Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89

Тәрбиелік іс-әрекеттегі психология

0

Картбаева Гульжамал Тиекбаевна, 
№7 орта мектеп педагог-психологы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау облысы

Жалпы мақсаттар: адам мен топтың жағдайын, қарым-қатынасын және қасиеттерін түсіну мен жорамалдау қабілеттілігін жетілдіру. Түсінудің ең маңызды талаптарының біріне адамның табиғаты ерекшеленетін белгісі, білімі және психологиялық феноменін жоғары деңгейде сезіну.
Міндеттері:
— адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
— өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
— өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
— белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру.
Жеті модуль: 7-модульде
Тапсырмалар
«Танысу тренинг» (5 минут).
1-слайд «Дәйек сөз» (5 минут).
2-слайд «Мен концепциясының ауқымы» (5 минут).
3- слайд «Тәрбиелік іс-әрекеттегі психологиялық тәжірибенің құрамдас бөлігі» (5 минут).
4-слайд «Тәрбиелік іс-әрекеттегі психологияның өзін-өзі тану, тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері» (5 минут)
«Рефлексия» (5 минут)

Тренердің іс-әрекеті
Тренинг бойынша тренердің жазбалары: тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
— Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» — ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі психологиялық тренинг психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

Ережемен таныстыру.
— Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
/Психолог 1-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқанға белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. «Басынан» «Аяғына» дейін белсене қатысу.

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
ІV. Қорытынды бөлім.
«Кері байланыс»

1-СЛАЙД. “Бұл өмірдің мәні сіз бен біз емес пе?”
Бөлтірік шешен.
«Қарт шешеннен: Өмірдің мәні не: бала ма, бақ па, дәулет пе?»- деп сұрағанда, ол былай деп жауап берген екен: «Бала деген артта қалған із емес пе, бақ деген аспанда қалықтап ұшқан құс емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе? Бұл өмірдің мәні сіз бен біз емес пе?!» Ата-бабамыз аспан және ғарышпен, тау мен таспен, су мен топырақпен, адамдар мен басқа да тірі пенделермен де «сіз бен біз» қарым-қатынасын өмірдің негізгі құндылығына айналдырған.
Сіз бен біз бұл адамның өзара әрекет қарым-қатынасы.
Ал қарым-қатынас дегеніміз – жеке тұлғаның психологиядағы өзін-өзі тануға яғни адамгершілікке үйренудің негізгі құралы.
2-СЛАЙД. Мен концепциясының ауқымы
Шын мәнінде мен қандаймын деп бейнелеуі.
Идеалды Мен, немесе мен қандай болғым келеді.
Мен бейнесі немесе басқа адамдар мені қалай қабылдайды.
1. Балалардың адамгершілік пікірлерінің дамуына ересектер, әсіресе педагогтар ықпал ете алады. Бір деңгейден жоғары деңгейге табиғи жолмен ауысуы бірнеше жылға созылуы мүмкін, бірақ бұл процесті жылдамдатуға болады.
2. Баланың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мынадай шарттар қажет:
а) моралдық таңдау;
ә) әлеуметтік рөлдердің ауысуы;
б) тәжірибеде игерген адамгершілік сенім мен әдептілік білімдерді қолдану.
3. Жағымды жағдайларда баланың адамгершілік дамуы жағымды сипатқа ие болады, яғни моралдық жағынан азу кездеспейді.
3-СЛАЙД. Тәрбиелік іс-әрекеттегі психологиялық тәжірибенің құрамдас бөлігі.
1. Денсаулық тәрбиесі
2. Қарым-қатынас тәрбие
3. Еңбек, бос уақыт тәрбиесі
4. Оқу, ақыл-ой тәрбиесі
5. Рухани -адамгершілік тәрбиесі
6. Отбасы тәрбиесі

1. Психологиялық физикалық даму тәжірибесі
2. Жеке тұлғаның құндылықтарын дамыту тәжірибесі
3. Кәсіптік, ағарту еңбек іс-әрекетінің тәжірибесі
4. Танымдық зияткерлік іс-әрекет тәжірибесі
5. Адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесі
6. Отбасымен мәдени ынтымақтастық

4-СЛАЙД. Тәрбиелік іс-әрекеттегі психологияның өзін-өзі тану, тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері.
1. Өзін өзі тану
Өзін-өзі бақылау
Өзін-өзі талдау
Өзін-өзі бағалау
2. Өзін-өзі басқару
Өзін-өзі сендіру
Өзіне бұйрық беру
Өзімен-өзі сырласу
3. Өзін-өзі ынталандыру
Өзін-өзі таныту
Мадақтау
Мақұлдау
Сергіту «Сағат тілі» жаттығуы
Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бейнеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
1. … Қолын қысыңыз
2. … Арқасынан қағыңыз
3. … Күлімсіреңіз
4. … Қол бұлғаңыз
5. … Көзіңізді қысыңыз
6. … Мақтау сөз айтыңыз
7. … Бір тілек айтыңыз
8. … Басынан сипаңыз
9. … Массаж жасаңыз
10. … Жай ғана мейіріммен қараңыз
11. … Құшақтаңыз
12. … Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

Рефлексия
Оқушылар шеңбер құра отырады да, әрқайсысы кезекпен кезек ала отырып өз ойларын білдіреді:
— Өзің жаңадан не білдің?
— Жасаған әрекеттердің қайсысын өмірде қолданасың? Не үшін?

Сілтеме. Психологиялық тренингтер жинағы.

Share.

Leave A Reply