Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
227 қаралым

Эмоциялар мен сезімдер

0

Сабақ жоспары
Күні: 20.12.2014
Тобы: 303
Пәні: Психология
Сабақтың тақырыбы: Эмоция мен сезім
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: жақсы көру және кішіпейілділік; жомарттық; аянбай қызмет ету; ізгілік және т.б.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің сезім мен эмоция туралы алған білімдерін бекіту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеті:
1. Студенттердің сезім мен эмоция туралы түсініктерін тереңдету, тәжірибемен ұштастыру.
2. Студенттердің өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, шығармашылық, ізденімпаздық, өз пікірлерін еркін айта білу қабілеттерін дамыту.
3. Жақсы көру, кішіпейілділік, жомарттық, аянбай қызмет ету, ізгілік қасиеттерін өз бойларында қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөз жүзіндегі (әңгімелесу, түсіндіру, талдау), көрнекі, практикалық.
Сабақтың формасы: Практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, оқулықтар.
Қолданылған әдебиеттер: Қ. Жарықбаев «Психология», К.Жұмасова «Психология», Рогов «Тәжірибелік психология», Ә. Алдамұратов «Жалпы психология»
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, бейнелеу өнері

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Топпен сәлемдесу
Топшалар бойынша орындарына отырғызу
Аудиторияны сабаққа әзірлеу
«5Т» ережесінің сақталуын еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тазалық
Татулық
Тыныштық

IІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың дәйексөзі:
«Адамның жан дүниесінің шарықтап, жан-жақты жетілуінің қажетті шарты – сезімдердің байлығы» (Б. М. Теплов)
«Эмоциялар адамның тұрмысында үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып, көрік беріп отырады» (Т. Тәжібаев)

Талқылауға арналған сұрақтар:
Дәйексөздердің мағынасын қалай түсінесіздер?
Сезім мен эмоцияның адам өмірінде маңызы қандай?
Практикалық сабақты бастамас бұрын сезім мен эмоция тақырыбына байланысты білімдерімізді еске түсірейікші:
Эмоция мен сезім туралы жалпы түсінік
Эмоциялар мен сезімдердің айырмашылықтары
Адам эмоциясы мен жануарлар эмоциясының қандай айырмашылықтары бар?
Жоғары сезімдер, оған мысал келтір
Күрделі эмоциялар, оған мысал келтір
Балаларда эмоция мен сезімдер қалай дамып отырады?
Сезім мен эмоцияны қандай жолдармен тәрбиелеуге болады?
1-тапсырма: Үйге берілген практикалық тапсырма әр студент сезім мен эмоцияны зерттеуге, бақылауға, дамытуға, түзетуге арналған әдістеме тауып, оның мақсат-міндетімен, шартымен таныстыру болатын. Енді әр студент өз жұмыстарын қорғайды және осы топта өткізуге болады.
2-тапсырма: Практикалық сабағымыздың барысында әрбір топша атақты суретшілердің бірнеше туындыларын көрсетіп, солардың қандай сезіммен, эмоциямен туындағаны туралы таныстыру қажет.
3-тапсырма: «Менің эмоцияларым» жаттығуы.
Әрбір топтан екі студент шығып, түрлі эмоциямен «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» деп айтулары тиіс. Мысалы: Қатты қуанып тұрған, қорқып тұрған, уайымдап тұрған, ренжіп тұрған, абыржып тұрған, ұялып тұрған кейіпте.
4-тапсырма: Шығармашылық жұмыс: «Дәл қазір сен не сезініп отырсың, көңіл-күйің қандай?» Осы сұрақ бойынша сурет салу және оны қорғау.

ІII. Оқушылардың білімін бекіту және бағалау кезеңі:
Сезімдер мен эмоциялардың айырмашылықтарын кестеге толтырту арқылы оқушылардың білімін бекіту.
Ал енді сабақ соңында бір-бірімізге осы сәттегі эмоциямызды ешқашан ұмытпайтындай әсер қалдыру үшін әр топ қандай да бір әдіспен басқа топтарға жағымды эмоция сыйлаймыз (мысалы: ән айту, тілек тілеу, күлдіргі смайликтер сыйлау, т.б.)
Студенттердің практикалық жұмыстарын бағалау.
ІV. Үйге тапсырма беру кезеңі:
Сезім мен эмоция тақырыбын қайталау.

Шагаева Үміт Рақымбайқызы
Оқытушы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

Жүктеп алу

Share.

Leave A Reply