Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Журналға жазылу үшін хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
69 қаралым

Сүйіспеншілік

0

Муканова Жанылган Темиртасовна,

Педагог-психолог, № 37 «Өркен» бала бақшасы МКҚК, Көкшетау қаласы, Ақмола облысы


 

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау. Бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету. Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету.

Шаттық шеңбері.  Сәлемдесу.

Мынау сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Армысың алтын күн! –деп,

Күнге қол бұлғайық балалар!

Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады.

— Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Балалар шеңбер құрып отырады. 

— Балалар, біз біреуді немесе бір нәрсені жақсы көреміз, солай емес пе ?

— Мысалы мен өзімнің отбасымды, жұмысымды және тәтті жегенді жақсы көремін, ал сендер ше?

(Балалар допты бір-біріне бере отырып, не жақсы көретінін айтады.)

— Жарайсыңдар, рахмет.

Балалар, мен қуанғанда немесе біреуді жақсы көргенде сондай бақыттымын.

— Бақыт –деген не?
— Балалар, кім өзін бақыттымын деп айта алады?

Ойланып жауап берулеріңді сұраймын.

— Бақытты болу үшін не қажет?

(Бала үшін үлкен бақыт –ол ата-анасының қасында болғаны).

— Қалай ойлайсыңдар, ата-аналарыңа бақытты болу үшін не керек?

— Балалар, «бақытты» қандай түспен бейнелеуге болады?

— Осы сөзге қандай әуен жарасады?

— Ал қамыққан, көңілсіз сәттерде, өзіңді бақыттымын деп сезіне аласың ба?

— Ал, қуанышты сәттеріңде бақыттысыңдар ма?

— Егер қорқынышты жағдайға тап болсаң, бақыттымын деп айтуға бола ма?

Ойын: «Қарама-қарсы сөздерді ата»

Көңілсіз — көңілді

Ақырын – жылдам

Сау бол- ….

Жаман- ….

Дос-….

Ой тастау:

— Айналаңдағы адамдарға сенімен жақсы, жайлы, бақытты болу үшін не істер едің?

Ойын: «Сүйіспеншілік пирамидасы».

Мақсаты: Әлемге, достарына, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауға, қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Ойынның барысы:

— Ал енді, қолдарымыздан сүйіспеншілік пирамидасын жасап көрейікші.

— Қалай жасайтынымызды білесіңдер ме ?

— Ол үшін ортаға қолдарымызды бірінің үстіне бірін қоямыз да, нені жақсы көретінімізді айтамыз.

— Мен балмұздақты жақсы көремін,

— Мен анамды жақсы көремін,

— Мен сурет салғанды  жақсы көремін,

— Мен әжемді жақсы көремін,

— Мен ата-анаммен серуендегенді жақсы көремін.

— Балалар қолдарыңның  жылулығын сезіп тұрсыңдар ма?

— Балалар, біздің пирамидамыздың қандай биік, әрі берік болып шыққанын көрдіңдер ме? – деп аяқтайды.

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық- деп жаттығу соңында балалар бір-біріне  жақсы тілектер айтып қоштасады.

Share.

Leave A Reply