Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

1 086 қаралым

«Қиын» балалармен жұмыс жүргізудегі психологиялық ерекшеліктер

0

Салимова Б.Ж. 

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік жалпы орта білім беру мектебіның педагог-психологы

Мақсаты: Педагог мамандарға «қиын» баланың психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді бере отыра, «қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіру.
«Қиын» оқушы деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың отбасын білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің ұжымдық нормасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен жеңудің негізгі жолы.
Қиын балалармен және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.
Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн: «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала.
Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. «халық айтса, қалт айтпайды» дегендей «қиын» балалармен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.
«Баланы жастан» немесе «баланы бесігінен түзе». Баланың тәрбиесі жайлы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күнен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады. Ал бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. «Бала туралы мәлімет» құжаты толтырылады, мінездеме жазылады.
«Өнер үйренсең қор болмайсың». Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс-шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамасыз еттік деу, бекершілік. «Қиын» балдалар көбінесе сенім туғызатын әңгімеге мұқтаж. Жеке назардың, қамқорлықтың, мейірімділіктің жеткіліксіздігін ересек қылмыскерлер пайдаланып «қиын» балаларды өз тобына қосып алады.
«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады». Тәрбие жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе баламен сөйлесе білу. Баланың көңілін таба білу, оның сенімін туғызады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеткіншектермен жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлесу керек.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей келеңсіз отбасылармен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ықпал жасау жеткіліксіз. Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және құқықтық шараларды қолданған жөн.
Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылар толықтырып отыратыны көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай ерекшеліктерінің пайда болуының өзі болашақта –әлеуметтік психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының клиникалық және криминалогиялық белгілерінің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, тырысушылық, дұрыс мінез-құлық мөлшерін сақтап, іс-әрекет жасауға деген қажеттіліктерді өзгешелендіреді.
Үстемді типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі дербестік, тәуелсіздік, өзін-өзі сендіруге тырысушылық. Олар өздеріне өте сенімді, тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.
Қауіп-қатер типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық, тым мазасыздану, қауіп қатерлік теменгі стрестік, тұрақтылық тән.
Әсерленгіш типтегі балаларға жасқаншақтық пен ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психологиялық жарақаттантйын жағдай болып табылады.
Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық , жанасымы кем балалар, Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.
Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды -еріктік жігерліктері жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді.
Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімінің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалынан, соның нәтижесінде әлеуметтік –психологиялық дезадаптациясының дамуынан, т.б. көрінеді.
Балаға мұғалімнің, ата-аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы-құрдастарымен өзара қарым қатынастарының дұрыс болмауы қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп соқтырады.
Оқушының мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдер көрсетілген.
Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;
Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б.);
Оқушыдан не қызықтыратынын және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;
Достары жөнінде әңгіме жүргізу;
Оқушы жөнінде достарымен, ата-анасымен әңгіме жүргізу;
Мінез-құлқы қиын оқушыларды анықтау үшін және де оқушыларды мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін анықтау үшін мындай әдістерді қолдану;
«Отбасы суретін» жүргізу барысында алдымен балаларға, «балалар сендер үйде кіммен тұрасыңдар?» деп сурет салу тапсырмасы беріледі.
Қорыта келе, балада тұрақты, жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптастыру үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс беру.
Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей , өз қолынан келетін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберу;
Баланы еркіне жіберу ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу, оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастақ, ессіз, тентек етіп шығарады.
Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтық ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмысты қажет етеді.

Share.

Leave A Reply