Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журнал

Барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыз:
+7 777 1461414 +7 717 242 05 89
276 қаралым

«Сенім – менің серігім» психологиялық тренинг-сабағы

0

Ж. Құрбанова,

Кітапханашы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы

 

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады,

бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе

жеке іс-қимылға шақырады –

яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Б. Момышұлы.

Сенім жеке адам өмірінің ұстаным беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім – дұрыс іс-әрекет кепілі. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Сондықтан да, ол адам өмірін толық қамтиды. Нәтижесінде, жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.

Адамның өз-өзіне деген сенімділігі тұлға ретінде өте маңызды болып келеді, өзінің жеке пікірі болады, өзінің сезіміне сене алады. Балалар үлкендермен, өз замандастарымен тілдесу арқылы басқа адамдармен өмір сүруді үйренеді, қоғамдағы тәртіп ережелерін меңгереді.

Әдетте, балалардың өз жолдастарымен бірігіп жасаған қызметі арқылы тілдері, жаңа іскерлік қасиеттері, білімдері дамиды; мінезі, рухани құндылықтары қаланады. Сондай бірігіп жасалатын қызметтің бірі – психологиялық тренинг сабақтар. Бұл сабақтардың маңызы өте зор. Тренинг сабақтар балалардың оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін жоғарылатады.

Міне осындай мақсатқа Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында мүмкіндігі шектеулі балалардың моторикасын дамыту бағытында «Сенім – менің серігім» атты психологиялық тренинг сабақ өткізілді. Сабаққа Естімейтін балаларға арналған №2 мектеп-интернатының 4 сынып оқушылары қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты: балалардың сенімділігін, мінез-құлқын, эмоциялық ерік аймағы дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру. Өз-өзіне сенімін арттыру. Мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту. Сенімділік туралы білімдерін жаттығулар арқылы нығайту. Балалардың үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға және әркім өз тағдырына жауапты екенін айта отырып, өмір заңдылықтарына төзімді, шыдамды етіп тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар шеңбер болып отырып, амандасу, алғыс айтуды психологтың көмегімен жүзеге асырды.

Сонымен қатар, «Сенімділік» атты жаттығуы ойнатылды. Бұл жаттығудың ережесі: балалар алдарына берілген екі беттен тұратын жүрекшенің бір жағына жағымды, бір жағына жағымсыз қасиеттерін жазады. Жағымсыз жақтарыңыз осымен кетсін дегендей, жыртып қоқыс жәшігіне тастайды. Ал жағымды жақтары жазылған жүрекшені кеуделеріне іліп қояды. Бұл жаттығу балалардың бойларына жағымды қасиеттер ғана қалды деген сенім ұялатады. Тағы бір жаттығуымызда шарға «Сенім» деп жазылып шеңбер бойынша балалар шарды ұстап бұл өмірде кімге сенерін айтып шығады. Ойын нәтижесі бойынша балалар өз өмірлерінде 52 % ата-аналарына, 22% өздеріне, ал 18% мұғалімдеріне сенетінін мәлім болды.

Сабақ соңында балалармен «Жүректен жүрекке» атты ойын өткізілді. Ойынның мақсаты оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, жүректерінде мейірімділікті ояту болатын. Ойынның ережесі бойынша балалар топ-топқа бөлініп, үлкен ақ түсті жансыз, соқпайтын жүреккке, жан бітіріп, тіршілік беру, кішкентай жүрекшелерді үлкен жүрекке тапсыру болатын. Яғни, балалар жүректі пазл арқылы жинайды. Үш топтың балалары жүректі тез жинап өздерінің жақсы көретін мұғалімдеріне сыйлады.

Психолог сабақты мына өлең жолдарымен қорытындылады:

·  Мен өзіме сенемін /балалар қолын жүрегінің тұсына қояды/

·  Мен саған сенемін /балалар қолын көрші баланың иығына қояды/

·  Сен де өзіңе сенесің /балалар қолын көрші баланың иығына қояды/

·  Және мен де өзіме сенемін /балалар қолын жүрегінің тұсына апарады/

Share.

Leave A Reply