Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
852 қаралым

Тәрбиешілерге арналған тренинг

0

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек.
Мақсаты: Тәрбиешілерді жаңашылдыққа инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибиесіне енгізе отырып логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қабілетін арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік патриотизм және педагогикалық ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту, өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. Балалармен жақсы қарым-қатынаста болу, балалардың бейімделу үрдісімен слайд арқылы танысу, бейімделудегі қиыңдықтарын танып білу.
Түрі: Психологиялық тренинг сабағы.
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, релаксация, ой бөлісу және пікір алмасу.
Көрнекілігі: Компьютер, слайд, бейнежазба, А4, түрлі-түсті қарындаштар.
Тренинг ережесі: белсенділікті арттыру, сурет салу арқылы қандай жұмысшы екенін анықтау, өз ойын ашық айта білуге үйрету.

Тренер сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер, бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз шығармашылық қабілетіңізді бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға,балалардың бейімделу үрдісін танып-білуге арналған «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» атты тренинг сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Шаттық шеңбері, «Ол қандай адам?» релаксациясы.
Релаксацияны бәріміз бірге орындауға шақырамын.

2. Релаксация «ол қандай адам?» деген сұрақ қойды, осыған байланысты сіздермен «Әріптесіңді танисың ба?» ойын тренингі: бір әріптесінің аты жазылған қағазды алып, сол адамның атын айтпай сипаттап пародия келтіреді, ал басқа әріптестері оның кім екенін табуы керек.
Енді атомдар, молекулалар ойыны арқылы бес-бестен топқа бөлініп отырамыз.

Негізгі бөлім:
3. Сіз қандай жұмысшысыз?
Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз осы суретті аяқтау, оның сыртқы келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Бұл тесте жылқы өзіңіз. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
Жауабы: -Егер сіз жылқының сырт келбетін басты назарға алсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз) онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз.
Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, ауызын, кекілін салсаңыз) онда сіздің жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер басым.
Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, сіз жұмысыңызға өте жауапкершілікпен қарайтын, әр-бір іс әрекетіңізді бақылап, қадағалап отыратын мамансыз, бірақ сіздің жаныңызда жұмыс істеу басқалар үшін қиың болып табылады.

4. Суреттегі ой: экраннан суреттер көрсетіледі, осы суреттерге байланысты әр топ өзінің ойын, түсінгендерін айтып ой бөліседі.
а. Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ бейнеленген.
Тәрбиешілер ойы:
Талдау: біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда, өзге 3 саусағымызбен өзімізді көрсетіп тұрамыз, бірақ оны аңғара бермейміз Ендеше әлдекімді кінәлағанда өзіміздің кінәміз бар ма жоқ па осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Қателікті өзгеден емес өзімізден іздейік.
ә. Допқа таласып жатқан балалар.
Тәрбиешілер ойы:
Талдау: ұлағатты тәрбиешілер бәріне бірдей шуағын төгу керек.
б. Тапсырма: ақ қағазға кішктай қара нүкте салынған, не көріп тұрғандарыңызды айтыңыздар.
Талдау: ақ қағазды көргендер жақсылықты көретіндер, ал қара нүктені көргендер жаманшылықты тез көретіндер екен. Енді сол нүктеден бастап сурет саламыз.
Талдау: Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай болады, сол қағазға ата-анасымен біздің салған бейнеміз қандай болса сол бейне балада қалыптасады.

Сергіту сәті
Жаз айы, күн өте ыстық, келе жатыр едім алдымнан үлкен алма ағаш кездесті. Күннің ыстығына шыдамай әлгі алма ағаштың түбіне отыра кеттім. Басымды жоғары көтеріп едім бір алманы көрдім. Орынымнан түрегеліп әлгі алманы алайын деп оң қолымды созып едім қолым жетпеді, екі қолымды бірдей көтеріп, ұмтылып тұрып әлгі алманы жұлып алдым. Кенеттен бір аттың шауып бара жатқан дыбысы естілді. Бұрылып қарап едім қара жорға шауып барады екен. Қара жорға биіне бірге билейміз.

5. Балалардан нені үйренеміз бейне жазбасы.
Яғни біз балалардан шынайы күлуді, қуануды, үйренуге ұмтылуды, бір орында отыра бермеуді т.б жақсы қасиеттерді үйренуімізге болады екен.

6. Бейімделу слайды
Мақсаты:
Мектепке дейінгі мекемеде баланың балабақшаға жеңіл бейімделуіне ықпал жасау.
Баланың бейімделу сипаты және оның өзгерген өмір жағдайына деген әсерінің айқындылығы деңгейін келесі факторлар анықтайды:
Баланың жасы
Жеке психологиялық ерекшеліктері
Жүйке жүйесі үдерістерінің (әлеуметтену деңгейі) алдында болған жаттығуының болуы(немесе болмауы)
Баланың жас ерекшелік дамуы мен денсаулығы жағдайының деңгейі.
Дәстүрлі түрде бейімделудің үш түрін бөледі: жеңіл, орташа, ауыр.
Жеңіл (қысқа мерзімдік) бейімделу 2-4 апта,
Орташа бейімделу 4-6 апта,
Ауыр (ұзақ мерзімдік) бейімделу 6 аптадан 9 айға созылуы мүмкін.
Тіпті жақсы бейімделудің өзінде де баланың алғашқы кезде тәбеті төмен болуы мүмкін. Шамадан тыс сақтықта , ол ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмайды, алаңдап, тынышсыз ұйықтайды. Бала өзі үшін дағдылы әрекеттерді орындай алмайды. Бірақ тәрбиешілер мен ата-аналар психологиялық регресс бұл – бейімделуші ағзаның қалыпты реакциясы екенін білуі керек.
Бала бейімділігінің сипаты көбіне, ата-ананың және тәрбиешінің балабақша туралы не айтатындықтарына байланысты болады. Балада балабақшаға баруға деген жағымды қарым-қатынасты ата-ана айтса, сондай-ақ бала балабақшаға келген кезде кездесетін адекватты ұғымды тәрбиеші қалыптастыру керек.

7. Бәрі өз қолыңда бейне жазбасы.

8. Рефлексия
Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? Тренингтен қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу.
— «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген Ә. Науаи.
Шеңбер бойына тұрып жүректі үлестіріп бір-біріңізге тілек айтыңыздар.

Қорытынды. Адам өмірінде екі нәрсе ұмытылмайды екен, біріншісі- қайырымды ісі, екіншісі жүректен шыққан жылы сөзі.

Абилкасимова Гульжан Балтагалиевна
Педагог-психолог,
№6 «бөбекжай-балабақшасы, Аягөз қаласы

Share.

Leave A Reply