Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:

+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

246 қаралым

«Тәрбие басы тал бесіктен» тренингі

0

Мақсаты. Ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі.

— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: “Тәрбие басы тал бесіктен”деп аталады.

Тәрбие бесіктен басталады. Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышка ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдык өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасының, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға үйрету.

Оқудың, білім алудың, мәдени мінезін – құндылыққа әдет-дағдыларын калыптастыру. Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыкка, сергектікке естелікке т.б. баулу.

1-жаттығу. «Кішкентай адам»

Қуыршақ терапиясы элементтерінің бірі «Кішкентай адам» жаттығуын пайдаланып, ата-аналарды өздерін және балаларымен таныстыру. Әр ата-ана сулықтан өз қуыршағын, өз бейнесін жасайды, қай жерде туғаны, неше баласы бар екендігі, қандай отбасында өмір сүретіндгі туралы шағын әңгімелеу.

2-жаттығу. «Қызықты сұрақтар»

Балаларға сұрақтар:

Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?

— Үйдегі адам саны қанша?

— Бауырың неше жаста?

-Үйде ыдысты кім жуады?

— Үйді кім жинастырады?

— Таңертең сені кім оятады?

Ата-аналарға сұрақтар

— Балаңыздың туған күні қашан?

— Балаңыздың ең жақын досы кім?

— Бос уақытын қалай өткізеді?

— Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?

— Балаңыздың арманы не?

3-жаттығу. «Баланың денесінің суретін бірігіп салу»

Мақсаты: Бала мен ата-ана арасындағы демократиялық қарым-қатынасты бекіту; Баланың өзін-өзі бағалауды және қабылдауды сезімдік қатынастар арқасында жоғарылату.

Жаттығу бала-ата-ана жұптарымен орындалады. Еденге 1,5 метрдей түс қағаз жайылады. Соның үстіне бала жатады да, ата-ана оның денесінің шетімен қағазға сызады. Содан кейін бала тұрады және ата-анасымен бірге сызылғанның ішін бояйды, бұл жерде бала басқарушы рөлді атқарады, әр бөлікті қандай түсте болатынын ол шешеді. Жұмыс соңында салынған сурет талқыланады.

4-жаттығу: «Эмпатиялық би» этюді

Мақсаты: дуэттік өзара әрекет үрдісінде көңіл-күйінің үйлесіміне жету және мазасызданудан арылу.

Шарты: жұпқа бөлініңіздер, әріптестерінің қолдарының арасына қарандаш қойылады. Бірлесіп билеу кезінде қарындашты жібермей, би үйлесіміне жету керек.

5-жаттығу. «Біз сіздермен бір отбасымыз» жаттығуы.

Мақсаты: Топ, ұжымдағы жағымды ахуал орнату, конфликттен кейінгі жағымсыз дақты жою.

Мазмұны: Қатысушылар жүргізушінің айтқан сөздерін және қимылдарын қайталайды.

Біз сіздермен бір отбасымыз.

Мен және сен.

Оң жақтағы көршіңді құшақта, сол жақтағы көршіңді құшақта.

(Кезекпен оң жақтағы, сол жақтағы көршілерін құшақтайды)

Біз сіздермен – доспыз!

Мен және сен.

Оң жақтағы көршіңді қытықта, сол жақтағы көршіңді қытықта.

(Кезекпен оң жақтағы, сол жақтағы көршілерін қытықтайды)

Біз сіздермен бір отбасымыз.

Мен және сен.

Оң жақтағы көршіңді ақырындап шымшыла, сол жақтағы көршіңді ақырындап шымшыла.

(Кезекпен оң жақтағы, сол жақтағы көршілерін шымшылайды.)

Біз сіздермен бір отбасымыз.

Мен және сен.

Оң жақтағы көршіңді бетіне сүй, сол жақтағы көршіңді бетінен сүй.

(Кезекпен оң жақтағы, сол жақтағы көршілерін сүйеді.)

Енді қасымыздағы көршілерімізге алғыс айтады.

6-жаттығу. «Менің қолым»

Балалар өздері қолдарымен дайындаған арнайы жапсырманың бетіне акварелді бояу арқылы өз қолдарының іздерін салып, ата-аналарына тарту етеді.

Қорытынды.

Таева А.

Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылындағы

«Ақбота» балабақшасының психологы

Share.

Leave A Reply