсас: кәсіп- бұл қоғамға қажетті тарихи туындаған іс-әрекет нормалары, оны орындау үшін адамдар білімдер және дағдылар жиынтығына, сәйкес келетін қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек. Алайда адамның кәсіби іс-әрекетін орындауы үшін осы маманға қажетті көптеген психологиялық сапалары болуы қажет, бұл спалар кәсіби маңызды қасиеттер болып саналады. Ресей психологиясында кәсіби маңызды сапалар ұғымы В.Д.Шадриковпен енгізілген, олкәсіби маңызды сапалар субъектінің іс-әрекетті орындауда эффективтілігін қамтамасыз ететін процесте өндіру параметрлері, еңбек сапасы және сенімділігі ретінде түсінеді. В.Д.Шадриковқа дейін Е.Э.Смирнова таңдаған бөліміндегі іс-әрекет табыстылығын қамтамасыз ететін тұлғаның параметрлері туралы айтқан. Бұл параметрлерлі ол сапалар деп атаған. Смирнованың мәніне сәйкес біз А.А.Бодалевтің, Л.Г.Лаптеваның және А.А.Дергачтың өз еңбектерінде спецификалық психологиялық ерекшеліктерді немесе сапаларды «таңдалған іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіпқой психикасының барлық компоненттері: психикалық процестер, қасиеттер, күйлер, құрылымдар» қалыптасуының дәрежесімен түсіндіреді.

Психологияға кәсіби маңызды қасиеттер термині енгізілгеннен кейін ол толық анықталмаған. Керісінше, қазіргі кезде бұл ұғым одан сайын жеңілдетілген. Бұны біз Н.С.Пряжниковтің анықтамасынан анық көре аламыз, оның пікірі бойынша,- бұл еңбек іс-әрекетін табысты орындау үшін қажетті сапалар. В.Д.Шадриков кәсіби маңызды сапаның екі құрылымын бөліп қарастырады:

1. Интрокорреляциялық – жеке әрекеттердің эффективтілігін анықтайтын құрылымдар;

2. Интеркорреляциялық – іс-әрекеттің эффективтілігін анықтайтын кәсіби маңызды сапаның құрылымдары.

В.Д.Шадриков теориялық бағыттағы жұмыстарды талдай отырып іс-әрекетте келесі фукционалды кедергілерді бөліп көрсетеді:

1. Іс-әрекет мотиві

2. Іс-әрекет мақсаты

3. Іс-әрекет бағдарламасы

4. Іс-әрекеттің ақпараттық негізі

5. Шешім қабылдау

Маңызды сапалар іс-әрекетінің жүйе асты. В.Д.Шадриков кәсіби маңызды сапалар (Б.Г.Ананьев және П.К.Анохин еңбектерінде қарастырылған) мен оқу-маңызды сапаларды (Н.В.Нижегородцев еңбектерінде) бөліп көрсетеді. Мамандықтардың кәсіптік маңызды сапаларының құрылымы В.Д.Шадриковтың және оның шәкірттерінің еңбектерінде қарастырылған. Кәсіби маңызды сапалар тұлғаның білім, іскерлік, дағдыны, құзыреттілікті меңгеру барысында қалыптасатын кәсіптік біліктілігі.

Жоғарыда көрсетілген 4 келіске сүйене отырып, болашақ мамандарда қалыптасатын төмендегідей кәсіби маңызды сапаларды бөліп көрсетуге болады. 1. Кәсіптік бағыттылық: -кәсіпті таңдау мотивациясы; -кәсіпті меңгеруіне бағдарлану; -мамандықты меңгерудегі топтық немесе даралық бағыттылық; -мамандықты меңгеру барысында өзін-өзі бағалау деңгейінің өзгеру тенденциясы. 2. Кәсіптік тәжірибе: -Кәсіптік мекемеге ену алдында кәсіп туралы көзқарасқа ие болу; -Қалыптасқан кәсіптік маңызды сапаларға деген көзқарасы. 3. Психикалық процестердің ерекшеліктері: когнитивтік процесстер; эмоциялық процестер. 4. Кәсіпке жарамдылығын білдіретін биопсихикалық қасиеттер.

