Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
64 қаралым

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Алтын күз» сабағы

0

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, көңіл-күйді бағалау, жан-жақты психикалық процестерді қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, елестету, кеңістік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Сипап сезу, көру, есту түйсіктерін дамыту.
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, құм терапиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Алтын күз (өлең шумақтары)
III. Сергіту сәті
IV. Күз ата
V. Құм терапиясы
VІ. Тәуелсіздікке 25 жыл (25 жапырақ)
VІІ. Релаксация

І. Ұйымдастыру кезеңі
Армысың, сары алтындай «Алтын күзім»,
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
«Алтын күз» деп өзіңе айдар тағып.
Қош келдің, Алтын күз!
Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесін алтын күздің,
Тақпақпенен бастайық
1-бала:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
2-бала:
Жаңбырың сіркіреп,
Боласың қызық-ау
3-бала:
Сарғайды тоғай,
Сап- сары маңай
Сабаққа қолсебет ұстаған қыз бен, астық жинайтын машина жүргізіп ұл кіреді.
Аруай (себет ұстаған қыз)
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Психолог: Өзіңмен бірге молшылық, тоқшылық ала келдің. Біздің көкөністердің сіздерге арнаған сыйы бар деп қолсебетке көкөністер мен жемістерді жинап саламыз. Рақмет балалар, енді көкөніс, жемістер жайлы өлең шумақтарымызды айтайық.
Пияз: Ерсұлтан
Асханадан шықпаймын,
Атым- пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Сәбіз: Алияр
Өсіремін бойыңды,
Дамытамын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Қызанақ: Нұрислам
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол- мен Қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Қияр: Айболсын
Көктеп ерте өрмелеп.
Өсемін мен бүр жарып.
Атым- қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Картоп: Нұрислам
Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Алма: Алияр
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Психолог: Жарайсыңдар балалар! Балалар күз мезгіліндегі ауа-райында қандай өзгерістер болып тұрады?
Балалар: Суық болады. Ыстық және салқын жел тұрады, жаңбыр жауады.

ІІ. Сергіту сәті:
Балалар, қане жел қимылын, жаңбыр қимылдарын көрсетейікші.
Бір-біріміздің арқамызға тұрып, жаңбыр жаудырамыз саусақтарымызбен, арқамызды сипалап жел қимылын жасаймыз.

III. Күз ата
Балалар табиғатта бар заттарды пайдалана отырып, әртүрлі заттар жасауға болады. Бүгін біз балалар жапырақтардан «Күз Ата» жасаймыз. Жапырақтардан кеудесін, басын, қолын, бас киімін жасаймыз. Қасына себет жасаймыз. Себетке қауынның дәні іші жапырақтары болады. Қане балалар жасап көрейік.

IV. Құм терапиясы
Балалар біз мына көрген жапырақтарымызды енді құмның бетіне өзіміз саусақтың ұшымен салып көрейік. Балалар біз күз мезгілін салып болсақ кешегі сабақта бояған жапырақтарды санаймыз қанша жапырақ шықты 25 жапырақ. Ал балалар биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.

V. Тәуелсіздікке 25 жыл (25 жапырақ)
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 25 жапырақты тек жақсы тілектермен ағашқа ілеміз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын.

Аспанымыз ашық болсын!
Бейбітшілік болсын!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз аман болсын!
Денсаулығымыз мықты болсын!
Бақытты болайық!
Бір-бірімізге мейірімді болайық!
Жағымды қасиеттеріміз көп болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Бауырларымыз аман болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Ұстаздарға мың алғыс!
Төзімді болайық!
Қайратты болайық!
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын анам!
Болайын менде аман!
Оқуда озат болайық!
Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бере гөр!
Өрлегеніміз тау болсын!
Қыдырғанымыз бау болсын!
Жегеніміз қой болсын!
Көргеніміз той болсын!
Тәуелсіздік тірегім!
Сен деп соғар жүрегім!

VІ. Релаксация
Көздеріңді жұмып, ыңғайланып отырамыз. Денемізді бос ұстап, терең, терең дем аламыз. Мен ата-анам, бауырларыммен бірге бау- бақшаға саяхат жасап келдік. Бауда барлық жемістің түрлері, бақшадан барлық көкөністер пісіп жатыр екен. Мен бәрінің дәмін көріп, теріп алдым өте тәтті көкөністер мен жемістер піскен екен. Жердегі шөптердің сарғайғанын байқадым ол күз мезгілінің келгенін білдіріп тұр. Бауырларым мен ата- анам көңілді, мен өзімді жақсы сезіндім? себебі қасымда жақсы көретін жандар бар. Өте қызыққа толы күн болды. Күз мезгілі де өте тамаша, табиғаттың көрінісі әдемі болып тұр. Жәй ғана көзімізді ашып нені елестеттіңдер айтып беріңдер.
Сабақ ұнады ма балалар? Сабақта қандай нәрселерді көрдіңдер?
Жарайсыңдар балалар! Сабаққа өте жақсы қатыстыңдар менің сыйлығымды қабыл алыңдар!

Жандарбекова Нұржамал Жақыпбекқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының
«Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы

Share.

Leave A Reply