Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
943 қаралым

Қиын оқушымен жұмыс жүргізу жолдары

0

Dosanova G.Досанова Г.Н.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Теректі мектеп – балабақшасы педагог-психологы

Бүгінгі күнде қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – тәрбиесі қиын балалардың көбеюі. Сонымен, тәрбиесі қиын бала дегеніміз кім? Оларды неге қиын деп атаймыз?

«Қиын оқушы», «Тәрбиесі қиын бала» ұғымдары өте кең. Бұл ұғымдар ғылымға 30 жылдары А.С. Макаренко, В.Н. Сорока-Росинскийдің еңбектерінде орын тапқан. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар – бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар.
Баланың бас ұстазы-ата-ана. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар тарпынан жасөспірімдерді тәрбелеуде жіберілетін төмендегідей қателіктер байқалады:
Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен технологиясы – алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің бірнеше түрі бар, олардың бірі-психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу – баланың сана сезімінде терең орын алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ», «менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру.
Сондықтан барлық мектептердегі психолог мамандар оқушылардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты одақтастыруға жағдай жасауы тиіс.
Тәрбие отбасынан басталады.
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы — отбасында қолайлы қарым-қатынасты орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі–Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде», — деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:
ұрпақжалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз – өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талашылдық, еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың – болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «мендігін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс-керіс, дау-жанжал), бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, міне-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, оны әрбір баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін — өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
— дайындық кезеңі;
— қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
— екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора-жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
— үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
— соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін — өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс-шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі – салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс ана тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың»,- деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет.

Қиын бала және отбасы тәрбиесінің әсері
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу керек. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен, балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
Егер зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты болады.
Қиын балаларға кімдерді жатқызуға болады? Сабақтан көп қалатын, тәртібі мен білімі нашар, адамгершілігі төмен, қарым-қатынас жасай алмайтын, ойлау қабілеті төмен, ашуланшақ, мұғалім талабын орындамайтын оқушыларды «қиын балаға» жатқызамыз. Осындай оқушыларды мектептің педагог-психологтары анықтап, олармен жұмыс жүргізуіміз қажет.
Көбінесе, баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл – отбасы кемшілігі.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі 2 факторға байланысты:
Мінез-құлықтағы қиындықтар
Биологиялық фактор

Ұсақ әлеуметтік фактор

Биологиялық фактор – әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақат алудан, уланғыш заттардан және т.б. зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады.
Ұсақ әлеуметтік фактор – баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жандалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.
Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін басқалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады.
Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:
Қабылдамау
Гиперсоциалды
Қорқақ-секемшіл
Эгоорталықты
Қабылдамау – егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, сүю болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.
Гиперсоциалды – мұндай ата-аналар – «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл – бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіңе «Мен ауырып қалмаймын ба?», «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқақ-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қорқынышпен қарайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Эгоорталықты – бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уақытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.
Міне, осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-құлқы қиын болып қалыптасады. Сондықтан әрбір отбасы дұрыс тәрбие бермеуден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейді.

Қиын оқушылармен жүргізілетін бірнеше жаттығуды ұсынамын:
«Бұдан да жылдамырақ бола ма?»жаттығуы (15 мин.)
Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау.
Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұраңыз). Топта барлығы жақсы араласқан соң. «Тоқта» дейсіз.
Бәрі жабулы көздерімен тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа айтыңыз: «Сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деңіз.
Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз; есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.
Ойынның әр раундынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раундқа, ойыншыларға, қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.
Нұсқаулар: Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың бәрі қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

«Танысу» жаттығуы 
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатынын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.
Осындай қойылым қатысушылардан өз қасиеттеріне, жеке ерекшеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икемділігін, тапқырлығын талап етеді.
Талдау: Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді?

«Біз» жаттығуы 
Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: «Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан ынтымақты қауым құрайық. Мұны бірнеше кезеңмен ақырындап жасаймыз. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз /қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші бір шеңбер жасауға болады/. Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топқа ынтымақтастық ықпалын тигізеді – бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады /бірлікке әкеледі/, ортада тұрған әлде біреуге шабуыл жасау жақсы, дәл осы жағдайда маған… Енді шеңбердегі орындарыңызды ауыстырыңыздар, бәрі – ұл – қыз «арқылы» тұратын болсын.
Келесі адым – өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірлеріңізге өте жақын тұрыңыздар және бір-бірлеріңізді қолпаштаңыздар. Қолдарыңыздан, иықтарыңыздан, белдеріңізден ұстаңыздар – кімге қалай ыңғайлы.
Әрі қарай – қауымдастығымызды сезініп көрейік. Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңбермен тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты – сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? /топ өлең таңдайды/. Сонымен, бастайық…
Соңында, қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік».
Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.
Қазір өзімізді қалай сеземіз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды /бірлікті/ аз да болса біз сездік пе? Біз шеңберге тұрғанға дейін және осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз? Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөлді. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.

 «Алфавит» жаттығуы (20 мин.)
Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.
Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.
Олар «Команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.
Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адым — әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).
Жүргізуші: «Есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталаңызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды».
Бәрі есімдерін айтып болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса алдына, соңғы әріптен басталса аяғына тұру керек. Қатарға тұру кезінде сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз көрсетілген ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреулеріне ғана, өз орнына тұру үшін орындарын ауыстыруына белгі беруге болады.
Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі – бәрі өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады.
Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады. Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?
Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

«Мәке Жәке Қоқиев» жаттығуы (10 мин.)
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.
Бұл жаттығу әсіресе кішкене топпен жұмыс жасауға арналған. Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. Егер жұмыс үлкен топпен жүргізілсе, оларды 6-8 адамнан ішкі топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір-бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде-кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы – ол жаман қасиет».
Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.
Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».
Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.
Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.
Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

«Рөлдік билер» жаттығуы 
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.
Жүргізуші: «Қазір біз рөлдік билерді билейміз. Яғни мен сіздерге образ ұсынамын, сол образды көрсете отырып билеп көрейік. Мұқият болыңыздар. Сонымен, біз «роботтар биін» билейміз… Енді «1-ші курстардың билерін» және т.с.с.»
Талдау: Осы тапсырма ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді? Образдарды көрсету барысында өзіңді қалай сезіндің? Бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар.

 «Біз қандаймыз?» жаттығуы
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.
Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.
Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?

Әдебиеттер
1. «Қазақстан мектебі» журналы. №1, 2002.
2. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы. №5, 2007.
3. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1992.

Share.

Leave A Reply