Құқық қорғау саласының жұмыс эффективтілігі кәсіби маңызды болып табылатын көптеген психологиялық сапалармен анықталады [2. б. 83].

Оны 4 деңгеймен қарастыруға болады:

1) ішкі істер органдары қызметінің міндеттері деңгейінде;

2) мінез-құлықтық және жағдайлық деңгейде;

3) тұлғаның қасиеттері деңгейінде;

4) ішкі істер органдарына қойылатын талаптар деңгейінде;

Кәсіби маңызды сапалар еңбектің жүзеге асуына әсер етеді, табысты кәсіби қызметтің алғышарты болып табылады және іс-әрекетте жүзеге асып, оны жаңадан құрады.

Олардың мінез-құлық деңгейіндегі жұмысында спецификалық оқиғалар туындайды, мысалы, жәбірленушілермен әңгімелесу. Бұндай әңгімелесуде көбінесе аффективті және нақты бір жүріс-тұрысты және реакцияны талап етеді. Қылмысқа күдікті адамдардың ортасына ену, яғни шектеулі ортаға қарым-қатынасқа түсу көптеген жағдайда қызметкерлер де үшін, азаматтар үшін де қауіптілікті алып келеді. Алынған мәліметті талдаудан адамдардың тағдырына тәуелді.

Осы сипатталған оқиғалар кейбір тұлғалық қасиеттер мен сапалардың жиынтығын шарттайды, олар жоғары эмоциялық ұстамдылық, күшті еріктік компонентжәне интеллекттің жоғары көрсеткіштері.

Кәсіби маңызды қасиеттерді анықтаудың тағы да бір негізі болып құқық қорғау саласының қызметкерлерінің аттестациялаудағы ҚР-ның  ІІД-нің кадрлық қамтамасыз ету Департаментінің шектеулер қатарын қою, әр сынақта психологиялық кәсіби жарамдылық бойынша өз өткізілім ұпайы бар.

Көптеген жетекші психологтар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев және т.б. әр уақытта психологиядағы әдістемелік негіздерді өндеу адамдардың тәжірбиелік іс-әрекетіне психологиялық анализден басталуы керек деп көрсеткен, өйткені, бұл сферада адамның психологиялық өмірінің маңызды заңнамалары бар.

Құқық қорғау саласының жұмысында кәсібилікті жоғарлату елдегі заңнаманың және құқықты тәртіпті нығайтудың бірде-бір алғышарты болып табылады. Қызметкерлердің жұмысының кәсіби шеберлігі және сапасының өсуі көптеген факторлармен анықталады. Олардың арасынан жетекші орындардың біреуін құқық қорғау саласының кадрлық жұмысы алады. Құқық қорғау саласындағы психологтың кадрлық-диагностикалық түрі психодиагностикалық тексерісті өткізуді білдіреді. Психодиагностикалық тексеріс тұлғаның дара — психологиялық ерекшеліктерін, кадрларды дұрыс таңдау және орналастыру, сонымен қатар психотүзетушілік әсер ету мақсаттарында сипаттау және өлшеу, анықтауда көрінеді. Психодиагностикалық тексеріс бірнеше міндеттерді шешеді:

— жұмыстағы нақты жағдайларда өзіндік дара-психологиялық сапасымен жарамды үміткерлерді іріктеу;

— өзінің интеллектуалды даму деңгейі, психологиялық логикалығы және тұлғалық ерекшеліктерінде кәсіби бейімделе алмаушылық деңгейі көрінетін адамдарды анықтау;

— үміткерлердің басшы ретінде жұмысқа қабылдаудағы олардың жарамдылық дәрежесіне психологиялық баға;

— ұнамсыз психикалық күйлерді психологиялық түзетудегі әдістерді таңдау;

— қызметкерлер арасындағы жанжалдардың, тәртіпті және заңды бұзудың психологиялық себептерін зерттеу және талдау;

— қызметкерлердің отбасы мүшелеріне кеңес берушілік және басқа да тәжірибелік көмекті көрсету.

