Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
157 қаралым

Тимоти Лири

0

Timoti LiriТимоти Лири (ағыл. Timothy Leary; 22 қазан 1920 — 31 мамыр 1996) — аса көрнекті америкалық жазушы, психолог, психоделикалық препараттарды зерттеу кампанияларына қатысушы, бағдарлама құрастырушы (индексацияланған алғашқы ЭЕМ психологиялық тесттердің бірі).

Өмірбаяны
Тимоти Лири Массачусетс штатындағы Спрингфилдте дүниеге келді. Алабама, Беркли университеттерінде білім алды. 1960 ж. көктемінен бастап Гарвардта дәріс оқыды.
1957 ж. АҚШ-тың арнайы қызметінде әлі күнге дейін қолданыста бар «Лиридің тұлға аралық қарым-қатынас тесті» психодиагостикалық әдістемесін құрастырды.
Оған жанжалды танымалдылық психика мен адамның жүйке жүйесіне психоделиктердің әсерін зерттеу арқылы келді. Психоделиктерге (әсіресе ЛСД) заңмен тыйым салынғанда оның зерттеулері шарықтау шегіне жеткен кезі еді. Эксперименттерді тоқтатуға тура келді, бірақ Лири психоделиктерден бас тартпақшы емес-ті, сол себепті ол кәсіби мансабы мен академиялық ғалым беделін зерттеулер үшін құрбан етті.
Лири «хиппи» қозғалысы қызған кезде аса танымалдылыққа ие болды. Уақыт өте келе оны «ЛСД-гуру» деп атай бастады. Өзінің басынан өткен психоделикалық тәжірибесі Лириге өшпес әсер қалдырды. «Сұлулық пен жан түршігерлік қорқыныш, құдай мен әзәзіл менің санамнан тыс, бірақ менің ішімде екенін, бір сәтте сезіндім, — деп жазды ол. Он бес жылдық кәсіби практикаға қарағанда, төрт сағаттың ішінде адам санасының жұмысы жөнінде көп білдім». Лири психоделиктерді белсенді насихаттады, дәрістер оқып, адам санасының шекарасын кеңейтуге арналған қызықты кітаптар жазды.
1970 ж. АҚШ-тың Жоғарғы Соты Тимоти Лири доктордың ұсынысы бойынша марихуанаға салық салу конституцияға қарсы дегенді мойындады. 1970 ж. оған нашаны сақтау және қолдану жөнінде айып тағылып, тұтқындалып, 38 жылға абақтыға қамалды. Ол түрмеден қашып, Швейцарияда жасырынды, бірақ онда басына пана таба алмаған соң, Тимоти Ауғанстанға қашуға мәжбүр болды. Аэропортта тұрған жерінде Лири ұсталып, тағы да абақтыға қамалды (1972), ол жерден тек 1976 ж. – заңды түрде босап шықты.
1980 жылдары Лири компьютерге әуестенді, ол ЛСД-ның орнын басты, тіпті бірқатар бағдарламалық өнімдер жасап шығарды. Тимоти Лири 1966 ж. 31 мамырда простата қатерлі ісігінен дүние салды. Жан тәсілім етер сәті Лиридің өзінің өтініші бойынша бейнекамераға түсірілді. Өлім алдындағы Лиридің айтқан соңғы сөзі «Неге болмасқа?» болды.
Оның өмірбаяншылары, Лири өзінің жарқын да қайнаған өміріне мыңдаған өмірді сыйғызып, көптеген қырынан танылды деп айтады. «The Realist» журналына берген сұхбатында айтылған «Әркім қандай Тимоти Лириге лайық болса, сондайын алады» деген сөзі танымал фразаға айналды.
Ағылшын жазушысы Олдос Хаксли (ол да «сананы кеңейту» теориясының жақтаушысы болатын) оның көзқарастарымен келісетін-ді. Олдос Хаксли мен Тимоти Лиридің хат алысуын «Болашақпен Еліктіру» кітабынан табуға болады. Оның шығармашылығы көптеген танымал адамдардың, көзқарастарына ықпал етті, оның ішінде Роберт Уилсон мен Роберт Турман бар.

Библиография
1957 The Interpersonal Diagnosis of Personality
1964 The Psychedelic Experience
1965 The Psychedelic Reader
1967 Psychedelic Prayers from the Tao Te Ching
1968 High Priest
1968 Politics of Ecstasy
1971 Jail Notes
1973 Confessions of a Hope Fiend
1973 Neurologic
1976 What Does WoMan Want?
1977 Exo-Psychology
1979 Intelligence Agents
1979 The Game of Life
1982 Changing My Mind — Among Others
1983 Flashbacks
1995 Surfing the Conscious Nets
1995 Chaos & Cyberculture

Share.

Leave A Reply