Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
95 қаралым

Тамыр туралы өсиет әңгіме

0

Бір орманның жанындағы өзеннің жиегінде ағаштар өсетін еді, олар күшті және биік өсуге және әдемі гүлдері мен қалың жапырақты болулары үшін бар күштерін жұмсайтын.
Әлбетте, олардың тамырды дамытуға күштері қалмады, олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді…
Сол өздерінің биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін-ді.
Ол бар күшін тамырға жұмсады.
Барлығы оның үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.
«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы. Бізді бәрі үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».
Ал лавр болса былай жауап беретін:
«Мен одан да өз күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін».
Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.
Бірде қатты жел соғып, сол ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалқаны болмаса, аман қалды.
Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы, жүрегіміздегі, жан-дүниеміздегі күшіміз сақтап қалатынын түсінді.

Share.

Leave A Reply