Жоғарыда көрсетілген міндеттермен сәйкес, тексеріс кезінде тесттер мынаны анықтауы керек:

—  үміткердің интеллектуалды дамуының жалпы деңгейін, оның дара-психологиялық қасиеттерінің құрылымын, темперамент және мінез-құлық ерекшеліктерін, мамандыққа сәйкес бейімделушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

—  жеткілікті деңгейде сенімді болу, диагностикалық валидтілікпен қатар, болжамдық валидтілігінің болуы, яғни үміткердің қазіргі күйін ғана бағалау мүмкіншіліктерін беру ғана емес, сонымен қатар оның ары қарай эффективті қолданудың ғылыми негізделген болжамын құру;

—  үміткерлерді шектелген уақыттың ішінде тестілеудің нәтижелерін өңдеуде топтық тексеріс үшін ыңғайлы, шағын болу;

—  алынған нәтижелердің сенімділігін, нақтылықтығын және дұрыстылығын жоғарлату мақсатында қайтадан тексеру және өзара толықтыру.

Психодиагностикалық тексеріс көбінесе, зерттелінушілер өздерін еңбекке қабілетті екендерін сезінгенде, яғни жұмыс күнінің жарты уақытында өткізіледі. Тестілеу жарық, желдетілген бөлмеде өткізілінеді. Зерттелінушілерді жұмыстан шу, телефон әңгімелері, бөтен адамдар алаңдатпауы керек. Тексерістің жалпы уақыты 4-4,5 сағат нормасынан аспау керек. Тексерістен кейін нәтижелерді өңдеу өткізілінеді, ол бір адамға санағанда екі сағатқа созылады. Әр зерттелінуші оған қатысты өткізілінген психодиагностикалық тексерістің мәліметтерімен танысуға құқылы, алайда зерттелінушінің психикалық күйіне жағымсыз әсер ететін мүмкіншілігі бар психологиялық мәліметтер берілмейді. Кадрлық сұрақтардышешу және олардан келетін ұсыныстар психодиагносткалық тексерістің қорытындылары мен нәтижелері үшін ұсыныстық сипатта болады. құқық қорғау саласы жүйесінде кадрлық қызметкерлермен шешілетін әр түрлі міндеттердің ішінен орталық орынды кадрлық корпусты максималды дәрежеде құқықтық іс-әрекетіне жарамды мамандармен толықтыру немесе мамандырылған кадрларды таңдау, оларды әр жұмысшының қабілеттеріне, бейімдеріне, дара ерекшеліктеріне және мүмкіншіліктеріне сәйкес орналастыру, басшы қызметіне перспективті қызметкерлердің ішінен резервті құру. Берілген міндеттерді шешудегі көмекті қызметке үміткерлерді және жұмысшыларды психологиялық бағалаудың ғылыми негізделген жүйесі көрсете алады.

Ішкі істер органдары қызметкерлеріндегі кадрларды психологиялық бағалау қызметкерлердің даралық-психологиялық сапаларына, күрделі әлеуметтік-құқықтық қарым-қатынасқа түскен тұлғасына жоғарытылған талаптардың қойылуымен негіделеді. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби маңызды сапалары қатарына арнайы бағалау арқылы үміткерлердің кәсіби жарамдылығының болжамын ғылыми негіздеуге болмайтын көптеген психологиялық ерекшеліктер, тұлғаның сапасын жатқызуға болады. Қазіргі кезде дамыған елдерде адамдардың өмірдің және кәсіби мансаптың барлық кезеңдерінде әр түрлі психологиялық тексерістердің өткізілуі жеке фирмаға немес үкіметтік қызметке, сонымен бірге ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдауда қалыпты және міндетті болып табылады. Психологиялық тексерістің нәтижесінен алынған мәліметтер маманды оның кәсіби абыройыбөлшегі ретінде жанамалайды.

Кадрларды психологиялық бағалаудың арнайы жүйелері көптеген ұйымдарда, соның ішінде ішкі істер органдарында табысты жүзеге асуда. Кәсіби іріктеу ада және кәсіптің өзара сәйкестіліктің адамнан жоғартылған жауапкершілікті, денсаулықты, жоғары еңбекке қабілеттілікті және міндеттерді нақты  орындауды, эмоционалды-ерікті реттеушілікте жүзеге асатын нормативті міндеттелген шарттарда (гигиеналық, микроахуалдық, техникалық, әлеуметтік-психологиялық)  болжамдық бағасын қамтамасыз ететін әдістер жүйесін білдіреді. Кәсіби іріктеуде адамның нақты бір кәсіби іс-әрекетке жарамдылығы анықталады. Кәсіби жарамдылық көптеген әр түрлі факторлармен негізеделді: жаспен, денсаулық күйімен, дайындық деңгейімен, қажетті білімдер, дағдылар және икемдер жиынтығымен, таңдалған кәсіп бойынша жұмыс істеу ниеті мен кәсіби қабілеттері. Ол әлеуметтік шарттар мен жыныстан және т.б. тәуелді.

Әр кәсіпте айтылып кеткен шарттарда өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан кәсіби іріктеудің мақсаты мен формалары әр түрлі. Кәсіби іріктеу ұйымдасушылық формаларынан тәуелсіз келесідей жалпы сұрақтарға жауап береді [3. б. 201]:

1.  бұл адам нақты жұмысты орындай ала ма;

2.  ол өзінің алып отырған қызметін жалғастыра ала ма;

3.  бұл адам қандай жұмыста одан да жақсы істей алады;

Осыған байланысты кәсіби іріктеу міндеттері келесідей:

— Жасына, денсаулық жағдайына, біліміне, психологиялық сапасына немесе қандай-да басқа себептер бойынша қабілетсіз адамды жұмысқа қабылдаудың алдын-алу:

— Осы кәсіп бойынша жұмысқа қабілетті, кәсіби міндеттерін өз денсаулығына зақым келтірмей, табысты орындай алатын адамдарды іріктеу.

— Кәсіби іс-әрекетін орындауға қабілетсіз болған адамдарды демалу, емделу немесе басқа өзіне оңайырақ жұмысқа ауысуын өз уақытында жұмыстан босату.

— Адам қандай еңбек түріне қабілетті екенін оған қандай да бір кәсіби іс-әрекетті ұсыну мақсатында анықтау.

— Кәсіби іріктеудің негізі кәсіптің нақты нормативті сипаттамалары болып табылады:

— Әлеуметтік (қызмет, міндет, мақсат);

— Операционалды (орындау нақтылығы; уақытша, кеңістік, логикалық сипаттамалар);

— Ұйымдастырушылық (гигиеналық, әлеуметтік-психологиялық, еңбектің психофизиологиялық шарттары).

Кәсіптің осы сипаттамалары психологтарға, дәрігерлерге, физиологтарға әдістерді құрастыруға және бейімдеуге, таңдауға, іріктеу процедурасын құруға және үміткердің нақты кәсіби іс-әрекетің сәйкестілігіне диагностиканы өткізуге көмектеседі.

Кәсіби іріктеу процесі құрал-жабдықтық, бланктік жәнесауалнамалық тесттердің, сонымен бірге,бөлшектерді, жағдайларды, шындықтағы кәсіби іс-әрекетті, адамның функционалды жағдайы көрсеткіштерін, мотивациялық-эмоциялық көріністерін, оның жұмысының өнімділігі және табыстылығы көрсеткіштерінің объектиті назар аудартатын және визуалды бақыланатын қатаң түрдегі тіркеудегі имитациялық эксперимент көмегіменжүзеге асырылады. Кадрларды таңдау – көп кезеңді, еңбекті көп қажет ететін, үзіліссіз, арнайы қабілеттерді, мінез-құлықтар белгілерін, білімдер мен икемдерді талап ететін жұмыс.

Кәсіби іріктеу бірнеше кезектелген кезеңдерден тұрады, олардың әрқайсында іріктеудің нақты критерилері бойынша үміткердің жұмысқа жарамдылығы шешіледі:

— Әлеуметтік-құқықты (демографиялық – жасы, білімі, тұрғылықты орны және т.б.),

— Медициналық (соматикалық және психикалық денсаулық жағдайы),

— Психологиялық (жұмыстағы қандай да бір мамандыққа психикалық жақындығын анықтау).

Сонымен бірге кәсіби байқау – сынақ мерзімі қолданылады, ол аяқталғанда үміткердің жұмысқа қабылдану мүмкіншілігі шешіледі. Өз кезегінде психологиялық іріктеу «үміткерлердің оқу немесе кәсіби іс-әрекетіне жарамдылығын психологиялық және психофизиологиялық сынақтың нәтижелерін ескере шешім қабылдау» ретінде түсіндіріледі. Психологиялық іріктеу үміткерлерге талаптар жиынтығын іс-әрекетке психологиялық талдау негізінде, содан кейін осы талаптарға сәйкес диагностикалық әдістерді анықтауды болжау [3. б.213].

Қазіргі кезде мемлекеттік күш құрылымындарында: ішкі істер органдарында, кеденде, полицияда және басқа да органдарда қызметке үміткерлерді іріктеудің нақты жүйесі қалыптасқан. Іс-әрекеттің әрбір мазмұнының өзгеруінде психологиялық іріктеу бағдарламасы қайтадан қарастырылады. Кәсіби психологиялық іріктеу бөліміндегі зерттеулер.

Психологиялық бағалаудың нақты міндеттері, осы бағалау жүзеге асатын  іс-шаралар типімен анықталады. Мысалы, конкурстық негізде жұмысқа қабылдауда кәсіп талаптарына және жұмыс шарттарына сәйкес келетін үміткерлерді іріктеу психологиялық бағалаудың міндеті болып табылады. Үміткерді басшылық қызметіне алуды шешуде психологтармен ол кәсіби іс-әрекетімен қоса, басшылық қызметін орындай алуға қабілетті ма екендігі анықталады. Психологиялық бағалаудың ұйымдастырушылық өткізілуі мынандай кадрлық шаралармен ұштастырылады: жұмысқа қабылдау, аттестацияны өткізу, басшылық қызметіне алу.

Жалпы айтқанда, құқық қорғау органдарына кадрларды кәсіби іріктеу кезіндегі психологиялық бағалаудың жалпы мақсаты жұмыскердің даралық психологиялық ерекшеліктерінің кәсіптік талаптарына сәйкес келуін анықтау және осы негізде болашақ кәсіби іс-әрекетті функциясы болып табылады, яғни ол бағалау техникасына және әдістемесіне арнайы талаптарды қояды.

Әдебиеттер

1. Шадриков В.Д. Способности человека. — М.: Издательство «Институт практической психологи», Воронеж: НПО «МО-ДЭК», 1997. -288 с.

2. Доронин Д.Ф., Егоров Ю.В., Суродин В.И. Психолгия и педагогика в деятельности сотрудников ОВД: курс лекций. – М.: ЦИ и НМО КП России, 2000. – 156.

3. Гончаренко Г.С. Выбор и отбор. Методические рекомендации по вопросам профессионального отбора кандидатов на службу в органы внутренних дел. — Ростов н/Д: Абрис, 2001. -238 с.

Share.

Leave A Reply